Рубик кубигі
Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026
Көзі байлаулы спортшы рубик кубигін 11,67 секундта құрастырды
Рубик кубигін шешу көп адамға таныс. Бірақ оны көзді байлап шешу мүлде басқа деңгей. Мұнда жылдамдық қана емес, жады мен елестету шешуші рөл атқарады. 2026 жылғы 10 қаңтарда Аустралияның Сидней қаласында өткен Cubing at The Cube 2026 жарысында Чарли Эггинс 3×3×3 Рубик кубигін көзін байлап тұрып 11,67 секундта шешіп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл нәтиже Guinness World Records тарапынан ресми тіркелді, деп жазады Egemen.kz.