ара
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2024
Қарағандыда 11 үй заңсыз салынып жатыр
Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы жосықсыз құрылыс салушылардың тізімін жариялады. Қара тізімге Қарағандыда заңсыз салынып жатқан 11 тұрғын үй кешені енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Қаңтар, 2024
Париж Паралимпиадасы-2024: Ел таеквондошылары 3 жолдамаға қол жеткізді
Қазақстан спортшылары паратаеквондадан Францияда өтетін Олимпиаданың 3 лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
Сенаттың жаңа жылдағы алғашқы отырысы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылаумен басталды. Ресеймен шекарада Қазақстан кәсіпкерлерінің өнімдерін тексеру мерзімінің ұзақтығы отандық өндірушілер үшін проблемаға айналып отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл ретте ережелер барлық қатысушылар үшін бірдей болу керектігін айтып, осы түйткілге қатысты Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті жедел тиісті шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Қаңтар, 2024
Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасын тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
3 миллион азамат алғашқы медициналық көмек ала алмай отыр - сенатор
3 миллионға жуық халық алғашқы медициналық-санитарлық көмектен тыс қалып келеді. Сенатор Ақмарал Әлназарова өзінің депутаттық сауалында МСАК көрсетуге байланысты проблемалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Цифрландыру: Су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2024
Алматылық шенеунік пара алды деген күдікке ілінді
Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
«1WIN» казиносының ұйымдастырушыларына халықаралық іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2024
Теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды. Конкурс Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телерадио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі.
Экология • 08 Қаңтар, 2024
Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылады
Мемлекет басшысы Арал теңізінің құрғаған табанындағы жалпы аумағы 1,1 миллион гектарға 2025 жылға дейін орман мелиорациялық екпелер егуді міндеттеген. Сексеуіл шығымын барынша арттыру үшін орман мелиорациялық жұмыстар ғылыми ұсынымдар мен жұмыс жобалары (негізгі әдістері механикаландырылған себу және отырғызу) негізінде жүргізіледі. Өйткені, Арал теңізі түбінің Қазақстан тұсындағы бөлігі өзбек тарапы аумағымен салыстырғанда тұзды, деп хабарлайды Egemen.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 08 Қаңтар, 2024
Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан дзюдошылары белгілі болды
Додаға қатысатын ел дзюдошыларының аты-жөндері @sportqazaq телеграм парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Қаңтар, 2024
Бас прокурор аппаратының басшысы тағайындалды
Бас прокурордың бұйрығымен Бас прокурор аппаратының басшысы қызметіне Мұхаметжанов Алмаз Оралұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2024
Ақтауда қырылған аққулар саны 600-ден асты
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында 601 аққудың қырылғанын растады. Мамандар аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болуы мүмкін екенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 06 Қаңтар, 2024
Атырау облысында аудандық білім бөлімінің басшысы парамен ұсталды
Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алғаны үшін «Атырау облысы білім басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Қаңтар, 2024
Президент Іс басқармасының аппарат басшысы тағайындалды
Президент Іс басқармасы аппаратының басшысы қызметіне Кенжебаев Серік Әбдірахманұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2024
4 қаңтарда «Қазжол» қонақ үйінде саясаттанушы Марат Шибутов «Алматы трагедиясы: екі жылдан кейін» атты баяндамасын ұсынды. Тұсаукесерге белгілі журналистер мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2024
Рөлде ұйықтап қалған. Таразда автобус жүргізушісі 10 көлікті соғып кетті (видео)
Тараз қалалық полиция басқармасы қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол апатына байланысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Қаңтар, 2024
Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 03 Қаңтар, 2024
Аралды құтқару халықаралық қорына Қазақстан төрағалық етеді
Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалық ету кезегі 2024 жылдан бастап елімізге өтті. Алдағы үш жылда аталған ұйымды Қазақстан басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қаңтар, 2024
Қарағанды облысында 7 көлік апатқа ұшырады
Бүгін Қарағанды облысында бір мезетте 7 автокөлік соғысып, ірі жол апаты болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023
Күн райы қолайсыздығынан Оралға қонатын ұшақтар кешігіп жатыр
Оралға келетін рейстер кешігіп жатыр. «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметі мәлім еткендей бұл Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
Батыс Қазақстан облысында 12 млн теңге жымқырған әкімдік қызметкері сотталды
Батыс Қазақстан облысы Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020-2023 жылдар аралығында 12 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
Катонқарағай мен Марқакөл жеке аудан болып құрылды
Шығыс Қазақстан облысында қос ауданның халқы малақайларын аспанға атып, қуанып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2023
Қаралы күндер хронологиясы: 2023 жыл
Елімізде көптеген адамның өмірін қиған ауқымды апаттардан кейін Президенттің Жарлығымен қаралы күн жарияланады. Бұл күні мемлекеттік мекемелердегі ту төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары мен концерттер тоқтатылады. Мемлекеттік жиналыстар бір күндік үнсіздіктен басталады. 2023 жылы елімізде екі рет аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
«Сотқа шағымданамыз». Мүфтият Құран аяттарын жоққа шығарған адамға қатысты пікір білдірді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ҚМДБ соңғы уақытта әлеуметтік желіде арнайы діни білімі болмаса да осы тақырып аясында жалған ақпарат таратып жүрген Серік Рысжанов туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 27 Желтоқсан, 2023
Қаракөл жағалауынан отыз аққудың өлексесі табылды
Үстірт мемлекеттік табиғи резерватындағы Қаракөл көлінің жағалауынан 30 аққудың өлексесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Еріктілер қатары 5 есеге артты – министр
Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғамды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру бойынша бірқатар жүйелі шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Желтоқсан, 2023
Министр спорт саласының майталмандарын марапаттады
Бүгін Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордадағы Президенттік орталықта 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» атты марапаттау іс-шарасы өтіп, ел абыройын асқақтатқан спортшылар, спортқа елеулі үлес қосқан сала мамандары 18 аталым бойынша марапатталды. Салтанатты жиынға Парламент депутаттары, Олимпиаданың және биылғы әлемдік біріншіліктер мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 25 Желтоқсан, 2023
Астана халықаралық әуежайы 7,5 миллионыншы жолаушысын қарсы алды
Бұл аталған әуежай үшін рекордтық көрсеткіш. Бүгін Астана халықаралық әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті, ол KC853 рейсімен Алматы-Астана бағытымен ұшып келген Сейітқазиевтер отбасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 23 Желтоқсан, 2023
«Астана Опера» театрында «Umai – 2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлерін елеулі шығармашылық жетістіктері үшін қолдауға бағытталған байқау биыл екінші рет ұйымдастырылды. Конкурсты Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне министр Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет майталмандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.