энергия
Үкімет • 30 Қаңтар, 2026
Павлодар облысында тозығы жеткен 37,1 шақырым жылу желілері жаңғыртылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, көмір генерациясын дамыту және экономика мен халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабу үшін жаңа қуаттарды іске қосу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақты жұмысын және энергетика мен көмір өндіруде цифрлық шешімдер енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Көкшетаулық студент энергия өндіретін велотренажер ойлап тапты
Телефоныңызды қуаттауды ұмытып кетсеңіз, енді спортпен шұғылдануға тура келеді. Көкшетаудың саябақтары мен Бурабай, Зеренді курортты аймақтарына энергия өндіретін, яғни телефон қуаттайтын велотренажерлар қойылмақ. Бұл жобаны Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті бір жыл ішінде жасап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 28 Қаңтар, 2026
Қазақстанда төрт «жасыл» электр стансасы салынады
Бүгін Мәжіліс 2024 жылдың 12 қарашасында Баку қаласында қол қойылған Қазақстан және Қытай арасындағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Ақтауда электр энергиясы уақытша өшіріледі
«АУЭС» МКК Ақтаудағы шағынаудандардың бірінде электр энергиясы уақытша өшірілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Бірнеше атом станциясын салу – тарихи олқылықтың орнын толтыру
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында елімізде сенімді энергия көзін қалыптастыру мен бірнеше атом станциясын салу туралы ойын ортаға салды. Президент пікірінше, суперкомпьютерлерге, дата-орталықтар мен автоматтандырылған өндіріс кешендеріне өте көп энергия қажет. Бұл өз кезегінде жаңа жаһандық технологиялық құрылыстың басты талабы болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі жұмысын бастады
Атом энергиясы жөніндегі агенттікте ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) бірінші отырысы өтті. Агенттік атом ғылымы мен технологияларды дамыту саласында тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық орган ретінде жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Желтоқсан, 2025
Күн бетінде алапат жарылыс тудыра алатын энергия жинақталып жатқан болуы мүмкін
Жерге екі тәулік бұрын бет бұрған оңтүстік күн дақтары тобы биылғы жылы ең үлкен көлемге жеткен. Кешеннің жалпы аумағы бүгін таңертең 1600 бірлік болып өлшенді. Бұл көрсеткіш XXI ғасырдағы ең ірі дақтар топтарының шамамен 60%-ы (шамамен 2800 бірлік) болса да, 2025 жылдың мамырында тіркелген 1200 бірлік рекордын (аймақ №4079) бірден үштен бірге жаңартып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Өрттен қалай сақтануға болады?
Электр энергиясы өмірімізді жеңілдететіні мәлім, алайда тұрмыстағы өрттердің әр үшіншісі дәл соның салдарынан болады екен. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бірнеше қарапайым ережені сақтасаңыз мұндай қауіптің алдын алу оңай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 06 Қараша, 2025
Қалдықтан энергия алудың мүмкіндігі қандай?
