конституция
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Түзетулердің нәтижесінде конституционализмнің жаңа кезеңі басталды – Индира Әубәкірова
ҚР-ның Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова 2022 жылы қабылданған конституциялық түзетулер туралы айта отырып, жаңартылған Конституция Қазақстандағы конституционализмнің жаңа кезеңін бастауға негіз болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Конституциялық реформалар – Әділетті Қазақстанның іргетасы
Астанада Конституция күні қарсаңында өткен 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің 2-басылымының тұсаукесері барысында Конституциялық Сот өкілдері Конституцияға енгізілген өзгерістер нәтижесінде қайта құрылған жаңа құқықтық институттың жұмысы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 25 Тамыз, 2025
Конституцияға 30 жыл: 2022 жылғы реформалар қандай өзгеріс әкелді
Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай 2022 жылғы конституциялық түзетулерге түсіндірменің 2-басылымының тұсаукесері өтті. Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимов конституциялық өзгерістердің мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 22 Тамыз, 2025
Астанада Конституцияның 30 жылдығы қалай атап өтіледі
Биыл Қазақстанда Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осы тарихи мерейтойға орай елордада мерекелік, спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралардың тұтас легі ұйымдастырылады. Бағдарламада турнирлер, дәрістер, құқық сабақтары, концерттер, фестивальдер және тағы басқа көптеген іс-шара бар, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2025
Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады
Биыл Конституция күні – 30 тамыз сенбіге түседі. Еңбек кодексіне сәйкес, мереке күні демалыс күнінің үстіне түссе, келесі жұмыс күні де демалыс болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 22 Тамыз, 2025
Конституцияның түпнұсқасы қайда сақталған
Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына - 30 жыл. Бұл – еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болған, саяси, әлеуметтік және құқықтық жүйенің тірегі саналатын аса маңызды тарихи құжат. Конституция күні халқымыздың бірлігі мен ел іргесінің беріктігін айшықтайтын мерекелердің бірі. Ата Заңымыздың түпнұсқасы бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде сақталған. Осы орайда біз Конституцияның сақталу тәртібі туралы архив директоры Әлия Құсайынқызы Мұстафинамен сұхбаттасқан едік, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 21 Тамыз, 2025
JAIDARMAN. MAMANCUP – республикалық арнайы жоба өтеді
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандар жылына орай Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен және қолдауымен JAIDARMAN. MAMANCUP республикалық арнайы жобасы ұйымдастырылады.
Ата заң • 20 Тамыз, 2025
«Конституциялық реформа және Қазақстандағы БАҚ дамуы» атты дөңгелек үстел өтті
20 тамыз күні Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституциялық реформа және БАҚ дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында БАҚ-тың конституциялық реформаны ілгерілетудегі рөлі, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 15 Тамыз, 2025
Мерекелік акция аясында 2000 адамға тегін заңгерлік кеңес берілді
ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде нотариаттық палаталармен және адвокаттар алқаларымен бірлесе отырып әділет органдарының ұйымдастыруымен «Әрбір азаматқа заңдық көмек!», «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» атты кең ауқымды республикалық акциялар өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Конституция күніне орай қазақстандықтар 1 қыркүйекте демалады
Қазақстандықтар биыл Конституция күніне орай қосымша бір күн демалады. 30 тамыз – Конституция күні сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 2025 жылғы 1 қыркүйек, дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Конституциялық Сот пен «Бас редакторлар клубы» меморандумға қол қойды
Конституциялық Сот Аппараты мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды. Құжат конституциялық бақылау органы мен медиа қоғамдастық арасындағы өзара әрекеттестікті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Мамыр, 2025
Альпинист ел Конституциясын Гималайдағы Айленд Пик шыңына көтерді
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай қазақстандық альпинист, мәдениет қайраткері Әлібек Қайырбек елдің Ата Заңының мәтінін Гималайдағы Айленд Пик (6180 м) шыңына алып шықты.
