ет
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?
SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX 8 үлгісіндегі екі жаңа әуе кемесімен толықты. Әуе компанияның паркіне бір мезетте екі борт алғаш рет алынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
2 және 5%-дық ипотека: Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі және оны қалай алуға болады?
«Отбасы банк» 2 және 5%-дық мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша өтінім қабылдауды және тұрғын үй бөлуді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Нұрай Серікбайдың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктіге сот-психиатриялық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Сараптама қорытындысы шыққан соң іс сотқа жолданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Үш бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% жеңілдік енгізілді
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1-30 сәуір аралығында сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% көлемінде көктемгі жеңілдіктер енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 02 Сәуір, 2026
Бірде Ахмет Жұбанов пианинода ойнап отырса, қызы Ғазиза: – Осы бір тұстағы нотаны ылғи қате аласыз, – депті. Сонда әкесі әуенді кенет тоқтатып: – Қызым-ау, мен сен сияқты академиктің перзенті емеспін ғой, – деген екен.
Көрме • 01 Сәуір, 2026
ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады
Алматы қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ерекше халықаралық мәдени жоба – «Таңбалы: Бабалар коды» көрмесі ұйымдастырылады. Іс-шара 2 сәуір күні сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде өтпек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2026
Елімізде құпия мәліметтердің қауіпсіздігіне бақылау күшейеді
Қазақстанда мемлекеттік құпияларды сақтауға қатысты жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2026
Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды
Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды. Құқық қорғау органдары заңгерге қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Мемлекеттік қызметке іріктеу: 1 сәуірден бастап өтініштер онлайн қабылданады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізілгенін хабарлады. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 01 Сәуір, 2026
«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби жобасы: 15 миллион теңге Жүсіпбек Қорғасбекке бұйырды
Алматыда «Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби жобасының қорытынды кеші өтті. Бұл жобаның қазақ прозасын дамыту, жаңа авторларды қолдау және қоғамдағы рухани сұранысты арттыру бағытындағы маңызы жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Бір тәулікте екінші рет: Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы» сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 11:11-де Жетісу облысында екінші рет жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Қазақстанның Деректер орталығының жедел мәліметтеріне сүйенсек, 2026 жылғы 31 наурызда Астана уақытымен сағат 00:42-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 31 Наурыз, 2026
Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі 1983 жылы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы орта кәсіптік-техникалық училище жатақханасының үш бөлмесінен ашылды. Сол жылы Алматыдан композитордың қызы Ғазиза Жұбанова арнайы келіп, әкесінің біраз дүниесін сыйға тартты. Олардың арасында Ахмет Қуанұлының домбырасы мен дирижерлік фрагі, өз қолымен жазылған нота дәптерлері бар еді.
Спорт • 30 Наурыз, 2026
Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогіне жолдама алды
Астана қаласында өткен баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Орталық Азия аймағының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы топ жарып, Азия кубогіне жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2026
TikTok-қа телмірген толқын: Балалар қанша уақытын әлеуметтік желіде өткізеді?
Цифрлық дәуірде әлеуметтік желі өмірдің бір бөлшегіне айналғаны ақиқат. Қарым-қатынас құралынан бастап ақпарат алаңына дейінгі аралықтағы адам сұранысына жауап беретін желіні ересектер өмірінен сызып тастауға әсте келмес. Десе де оң мен солды анық айыра алмайтын балалар үшін желіні қолданудың шегі мен шекарасын шегелеу маңызды. Ата-ана үшін телефон «баланы тыныштандыратын құралға» айналған тұста балалардың оның пайдасынан теріс әсерін көбірек бойына сіңіріп жатқанына мысал көп, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2026
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді
Биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кеңесте мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2026
Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынатыны рас па?
Әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралған зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу туралы мәлімет шындыққа сәйкеспейді. Аталған ақпаратты ресми органдар жоққа шығарып, оның жалған екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 30 Наурыз, 2026
Мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабақтары басталды
Еліміздің барлық өңірлерінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында 1 000-ға жуық мектеп пен колледжде құқықтық мәдениет сабақтары қолға алынды. Оқу-ағарту министрлігінің бастамасы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Наурыз, 2026
Көші-қон заңнамасын бұзған 121 шетелдік елден шығарылды
Қоғамдық тәртіпті сақтау және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында республика аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 7 мыңнан астам шетел азаматтары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 27 Наурыз, 2026
Қазақстанда 19 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделді
Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға салынған инвестициялар нәтижесінде 19 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделді. Бұл желілердің тозу деңгейін төмендетіп, халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттырды. Бұл туралы елордада өткен дөңгелек үстелде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Наурыз, 2026
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Қырғызстанда өтеді
Қазақстанның ЕАЭО төрағалығы аясында Шымкентте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кеңейтілген құрамдағы отырысы өз жұмысын аяқтады. Отырыста еуразиялық интеграцияны дамыту, оның ішінде өнеркәсіптік кооперация, технологиялық даму, кедендік реттеу, экономикалық тұрақтылық, цифрлық трансформация және тұтынушылардың құқықтарын қорғау сияқты кең ауқымды мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2026
Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты түзетулерді түсіндірді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты енгізілгелі отырған екі негізгі түзетудің маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 27 Наурыз, 2026
Көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік ел аумағынан шығарылды
Алматы қаласында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шықты. 4 күнге созылған кешенді шара барысында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бағытында ауқымды тексерулер жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 27 Наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін тағы да 10 пайызға көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 27 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды
Премьер-министр Олжас Бектенов ЖИ базасында ЕАЭО-дағы жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Наурыз, 2026
Threads желісінде Қазақстан армиясы туралы жалған мәлімет жариялаған жігіт ұсталды
Астанада 23 жастағы тұрғын алаяқтық және жалған ақпарат тарату күдігімен ұсталды. Ол әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын оқиға жариялап, көпшілікті адастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 26 Наурыз, 2026
Қазақстанда жаңа шетелдік банк пайда болады
Қазақстанда «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» еншілес банкі ашылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Abu Dhabi Commercial Bank PJSC-ке елімізде еншілес банк құруға рұқсат берді. Бұл қадам Мемлекет басшысының банк секторында бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2026
Енді шетелдегі отандастар төлқұжатты 40 күнде ала алады
Қазір құжаттарды ресімдеу 90 күнге дейін созылса, жаңа ереже қабылданса, бұл мерзім 40 жұмыс күніне дейін қысқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Наурыз, 2026
Шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тартқандар жазаланды
Солтүстік Қазақстан облысында 17-20 наурыз аралығында өткен көші-қон қызметінің «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы төрт күн ішінде шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 14 дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Наурыз, 2026
Ақтөбеде полицей шетелдік азаматқа көмек көрсетті
Ақтөбе облысында көлігі бұзылып, жолда қалған Қытай азаматына полицей дер кезінде көмек көрсетіп, оның сапарын жалғастыруына жағдай жасады. Шетелдік азамат көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.