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd» ЖШС және «East Hope» ЖШС қалдықтарды энергияға айналдыра отырып кәдеге жарату зауыттарын салу бойынша Астана және Шымкент қалаларында инвестициялық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 28 Қазан, 2025
Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды
Финляндия Президенті Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол қойылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 28 Қазан, 2025
Өтпелі кезеңнің энергетикасы: Қазақстан болашақтың тұрақты энергия жүйесін қалай құрып жатыр
Алматыда өтіп жатқан Powerexpo Almaty 2025 сарапшыларының айтуынша, энергетикадағы «тұрақтылық» ұғымы тұрақтылықтың синонимі болудан қалды. Бұл жүйенің сұраныс ауытқуларына, технологиялық іркілістерге және климаттық тәуекелдерге бейімделу қабілеті ретінде жиі түсіндіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 28 Қазан, 2025
Қазақстанда 2029 жылға қарай электр тапшылығы жойылады
Еліміз алдағы төрт жылда энергетика саласын айтарлықтай күшейтіп, 2029 жылға қарай электр энергиясы бойынша толық қамтамасыз етілген әрі экспортқа әлеуеті бар мемлекетке айналуды көздеп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 16 Қыркүйек, 2025
Қазақстан атом энергетикасының жаңа даму кезеңін жариялады
Вена қаласында өткен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) 69-шы Бас конференциясында еліміздің Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев сөз сөйлеп, Қазақстан бейбіт атомға, жаһандық қауіпсіздікке және тұрақты дамуға бейілділігін растады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 21 Тамыз, 2025
Қазақстанның энергия компаниялары кірістерінің тек 7% жаңғыртуға жұмсады
«Энергокомпанияларддың кірістері қайда кетеді» деген айтыла-айтыла сарытіс болып кеткен сауалға агенттік бір-ақ ауыз сөзбен жауап береді. Табыстың 7 пайызы жаңғыртуға жұмсалып келген, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 21 Тамыз, 2025
Президент тапсырмасы: елімізде 10 энергоблок пен 63 қазандық жаңғыртылып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Мамыр, 2025
Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Мамыр, 2025
Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы талқыланды
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясымен кездесу өткізді. Миссияны Қазақстан бойынша жаңадан тағайындалған жетекші – Али Аль-Эйд бастап келді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Сәуір, 2025
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің орынбасары тағайындалды
Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 25 Сәуір, 2025
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімдерімен Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 24 Сәуір, 2025
Ғалымдар кофе қалдығынан энергия алынатынын дәлелдеді
Әдетте біз кофені тек ішеміз, яғни сусын ретінде ғана пайдаланамыз. Ал отандық ғалымдар кофенің қалдығы энергияның жаңа көзі болатынын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қараша, 2024
Уақыт белдеуінің өзгеруі халықтың энергия тұтынуына әсер етті ме
Қазақстанда уақытты бір сағатқа артқа ауыстыру электр жүйесінің жұмысында ешқандай үзіліс немесе тұтынушыларға шектеулер тудырмады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 12 Қараша, 2024
Мектеп оқушысы ғарышкерлерге арналған құрылғы ойлап тапты
Абай облысының 9-сынып оқушысы Нұрали Амангелдиев 2 жылдан астам уақытын жұмсап, инновациялық құрылғы ойлап тапқан, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 04 Қараша, 2024
Абай облысында мектеп оқушысы инновациялық жоба жасады
Абай облысы, Бородулиха ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Жеңіс Божаев күн энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану мүмкіндіктерін зерттейтін құрылғы жасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум 2024 • 26 Қыркүйек, 2024
Сенатор: Бізде АЭС салуға объективті алғышарттар бар
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бауыржан Қаниев Шалқар ауданының тұрғындарымен кездесіп, елімізде атом электр станциясын салу жөніндегі алдағы референдум тақырыбын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум 2024 • 26 Қыркүйек, 2024
Түркістандықтар энергия тапшылығы алаңдататынын айтты
Сенат депутаттары Әли Бектаев, Дархан Қыдырәлі және Алишер Сатвалдиев Түркістан облысындағы Сайрам ауданында болып, «Манкент шипажайы», «АХБК» және «MANKENT CLINIC» ЖШС кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2024
Болашақтың энергиясы: АЭС салынатын орын қалай таңдалады
Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен азаматтық ұйымдар өкілдерінің басын қосқан Халықтық штаб құрылды. Бүгінде әр өңірде Президент идеясының мәні мен маңызын талқылау қарқынды жүргізіліп жатыр.
Экология • 07 Маусым, 2024
Алматыда энергияны үнемдеуге арналған конференция өтті
Энергетиктер «Жасыл экономика» тұжырымдамасы аясында энергия тиімділігін арттыру мәселесін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 03 Маусым, 2024
Елімізде электр энергиясын сақтау жүйесі пайда болады
ҚР Энергетика министрлігі электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың тәртібіне қосымша енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2024
Ақтөбе облысында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді
«Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 46,82 теңгеден 44,63 теңгеге дейін (ҚҚС есебінсіз) яғни 4,7%-ға төмендету туралы хабарлама берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.
Заң • 03 Сәуір, 2024
Қазақстанда жаңа заң пайда болды
Елімізде жылу энергетикасы туралы алғаш рет жеке заң әзірленді. Бүгін, 3 сәуір күні Мәжіліс «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулерді мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.