«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзету
Қоғам • Кеше
Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?
8 сәуір күні Мәжілістің жалпы отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулер қабылданды. Депутаттар қолданыстағы заңның ниетін емес нақты нәтижесін талдап, жануарларды қорғау мен азаматтардың қауіпсіздігі арасындағы тепе-теңдікті табуды алға тартты. Мәжіліс ұсынған дерекке ден қойсақ, соңғы бір жылда иттердің шабуылынан шамамен 41 мың адам зардап шеккен. Олардың жартысынан көбі қараусыз иттердің кесірінен болған. Мәжілісмендер елдің басты байлығына баланған адам тағдырына төнген қауіпке мемлекет міндетті түрде жауап беруі тиіс екенін жеткізді. Ал жоғарыда аталған заңға енгізілген түзетулер қаңғыбас иттердің қоғамға қауіпін қалай сейілтеді? Құжат ит иелеріне қандай жауапкершілік жүктеп отыр? Заңға енгізілген осы және өзге де маңызды міндеттер мен жаңашылдықтарды депутат, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Анас Баққожаев тарқата түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.