ет
Әдебиет • 12 Қаңтар, 2026
Кітап көрмесі: Үнді оқырмандары қазақ тарихына қызығады
Нью-Делиде өтіп жатқан халықаралық кітап жәрмеңкесінде Қазақстан авторларының туындылары кеңінен таныстырылды. Азиядағы ең ірі мәдени алаңдардың бірі саналатын бұл жәрмеңкеде Қазақстан экспозициясы көрермен назарын ерекше аударды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Шекара шебіндегі Шіліктіге интернет жетті
Зайсан ауданының Шілікті ауылына интернет жетті. Алтын адам шыққан тарихи мекеннің тұрғындары бұл күнді көп күтті. Енді ауыл халқы ұялы байланысқа емін-еркін қосылып, интернеттің игілігін көретін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады
Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылындағы өрт сөндіру бөлімшесіне жаңа ғимарат салынады. 1985 жылы іргесі қаланған қазіргі ғимарат тозып, апатты жағдайда тұрған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
Трамп Масктен Ирандағы интернет байланысын қалпына келтіруді өтінбек
АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы интернетті қалпына келтіру мәселесін талқылау үшін миллиардер Илон Маскпен сөйлесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Қаңтар, 2026
Астанаға қалың қар түсті: тазалау жұмыстарына 3 мың адам жұмылдырылды
Өткен түні Астанаға қалың қар түсіп, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, түнде қала аумағынан 18 мың текше метр қар қоқыс алаңдарына шығарылған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Көтерме сатушылар ет пен көкөніс бағасын қымбаттатып жіберді
2025 жылы азық-түлік тауарларының көтерме бағасы 2024 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға өскен. Бұл ретте отандық өндірістегі өнімдер 2,7%-ға, ТМД елдерінен жеткізілген тауарлар 6%-ға, ал басқа елдердің өнімдері 2,1%-ға қымбаттағанын Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Азық-түлік өнімдері бағасының өсуі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Қаңтар, 2026
Қар, жаңбыр және көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы белгілі болды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Қаңтар, 2026
Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін 61-ші Венеция биенналесінде ҚР Ұлттық павильонына арналған кураторлық ұсыныстар конкурсының қорытындысын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Қаңтар, 2026
11 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады
Қазақстанға батыс циклоны жақындап келеді. «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, жексенбі, 11 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлап, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 10 Қаңтар, 2026
Әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтаманы онлайн алуға болады
«Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov порталында жаңа функцияны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қаңтар, 2026
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда экономикалық даму және экономиканың басым салалары, сондай-ақ сыртқы тәуекел мәселелері сөз болды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Қаңтар, 2026
2025 жылы Қазақстанда театр билеттерінің бағасы рекордтық деңгейде қымбаттаған
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда театрға бару құны айтарлықтай қымбаттап, соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Желтоқсан айының нәтижесімен театр билеттерінің бағасы жылдық есепте 43,3%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2026
Базадағы қателік: Абай облысында жетім баланы баспанасыз қалдырды
Басқа базаға көшіру кезінде деректер жоғалып, жетім бала қарапайым қателіктің салдарынан баспанасыз қалған. Шенеуніктердің әрекетін сот заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Қаңтар, 2026
Алдағы үш жылда елімізде білім алатын шетел студенттерінің саны күрт көбейеді
Елімізде алдағы үш жыл ішінде шетелдік студенттер санын 100 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр. Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде отандық жоғары оқу орындарында 35 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Қаңтар, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 70 адамды тұтқындады
2025 жылы Қазақстанның арнайы қызметтері ел аумағында әрекет еткен 20 қарулы қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл топтар кісі өлтірумен, бопсалаумен және есірткі бизнесімен айналысқан. Тергеу барысында ауыр қылмыстарға қатысы бар 70 адам ұсталды. Олардың арасында шетел азаматтары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Қаңтар, 2026
Зейнетақы қаржысын алу үшін дәрігерлер жалған қорытындылар жасаған
Қаржылық мониторинг агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2026
Сарандық отбасы қалалық Мәдениет үйін бейнелейтін тоқаш пісірді
Саран қаласында тұратын суретші Виктория Лаппаның отбасында жыл сайынғы ерекше дәстүр бар. Ол әр жаңа жылда тоқаш үй пісіруді әдетке айналдырған. Биыл отбасы қалалық Мәдениет үйі пішініндегі ерекше тоқаш үй жасап, жергілікті пабликтердің назарын аударды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Қаңтар, 2026
Ел тұрғындары зейнетақы қаржысын шығарып алудың жаңа тәсілін тапты
2025 жылдың желтоқсанында елімізде емделуге арналған зейнетақы қаражатын алу күрт көбейді. Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, бір айдың ішінде радиохирургияға, соның ішінде гамма-пышақ пен киберпышақ арқылы қатерлі ісікті емдеуге бағытталған 7 154 өтінім орындалған. Жалпы төлем көлемі 5,6 млрд теңгеге жуықтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2026
Жетісуда адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қаралды
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айып тағылған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Биыл Есіл өзенінде контрреттегіш салынады
Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды. Нысан 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін су басудан қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Қаңтар, 2026
Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 9 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Алматыда шетелдік азамат есірткімен ұсталды
Алматы қаласында полицейлер есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстаған. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ұсталғандардың бірі шетелдік азамат болып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Қаңтар, 2026
Жыл соңындағы жанталас: зейнетақы қаржысы жаппай баспанаға бағытталды
Желтоқсан айында ел азаматтары зейнетақы жинағын бұрын-соңды болмаған қарқынмен пайдаланды. Бір айдың ішінде тұрғын үйге бағытталған қаржы көлемі жүздеген миллиард теңгеге жетіп, нарықта айқын қозғалыс туғызды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысы прокуратурасы қабылдаған шаралар арқылы құны 82 млн теңгені құрайтын жер телімі мемлекетке қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Қаңтар, 2026
Биыл медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өседі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі ем алушыға бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, 8 қаңтар күні Қазақстанның 15 облысында және Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қаңтар, 2026
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
8-10 қаңтар аралығында елдің көп бөлігі кең антициклон ықпалында болады, оның әсерінен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Кейбір азаматтардың зейнет жасы төмендеуі мүмкін
Қазақстанда кейбір азаматтарға зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің қорытындысы бойынша хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстан сиыр етін сыртқа шығаруды қатаң квотамен шектейді
Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін экспорттауға қатысты жаңа шектеу тәртібін түсіндірді. 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан сиыр етін үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне шығаруға квота жүйесі енгізілді. Бұл талап 2026 жылғы 30 маусымға дейін күшінде болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырылды
2025 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары кезінде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешімін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын, деп хабарлайды Ақорда.