Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылдың басынан бері 11 012 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 159,1 мың этникалық қазақ оралған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 29 Қазан, 2025
Депутат: «Деректердің қауіпсіздігін күшейту керек»
Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі азаматтардың жеке деректерін қорғау шараларын күшейтуді ұсынды, деп жазады.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
Атырау облысында баланы түйе таптап кеткен
Көпқабатты үй ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Н.Қилыбай Маңғыстау ауданындағы ірі өндірістік кәсіпорындармен кездесті
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданына барып, өңірде қызмет етіп жатқан ірі өндірістік кәсіпорын өкілдері және ауданның жұмыссыз азаматтарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
LRT Қосшы қаласына дейін кеңейтіледі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT-ның келесі желісі Косшы бағытына қарай салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 29 Қазан, 2025
Берік Бейсенғалиев: Еліміздегі жылу желулерінің басым бөлігі тозған
Жамбыл облысының Шу қаласында жылу желілерінің тозуы - 70%-ға жеткен. Орал қаласында ЖЭО 86%-ға дейін тозса, Қарағанды қаласында бұл көрсеткіш - 81%-ға, Павлодарда 79%-ға жеткен және Қостанай облысының Арқалық қаласында 70%-ға дейін тозған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Қазан, 2025
Түркияның Коджаэли провинциясында жеті қабатты тұрғын үй құлады
Түркияның Коджаэли провинциясындағы Гебзе қаласында жеті қабатты тұрғын үй опырылып түсті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, үйдің астында адамдар қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары қарқынды жүргізіл3п жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтем жасап.
Елорда • 29 Қазан, 2025
Астанада 36 мыңнан астам тұрғын жаңа жұмыс кестесіне ауысты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданы тұрғындарымен кездесу барысында жаңа жұмыс уақытының режиміне негізінен мемлекеттік органдардың, ұлттық және коммуналдық компаниялардың қызметкерлері көшкенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Серджио Гор және Кристофер Ландаумен кездесті
Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Депутат цифрлық контенттің шынайылығын тексеру жүйесін енгізуді ұсынды
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сергей Пономарев Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы Жаслан Мәдиевке дипфейктердің кең таралуына қатысты депутаттық сауал жолдап, бұл құбылыстың ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды
XXV қысқы Олимпиада 2026 жылы ақпан айының 6-22 күндері аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццода және басқа да қалаларында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Пранк жасаймын деп қоғамдық тәртіпті бұзатындар көбейіп кетті - Нартай Аралбайұлы
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Аралбайұлы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға әлеуметтік желілерде белең алған қауіпті пранктерге қатысты депутаттық сауал жолдап, мұндай әрекеттерге заңды түрде тосқауыл қою қажеттігін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Қазан, 2025
Алматыда мәйіттік донордан алынған қасаң қабықтар екі науқастың көзіне салынды
Соңғы күндері отандық медицина саласы кезекті маңызды сәтті басынан өткеріп, көп ағзалық донорлық үдерісті жүзеге асырылып, мәйіттік донардан алынған ағзалар алты адамның өмірін ұзартқаны туралы бұған дейін де хабарлаған едік, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
Қазақстанда археологиялық жұмыстардың бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады
Бүгін Мәжілісте тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және пайдалану мәселелерін қамтитын заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда берген археологиялық қызметті реттеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында депутаттардың бастамасымен дайындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ақордаға келді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Бұқар жырауда жаңа ветеринарлық пункт ашылды
Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылдық округінде жаңа модульдік ветеринарлық пункт ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Ауыр атлет Азия додасында екі жүлде еншіледі
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында отандасымыз қоржынға екі медаль салды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Қазан, 2025
Медициналық қызметтердің сапасы төмендеп кеткен - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев азаматтардың ай сайынғы тұрақты жарналарына қарамастан, медициналық қызметтердің сапасы мен оған қолжетімділік 47%-ға дейін төмендеп кеткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Осакаров ауданында полицияның жедел басқару орталығы ашылды
Орталық жүйесіне қоғамдық орындарда және аудан орталығының көшелерінде орнатылған 109 бейнебақылау камерасы қосылған, сондай-ақ мектептер мен балабақшаларда 900-ден астам камера біріктірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Қазан, 2025
Алматыда бір мәйіттік донордың ағзалары 6 адамның өмірін ұзартты
Кеше отандық медицина кезекті маңызды оқиғаны басынан өткеріп, көп ағзалық донорлық үдерісті жүзеге асырды. Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының базасында қайтыс болған донордан, яғни 1962 жылғы әйелдің мәйітінен көп ағзалық ағзалар алу процесі атқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Елімізде археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры құрылады
Мәжілістің жалпы отырысында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауға арналған заң жобасы қаралды. Құжатты таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов елімізде алғаш рет археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры құрылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қазан, 2025
Халықаралық сарапшылар Қазақстанның су саласы дамуын оң бағалады
Еліміздің су ресурстарын басқару, есепке алу және бөлу жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамаларын халықаралық сарапшылар жоғары бағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Қазан, 2025
АҚШ-та Дональд Трамптың танымалдығы рекордтық деңгейге дейін төмендеді
Deutsche Welle агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-та президент Дональд Трамптың танымалдығы күрт төмендеп, рекордтық ең төмен деңгейге жетті. Мұндай қорытындыны Reuters және Ipsos зерттеу компаниялары жүргізген жаңа сауалнама көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Еліміздің 8 боксшысы жасөспірімдер Азиадасының алтын жүлдесіне таласады
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр
Түркістан қаласында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Қазақстанға жұмыс істеуге қай елдің азаматтары жиі келеді
Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 666 шетел азаматы еңбек етіп жүр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Қазан, 2025
Кенияда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
Кенияда шетелдік туристерді тасымалдаған Mombasa Air Safari компаниясына тиесілі шағын ұшақ апатқа ұшырады. Агенттік мәліметінше, әуе апаты салдарынан ұшақ бортында болған барлық 11 адам қаза тапқан. Олардың ішінде бір кениялық ұшқыш, сегіз Венгрия және екі Германия азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Энергетика • 29 Қазан, 2025
Энергетикадағы жаңа дәуір басталды
Энергетика саласы жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар есебінен түбегейлі жаңғырып келеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, электр энергиясын өндіру, бөлу мен тұтыну процестерін автоматтандыру тиімділікті арттырудың әрі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тетігіне айналған.
Экономика • 29 Қазан, 2025
Қазақстан 2029 жылға қарай еліміз жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) деңгейін $450 млрд-қа дейін екі есе өсіруді және кемінде $150 млрд көлемінде инвестиция тартуды мақсат етіп отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.