Қарқын
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Теміржол желісі жаңғырып, даму қарқыны артты
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешу қажеттігіне назар аударды. Президент тапсырмасын орындау аясында көлік-логистика әлеуетін дамытуға арналған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Маусым, 2025
Жамбыл облысында химия өнеркәсібі қарқынды дамып келеді
Отандық химия өндірісі, оның ішінде химия өндірісінің Әулиеата өңіріндегі қалыптасу жайында сөз қозғағанда оның тамыры терең тарихына тоқталмай кетуге болмайды. Бұл өндірістің іргетасы облыстың құрылуымен тікелей байланысты. 1939 жылдың соңына таман шаңырақ көтерген облыстың алдында қыруар міндет тұрған болатын. Сол тұста орыс геологтары И.Машкара мен П.Л.Безруков Қаратау қойнауынан фосфор кенінің ірі қорын анықтап, 1,5 миллиард тоннаға жуық фосфор кенін барлап, толық сараптамасын жасаған. Осындай табиғат берген байлықты игеру аймақтың тағдырын түбегейлі өзгертіп, облыстың даңқын асқақтата түсті, деп жазады Egemen.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Тасқынға тосқын: Атырауда қызыл сумен күрес қарқынды жүріп жатыр
Атырау маңындағы Зарослый аумағында 4 шақырым жерге бөгеттер қойылды. Қаланы тасқыннан қорғау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Ақпан, 2024
Үкімет жаңа қарқынмен жұмыс істеу қажет - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан жасақталатын Үкімет шұғыл, маңызды шешімдер қабылдап, елдегі бірнеше түйіткілді мәселелерді шешу керек екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2021
Қостанай облысының Меңдіқара ауданына қарасты Қарқын ауылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Кәмшат Дөненбаева мен Сайран Бұқанов сынды екі бірдей Еңбек Ері шыққан шағын ауылдағы мереке барысында биылғы еңбек маусымында жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген еңбеккерлерге құрмет көрсетіліп, «Жылдың озат механизаторы», «Өндірістің ең үздік маманы», «Озат малшы» аталымдары бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Аймақтар • 18 Шілде, 2020
"Әзірет Сұлтан" қорық-музейін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Мәдениет және спорт министрлігі, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, зерттеу және оларды туристік орталыққа айналдыру мақсатында 18 тарихи-мәдени нысанды қайта жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыруда, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.