инвесторлық
Қоғам • Бүгін, 11:52
«Наурыз» бағдарламасын қаржыландыру арқылы қалай табыс табуға болады?
Ел тұрғындары енді «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына қатысушы ғана емес, оның инвесторы да бола алады. Отбасы банк 2026 жылғы 12 наурызда Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында әлеуметтік облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізеді. Сауда қорытындысы бойынша банк «Наурыз» бағдарламасы аясында азаматтарды несиелендіру үшін 200 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.