мүмкіндігі шектеулі
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Ботақарада кезекте тұрған азаматтарға арналған жаңа тұрғын үй берілді
Бұқар жырау ауданына қарасты Ботақара кентінде кезекте тұрған азаматтарға арналған жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Эксклюзивті жоба аясында салынған екі қабатты кірпіш үй әлеуметтік осал санаттағы 12 отбасыға ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жалақысынан заңсыз салық ұсталған
2024-2025 жылдары заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде Ақмола облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың жеке табыс салығын (ЖТС) ұстау кезінде олардың құқықтары жүйелі түрде бұзылғанын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Былтыр мүмкіндігі шектеулі жандардың 595,6 мың тапсырысы орындалған
2025 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 595,6 мың тапсырысы орындалған. Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Өзгелерді кемсітіп сөйлейтін блогерлерге қылмыстық жаза қолдану керек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Әбдиев мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселелерді көтеріп, депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға қанша теңге жәрдемақы берілді?
Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша 542,8 мың адамға және асыраушысынан айырылу тұрғысында шамамен 175,4 мың адамға жалпы 617 млрд теңгеден астам сома төленген. Оның ішінде 543,1 млрд теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (МӘЖ) берілсе, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 74,6 млрд теңге берілген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Биыл мүмкіндігі шектеулі жандардың 359 мыңнан астам тапсырысы орындалған
Биылғы жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 279 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 8,3 мың – ымдау тілі қызметін, 46,3 мың – жеке көмекшінің, 46,3 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін, жалпы барлығы 359 мыңнан астам қызмет алған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Маусым, 2025
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаға мерзімі өтіп кеткен дәрі берілген
Қарағанды қаласында 8 жастағы мүмкіндігі шектеулі балаға мерзімі өтіп кеткен дәрілік препарат берілгені белгілі болды. Бұл туралы баланың анасы мәлімдеп, сотқа жүгінуге ниетті екенін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Маусым, 2025
Павлодар облысында 700-ден астам нысан ерекше жандар үшін бейімделді
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Павлодар облысында 743 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
Мүгедектерге нысандарға кедергісіз кіруге жағдай жасалды
Жетісу облысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 829 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылға жоспарланған 447 нысаннан асып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
Ұлттық мүгедектер палатасын құру керек - депутат
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсауле Ғабдыманапұлы мүгедектігі бар жандарға ел дамуына үлесін қосуға мүмкіндік беріп, табыс табуларына жағдай жасайтын уақыт келгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Қаңтар, 2025
Сот мүмкіндігі шектеулі азаматтың талабын қанағаттандырды
Семей тұрғыны 2016 жылы қауіпті деп танылған ғимараттың үлесіне ие болған. Бұл мүліктің басқа иелері - оның ұлы, бұрынғы әйелі және қызы, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2025
Мүгедек жандар үшін өте қолайсыз жайттар бар - депутат
Осы тұрғыда Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков өзінің депутаттық сауалын Үкімет басшысына жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2024
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қаржы жымқырылған
Көкшетау қаласының прокуратурасы «Artsport» және «DamuBala» бағдарламалары аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға бөлінген қаржы жымқырылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қараша, 2024
Елімізде 148 мың мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды
Бүгін Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024
Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс бере алады
Ақтөбе облысында барлық азаматқа, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға дауыс беру учаскелерінің қолжетімділігі қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2024
Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 725 мың мүгедек адам тұрады, оның 58%-ы еңбекке жарамды, 26,9%-ы зейнеткерлік жаста, 15,1%-ы 18 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күніне орай үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында турнир өтті
Астанада үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында екінші республикалық жарыс ұйымдастырылды. Шараға Туризм және спорт министрлігінің өкілі Әділхан Өмірзақов, қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай, Республикалық «Шоудаун соқырлар үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзбай Серікұлы қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 13 Тамыз, 2023
Мүмкіндігі шектеулі жандарды баспана кезегіне қою проактивті түрде жүргізіледі
ҚР ИИДМ-де баспанаға мұқтаж азаматтардың кезекке тұру мәселелеріне байланысты зерттеу жұмыстары іске асырылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп (Цифрлы үкіметті қолдау орталығының базасында), Invisible Government жобасы аясында «Тұрғын үйге кезек» брейнштромингін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2023
Мүмкіндігі шектеулі жандар ортопедиялық бұйымдардың орнына ақшалай жәрдем алады
Атырау облысында енді мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін ортопедиялық бұйымдардың орнына оның ақшасы беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Шілде, 2023
Мүмкіндігі шектеулі жандарға әуе билетіне жеңілдік қарастырылады
Қазақстандық лоукостер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін (1 топ) және жанына еріп жүрген бір адамға Қазақстан бойынша әуе билетіне 50% жеңілдік ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қараша, 2022
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалды
Орталық сайлау комиссиясы сайлауды Қазақстаннан тыс жерлерде өткізуді қамтамасыз ететін барлық 68 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері үшін оқыту семинарын өткізуде. Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Ақпан, 2022
Спорттық нысандар мүгедектерге қолжетімді ме?
2025 жылға дейін спорттық нысанның барлығы мүгедектерге қолжетімді болуы қажет.
Парламент • 25 Қаңтар, 2022
Мүгедектігі бар адамдарды қолдауға арналған заң жобасы әзірленді
Сенатта Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен іс-шара өтті. Онда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған заң жобасы көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2021
Елордада ерекше қажеттілігі бар жандар үшін жұмыс орындары ұлғайды
Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру – оңалтудың ең жақсы тәсілі. Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына бағытталған жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері осы санаттағы 600-ден астам жұмыспен қамтамасыз етілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қараша, 2021
22 мың нысан мүгедектерге қолжетімді болады
2025 жылға қарай елімізде 22 мың нысан мүгедекті жандардың кіріп-шығуына ыңғайлы болады. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қазан, 2021
Меншікті тілші мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін көтерді
«Nur Otan» партиясынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде, сол өңірдегі тілшіміз Ғалымжан Елшібай мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі «Кедергісіз келешек» бағдарламасындағыдай болғанын мақұл көреді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2021
Мүгедектігі бар әрбір үшінші жан жәрдемақымен қамтылмаған
I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Шілде, 2021
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінде фотомектеп ашылды
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінде фотомектеп ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2021
Мүмкіндігі шектеулі балаға күтім жасау мерзімі ұзартылады
Заңға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімділігі арттыруға бағытталған қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2021
Президент мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасалатынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау керектігін баса айтты, деп хабарлайды Egemen.kz