Парламент • 19 Наурыз, 2025
Конституциялық соттың жаңадан құрылуы айрықша болды - депутат
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуден басталған түбегейлі саяси реформалар Мемлекет басшысының бастамасымен осыдан 3 жыл бұрын қолға алынған еді. Осы орайда бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Үнзила Шапақ өзінің пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 14 Наурыз, 2025
Заң – бұл тәртіпті, әділеттілікті және тұрақтылықты қолдайтын кез-келген қоғамның негізі. Заңның маңыздылығын, әсіресе Қазақстан сияқты, қоғамдық және экономикалық өзгерістер қарқынды жүріп жатқан елдерде асыра бағалау қиын. Заңдар құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, сондай-ақ мемлекеттің дамуында шешуші рөл атқарады. Қазақстанда заңнамалық жүйе құқықтық реттеу құралы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам мен экономиканы нығайту үшін маңызды тірек болып табылады.
Заң • 28 Желтоқсан, 2024
Жемқорларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығармау нормасы Конституцияға сәйкес деп танылды
Қазақстанның конституциялық соты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануды шектеудің заңдылығын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 12 Қараша, 2024
Конституциялық бақылауды жетілдіру тетіктері талқыланды
Конституциялық бақылау – конституциялық заңдылықты және Ата Заң үcтемдігін қамтамасыз етудің маңызды факторы. Бүгін Парламент Сенатында осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада тиісті заңнамалық новеллалар және осы бағыттағы бірлескен жұмыстың негізгі міндеттері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Тамыз, 2024
Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында мультимедиялық шоу ұйымдастырылады
Конституция күніне орай Алматының визит карточкасында сәулеттік-көркемдік жарықтандыру іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 29 Тамыз, 2024
Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуметтік құндылығы туралы
Қазақстан Конституциясының маңызды артықшылықтарының бірі – оның жалпыға бірдей танылған демократиялық құқықтық идеялар мен қағидаттарға бағытталғандығы. Еліміздің Негізгі Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені көрсетілген.
Ата заң • 29 Тамыз, 2024
Қазақстан Республикасының Конституциясы: тұрақтылық пен өркендеудің кепілі
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет дамуының құқықтық негізін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне кепілдік беретін іргелі құжат. Бұл құжат Қазақстанның құқықтық жүйесінің өзегі бола отырып, демократия, заң үстемдігі және әлеуметтік әділеттілік принциптерін қамтып, оны мемлекеттің табысты дамуының негізіне айналдырады.
Қоғам • 28 Тамыз, 2024
Астанада Конституция күні ХҚК орталықтары жұмыс істей ме
30 тамыз күні елімізде Конституция күні тойланады. Мемлекеттік мереке күні ел азаматтары демалады. Бұл күні халыққа қызмет көрсету орталықтары да жұмыс істемейді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Тамыз, 2024
Конституция күніне орай халықаралық ғылыми конференция өтті
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев «Конституция: құқық үстемдігі, азаматтық қоғам және заманауи мемлекет құндылықтарының іске асуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Шілде, 2024
Бұрын өлім жазасына кесілген адам өзін босатуды сұрап отыр
Бұл туралы Конституциялық соттың судьясы Роман Подопригора мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 11 Маусым, 2024
Сенаторлар сот сараптамасының сапасын арттыру мәселесін талқылады
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Сот сараптамаларының ғылыми-тәжірибелік орталығында болып, Әділет министрімен және орталық ұжымымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2024
Қазақстан Конституциясы алғаш рет Брайль қарпінде жарық көрді
Бүгін Конституциялық Сот алғаш рет Брайль шрифтімен мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып шыққан Қазақстан Республикасының Конституциясының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Конституциялық Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 02 Сәуір, 2024
Сенатта экономикалық қылмыстар үшін жауапкершілік белгілеу мәселелері талқыланды
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипатынан арылтудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2023
Сенат Спикері шетелдің Сот Төрағаларымен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Конституциялық әділдік: абырой, еркіндік және баршаға әділдік» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін елімізге шет мемлекеттерден келген Конституциялық Сот Төрағаларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Тамыз, 2023
Қазақстандағы реформаларды шетелдік саясаткерлер де сараптауда
Саяси редактор Ник Пауэлл 30 тамыз - Қазақстанның Конституциясы күніне орай Бельгияның EUReporter басылымына «Қазақстанда саяси реформа жалғасуда» деген тақырыпта саяси сараптамалық мақала жариялады.
Қоғам • 30 Тамыз, 2023
Қазақстанда Конституциялық және саяси зерттеулер институты ашылды
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Maqsut Narikbayev University қабырғасында конституциялық құқық ғылыми мектебінің негізінде Конституциялық және саяси зерттеулер институты іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Тамыз, 2023
Сеулде Қазақстанның Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Тамыз, 2023
Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.