у
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Алматыда полицейлер мен экологтар автокөліктерді тексерді
Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шаралар жоспары шеңберінде қалада экологиялық қызмет мамандары полиция департаментімен бірлесіп жолда рейдтер жүргізіп жатыр. «Eco Almaty» ЖШС-нің жылжымалы зертханалары көлік құралдарының шығарындылар деңгейін оқиға орнында өлшейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Екі өңірде оқушылар аязға байланысты онлайн оқуға ауыстырылды
10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай және Павлодар облысында бірінші ауысымдағы кейбір сыныптар сабақты қашықтан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Желтоқсан, 2025
30 градус аяз, бұрқасын: 10 желтоқсан күні ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес еліміздің кейбір өңірлерінде қатты аяз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Желтоқсан, 2025
Аустралияда 16 жасқа толмағандар енді әлеуметтік желілерге кіре алмайды
Әлемде алғаш рет Аустралия билігі кәмелеттік жасқа толмаған балалардың TikTok, YouTube, Instagram және Facebook сияқты ірі әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Желтоқсан, 2025
Қазгидромет: 10 желтоқсанда бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
Қазгидромет 10 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» елордада «Олимпиакосқа» есе жіберді
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайрат» елордада Грекияның «Олимпиакос» (Пирей) командасымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 09 Желтоқсан, 2025
Керекуде 15 кітаптың тұсаукесері өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы аясында жарық көрген 15 кітаптың тұсауы Павлодар қаласында кесіледі, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 09 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен АҚШ арасында әлі күнге неліктен тікелей әуе рейсі ашылмады?
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылуы неге кейінге қалғаны туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Ермек Көшербаев КТК-ға жасалған шабуылды Украина тарапымен талқылады
Қазақстан Каспий құбыр консорциумына (КТК) жасалған шабуылдарды Украина тарапымен талқылады. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 09 Желтоқсан, 2025
«Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форум өтті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай Maqsut Narikbayev University-де Академиялық адалдық лигасының «Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форумы өтті. Оған Агенттік төрағасы Д.Жазықбай, Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Ж.Сүлейменова, MNU Басқарма төрағасы Т.Нәрікбаев және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Сондай-ақ басқосуға орта білім беру ұйымдарының өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен мемлекеттік органдардан 300-ден астам адам жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Бас шаһардан Бурабайға шағын ұшақтар ұшуы мүмкін
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, бұған дейін Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың Астана-Бурабай әуе қатынасын ашу мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді. Әңгіме шағын әуе кемелері жөнінде болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2025
Абай облысында 15 ауыл «ішімдіксіз елді мекен» мәртебесін алды
Абай облысының 15 ауылы «ішімдіксіз елді мекен» мәртебесін алып, тұрғындар мен жергілікті билік бірлесіп, алкогольді қолданудан бас тартты. Жобаның нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар азайып, құқықтық тәртіп күшейді, ал ауыл тұрғындары өз өмірін қауіпсіз әрі тыныш етуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Биыл 175 жолаушылар вагоны сатып алынды
Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Желтоқсан, 2025
Атырауда табиғатты бүлдірген компанияға 26,5 млн теңге айыппұлы салынды
Атырау облысында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС экологиялық рұқсатсыз ағынды суды төккен. Соның салдарынан жер ластанған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов: Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2025
Ауылшаруашылық еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Алматы облысында Ауыл шаруашылығы күні салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шара аясында өңірдің аграрлық саласындағы жетістіктер аталып, үздік мамандар мен шаруашылық өкілдері марапатталды. Мерекелік жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев және Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
«Қарапайым халықты Қытайға қарсы қоюға болмайды»: Берік Уәли өңірдегі ахуалға қатысты пікір білдірді
Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесуде Аягөз ауданында жұмыс істеп жатқан шет елдік азаматтарға қатысты пікір білдірді. Олардың заң аясында еңбек етіп жүргенін, облыс экономикасына үлес қосып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Еліміздің тағы бір өңірінде тауар бағасын рубльмен көрсеткен дүкен анықталды
Ақмола облысының Шортанды ауданындағы дүкендердің бірінде тауарлардың бағасы рубльмен көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріп, 2026 жылға арналған жоспарды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Әскери оқытушы Қазақстанның үздік инженері атанды
Ұлттық инженерлік академия өткізген X мерейтойлық республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери радиотехника және электроника негіздері кафедрасы бастығының орынбасары подполковник Нұржан Зікірияев «Қазақстанның үздік инженері – 2025» атағына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Желтоқсан, 2025
Президент бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдегі Қазақстанның елшілерін тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2025
Ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған «Samga» байқауы өтті
Қоғамда әрбір жастың әлеуетін ашып, олардың шығармашылығын шыңдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда, Алматы облысы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған «Samga» облыстық өнер байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
«Шаруаларға бір тамшы да су бермейміз»: Премьер-министр тиісті кестеден ауытқымауды тапсырды
Үкімет отырысында алдағы вегетациялық кезеңде еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су спорты • 09 Желтоқсан, 2025
Оңтүстік өңірлерде суармалы судың тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында оңтүстік өңірлерде су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады. Оның айтуынша, Шардара су қоймасына келетін су көлемі 43%-ға қысқарған, ал Нарын-Сырдария каскадының ірі резервуарларындағы су қорлары былтырғыдан 3,8 млрд текше метрге төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Елімізде ұшақпен қатынайтын жолаушылардың саны артқан
Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша әуе көлігімен 13,1 млн жолаушы тасымалданды. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 09 Желтоқсан, 2025
Ғалымдар қант қызылшасы қалдығынан жаңа өнім жасап шығарды
Сәтбаев университеті ғалымдары қант қызылшасының сығындысынан – қант өндірісінің негізгі қалдығы және оның жалпы биомассасының 80%-на дейін құрайтын қалдықтан жаңа материалдар алудың инновациялық әдісін әзірлеп шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчын қайдан көруге болады?
Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының 6-туры аясында алматылық «Қайрат» Грекияның «Олимпиакос» футбол клубымен кездеседі. Ойын сағат 20:20-да басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2025
Бұрынғы бас дәрігер аурухана қаржысына елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті медициналық газ жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау және жымқыру әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 09 Желтоқсан, 2025
Skills Enbek: Биыл 550 мыңнан астам азамат онлайн-оқуды аяқтады
Биыл жарты миллионнан астам азамат Skills Enbek онлайн-платформасында кәсіби дағдыларын жетілдіріп, сертификат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Желтоқсан, 2025
28 градус аяз: 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 9 желтоқсанда елімізде 28 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.