халықаралық байқау
Кино • 28 Қараша, 2025
Ерлан Төлеутай халықаралық байқауда «Үздік актер» аталымына ие болды
Арқа жұртының мақтанышы, белгілі дәстүрлі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай халықаралық деңгейдегі қос бірдей жоғары марапатқа ие болды. Ирландияның Дублин қаласында өткен XIII Silk Road International Film Festival қорытындысында режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай «Үздік актер» жүлдесін иеленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 19 Қараша, 2025
Ауыл балаларынан құралған ансамбль халықаралық байқауда жеңіске жетті
Ұлытау облысы, Жаңарқа ауданы, Ш. Ералиев ауылдық округінің Оспан Әлібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің «Еркем-ай» би ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық «Бала Шабыт» байқауынан бірінші және екінші орын алып, жүлделі оралды. «Еркем-ай» би ансамблі 5-7-8-сынып оқушыларынан құралған.
Ән • 25 Шілде, 2025
Әйгерім Алтынбек халықаралық опера байқауының финалына өтті
Ол XI Халықаралық опера әншілеріне арналған Портофино байқауында финалға өтті. Аталған байқау 22-27 шілде аралығында Италияда өтіп жатыр. Әйгерім Алтынбек әлемнің 50-ге жуық елінен келген 92 қатысушыны басып озып, классикалық вокал өнерінде еліміздің орнын айшықтап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Шілде, 2025
Алматылық дизайнер жасаған киіз үй халықаралық байқауда үздік атанды
Биыл Design Educates Awards 2025 халықаралық сыйлығының «Architectural Design» аталымында замануи үлгіде жасалған қазақтың киіз үйі ерекше жұмыстардың қатарында аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 05 Мамыр, 2025
Биші әжелер халықаралық байқаудан бас жүлде алды
Нұра ауданының биші әжелерінен құралған «Қыздарай» ансамблі Ташкент қаласында өткен халықаралық «SUMMER FEST TASHKENT» көп жанрлы конкурсында жүлдегер атанды. Аталған би байқауына Қазақстан, Өзбекстан, Ресейден 20-дан астам би ұжымы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Қараша, 2024
Қазақстан бишілері халықаралық байқауда жеңіске жетті
Венгрияның Будапешт қаласында екінші халықаралық Budapest Ballet Grand Prix байқауы өтті, байқауда Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 18 Қараша, 2024
«Еуразия» кинофестивалінде жаңа фильмдер ұсынылады
2024 жылғы 24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 26 Қыркүйек, 2021
«Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» халықаралық байқауда үздік атанды
ТМД елдері арасында «Кітап өнері» XVIII халықаралық онлайн-байқауы өтті. «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» музыкалық антологиясы «Мәдениеттер үндестігі» номинациясында үздік деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.