тәуелсіздік
Марапат • 22 Қаңтар, 2026
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін елдің түкпір-түкпірінен бизнес, ғылым, мәдениет, медиа, ақпараттық технологиялар және волонтерлік саладағы отыз үздік жобаның иелері елордаға жиналды. Әр жеңімпазға 3 миллион теңге көлемінде грант сертификаты табысталды. Жеңімпаздарды Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Қазақстан халықаралық беделі жоғары, табысты мемлекетке айналды
Бүгін Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген кең көлемді сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында Президентке «Биыл Қазақстан халқы қастерлі Тәуелсіздігіміздің 35 жылдық мерейлі белеске жеткенін атап өтеді. Бұл – тарих тұрғысынан алғанда қас-қағым сәт болғанымен, жекелеген мемлекеттер мен адамдар үшін біршама ұзақ мерзім. Сіз Қазақстанның жүріп өткен жолын қалай бағалар едіңіз? Алдағы бағдарымыз қандай?» деген сауал қойылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Семейде Қайрат Рысқұлбеков пен оны айыптаған прокурордың көшесі қиылысады
Міне, Семейде ақ боран. Мен 4-Лодочнаядан кейінгі Достоевский көшесін көктей өтіп, Гагарин көшесінен түстім. Дала боран. Ұйтқыған жел қойын-қонышыңды орайды. Семейдегі Қайрат Рысқұлбеков көшесі кілт бұрылыс болып басталады. Иә, Қайрат десе, желтоқсан, желтоқсан десе, ойымызға Қайрат Рысқұлбеков оралады. Өйткені ол 86 жылғы азаттықтың алауын мұзға жаққан мыңдаған боздақтардың бір ғана символы десе де болар. Оған қандай жала жабылып, жаза құшса, қалғандары да сондай әділетсіздіктің ақ лағы болып кете барды. Бір айналдырса, шыр айналдыратын көмескі күш оның тағдыр жолында тағы да түйісіп, көрмей кеткен көшесі қиылысады деп кім ойлаған. Бұл кездейсоқ болатын сәйкестік пе, әлде зауал ма?
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Осыдан 39 жыл бұрын... Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздіктің бастауы
Осыдан 39 жыл бұрын қазақ жастары Алматының орталық алаңына қарай беттеп бара жатты. Тұс-тұстан ағылған адамдар тобы көше қиылыстарында біріне бірі қосылып, қарақұрым халық ә дегенде-ақ жиналған еді. Олар қазақ елін қазақ басшы ғана басқаруы тиіс деп ұрандатып, Колбиннің билікке келуіне айырықша қарсылық танытты. Ал шын мәнінде бұл азаттық аңсаған, бұғаудан босап шыққысы келген халықтың жанайқайы, тұяқ серпіген тағдырлы зары еді.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Астанада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi
Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты іс-шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Көк тумен көмкерілген дүкен: Кәсіпкердің ерекше бастамасы ел тұрғындарын қуантты
Елордадағы шағын дүкеннен басталған қарапайым ғана идея Тәуелсіздік күні қарсаңында бүкіл елге үлгі болып, ұлттық реңк беретін жаңа челленджге ұласты. Көк туға деген құрметтен туған бұл әрекетке ел тұрғындары ғана емес, шетелдік белсенділер де қолдау білдіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 10 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күні: Нұрлан Қоянбаевтың флешмобы әлеуметтік желіде тарады
Threads тек жазбалар платформасы болудан қалып, ортақ эмоция білдіретін кеңістікке айналды. Мұнда әрбір хабарлама адамдарды біріктіріп, патриот болуға үндей алады. Бірнеше апта бұрын танымал продюсер, тележүргізуші және актер Нұрлан Қоянбаев флешмоб бастады. Оның мақсаты – әр сәрсенбі Қазақстанға пост арнау, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2025
Жаңа жылда ел тұрғындары қанша күн демалады?
2025 жылдың желтоқсанында ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 9 күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 4 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 08 Желтоқсан, 2025
Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Елорда әкімдігі Тәуелсіздік күні аясында Астанада 80-нен астам мерекелік және ресми іс-шаралар өтетінін хабарлады. Оның ішінде дәрістер, концерттер, кездесулер, турнирлер және тағы да басқа шаралар бар, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 24 Қараша, 2025
Желтоқсанның ортасында қазақстандықтарға бір күндік демалыс беріледі
Желтоқсан айында елімізде Тәуелсіздік күні тойланады. Бұл күн мемлекеттік және ұлттық мерекелер күнтізбесіне енгендіктен 16 желтоқсанда ел азаматтарына демалыс беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәуелсіздік • 22 Қазан, 2025
Елімізде 25 қазан – Республика күні мерекесі тойланады. Бұл дата – тәуелсіздіктің бастауы саналатын Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданған күн. Биыл осы маңызды тарихи құжаттың қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Егемендікпен қатар есейген буын бүгінде еліміздің түрлі саласында еңбек етіп, қоғамның дамуына өз үлесін қосуда. Солардың қатарында Қонаев қаласының тұрғындары да бар.
Президент • 01 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Кипр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 14 Тамыз, 2025
Президент Пәкістан Премьер-министрін құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба • 16 Маусым, 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялайды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 26 Мамыр, 2025
Әр ұлттың жүрегінде жер, ел, тіл, тәуелсіздік деген сынды қасиетті ұғымдар бар. Ал сол тәуелсіздіктің тірегі, оны нақтылайтын және қорғайтын құндылық – Ата заң. Ол – мән-мағынаға толы, тарихи және саяси салмаққа ие ұғым.
Елорда • 23 Мамыр, 2025
Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы жабылады
Бұл туралы елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Ақпан, 2025
Қ.Тоқаев Шри-Ланка Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Желтоқсан, 2024
Білім сапасын арттырудағы маңызды қадам: жаңа мектептер мен балабақшалар
Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізде бірнеше жаңа оқу орындары ашылды, бұл білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Бұл нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңадан бой көтерген білім нысандары оқушылардың оқу жағдайларын жақсартуға және мәдени, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Білім • 17 Желтоқсан, 2024
Тәуелсіздік күнінде жаңа білім беру нысандары ашылды
Астана қаласында және Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында балабақшалар, мектептер мен балаларға арналған шығармашылық орталықтары ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2024
Алматыда Тәуелсіздік күні қалай тойланады
Тәуелсіздік күніне орай қаланың әр ауданында еске алу шаралары, концерттер, дөңгелек үстелдер мен флешмобтар сияқты іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2024
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Бүгін Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпаздары мен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024
Жоғарғы Сотта Тәуелсіздік күніне арналған спартакиада өтті
Тәуелсіздік күніне арналған турнирді Жоғарғы Соттың Судьялар одағының филиалы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Желтоқсан, 2024
Президент Александр Стуббты Финляндияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Желтоқсан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 11 Қараша, 2024
Ел азаматтары Тәуелсіздік күніне орай неше күн демалады
Қазақстан азаматтары Тәуелсіздік күніне орай неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қараша, 2024
Желтоқсан айында Қазақстан халқы қанша күн демалады
2024 жылдың аяқталуына аз уақыт қалды. Желтоқсанда отандастарымыз мерекеге орай бірнеше күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.