м
Мәдениет • 12 Қаңтар, 2026
Шұбаттан жасалған балмұздақ нарыққа шықты
Алматы облысында шұбаттан дайындалған балмұздақ өндіріле бастады. Сарыбұлақ ауылындағы шағын фермада жасалатын бұл өнім бүгінде «қазақы балмұздақ» атауымен танылып, ұлттық тағамды жаңа форматта ұсынудың жарқын үлгісіне айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Былтыр мүмкіндігі шектеулі жандардың 595,6 мың тапсырысы орындалған
2025 жылы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 595,6 мың тапсырысы орындалған. Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 12 Қаңтар, 2026
Жоғары лауазымды шенеунік пара алғаны үшін қамалды
ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті. Жоғары лауазымды шенеунік 100 млн теңге пара үшін Қазақстанның шекарасынан контрабанда өткізбек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 12 Қаңтар, 2026
Ақерке Амалят Витебсктегі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Ақерке Амалят Беларусьтегі халықаралық байқауда Гран-при иеленді. Сүйінші жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2026
Шымкентте көпқабатты үйдің алдынан жас қыздың мәйіті табылды
Кеше сағат 18:40-та Шымкенттегі Төлеметов көшесі бойындағы №69/39 үйдің маңынан 21-23 жас шамасындағы бойжеткеннің мәйіті табылды. Полицейлердің мәліметінше, ол пышақ жарақатынан көз жұмған, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 12 Қаңтар, 2026
Елімізде қылмыс жылдан-жылға азайып келеді
Өткен жылы Қазақстанда 17 миллионнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомство дерегіне сүйенсек, бірқатар ауыр қылмыс түрлері бойынша қылмыс саны 6 мыңға қысқарған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Өскеменде Жақсылық Үшкемпіров пен Оралхан Бөкейге көше берілді
Облыс орталығында 13 көшеге ресми түрде жаңа атау берілді. Бұл туралы Өскемен әкімдігі мәлім етті. Енді барлық ресми құжаттарда, хат-хабар мен мекенжайларда тек жаңа атаулар қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2026
Отандық нарықтағы отын бағасы басқа елдермен теңестіріледі
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері желтоқсанда мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыруға келісті. Келісім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Осылайша, отандық нарықтағы отын бағасы ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдердегі бағалармен теңестіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 12 Қаңтар, 2026
Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахматтың» ойыншысы атанды
Қазақcтан ұлттық құрамасының жартылай шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде Грозныйдың «Ахмат» клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Блогер Қайсар Қамза өзіне іздеу салынғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді
Қайсар Қамзаға іздеу жарияланғаннан кейін блогер алғаш рет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында болған жағдайға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 12 Қаңтар, 2026
Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған
Елорда прокуратурасы Астана қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын жымқыру жүйесін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
Нобель комитеті: Бейбітшілік сыйлығын Трампқа беру мүмкін емес
Венесуэла оппозициясының жетекшісі әрі Нобель сыйлығының лауреаты Мария Корина Мачадоның өзіне берілген Бейбітшілік сыйлығын АҚШ президенті Дональд Трампқа табыстау туралы мәлімдемесіне Норвегия Нобель комитеті ресми жауап қатты. Комитет мұндай әрекет ұйымның ережесіне сай келмейтінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 12 Қаңтар, 2026
Қостанайда екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 100 жасқа толды
Меңдіқара ауданына қарасты Тарасовка ауылында 1926 жылғы 10 қаңтарда дүниеге келген майдангер Ділдәбек Нұрышевті қалалық ардагерлер кеңесі мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 12 Қаңтар, 2026
Астанада Ұлттық ұланның мерекелік концерті өтті
Іс-шара ІІМ Ұлттық ұлан күніне және «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2026
СҚО-да үй өртенді: әкесі мен баласы көз жұмды, тағы бір бала іздестіріліп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысы Майбалық ауылындағы жеке үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тағы бір адамды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2026
Дүйсенбідегі сауда-саттық қарсаңында Brent бағасы қалай өзгерді?
Әлемдік мұнай нарығы демалыс күндері қалыпты өсімді сақтады. Десе де соңғы геосаяси жағдайлардың сауда-саттыққа әсері байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Қаңтар, 2026
Астанаға қалың қар түсті: тазалау жұмыстарына 3 мың адам жұмылдырылды
Өткен түні Астанаға қалың қар түсіп, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, түнде қала аумағынан 18 мың текше метр қар қоқыс алаңдарына шығарылған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Еліміздің танымал видеографы Уилл Смитке шапан жапты
Қазақстанның тұмса табиғаты мен көрікті орындарын видеоға түсіріп, отандық туризмді насихаттап жүрген видеограф Дастан Мұхамедрахым Дубайдағы іс-шаралардың бірінде әйгілі америкалық актер әрі режиссёр Уилл Смитке тарту жасады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде көрсететін суретті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Қаңтар, 2026
Қар, жаңбыр және көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы белгілі болды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Қаңтар, 2026
Қызылорда облысының ең шалғай ауылдарының бірінде заманауи мектеп ашылды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Қызылорда облысына сапары кезінде Арал ауданының ең шалғай ауылдарының бірі Мергенсай ауылында жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының үлгісімен салынды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 11 Қаңтар, 2026
Алматыда 2025 жылы жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды
Ұлттық кітапханада 2025 жылғы мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 11 Қаңтар, 2026
Қазақстанда амнистия аясында 2 мыңнан астам адам бостандыққа шықты
Елімізде Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 2 мыңнан астам адам босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2026
Елдегі ақылы жолдармен қанша көлік жүрді
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдарында шамамен 74 миллион сапар тіркелген. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2026
Қазақстан халқы ақпан айында қалай демалады
2026 жылғы ақпанда Қазақстанда мемлекеттік мерекелер қарастырылмаған. Осыған байланысты ел азаматтары тек сенбі мен жексенбі күндері демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қаңтар, 2026
Ирандағы наразылықтар: мешіттер өртеніп, құрбандар туралы мәлімет тарады
Иранда желтоқсан айының соңынан бері жалғасып жатқан жаппай наразылықтар әлі де басылар емес. Ел аумағында интернеттің өшуіне байланысты оқиғалар туралы ақпаратты тәуелсіз түрде растау қиындап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 11 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда Бозжыраға апаратын автожолдың құрылысы басталды
Маңғыстау облысында Бозжыра шатқалының шолу алаңына апаратын автомобиль жолының құрылысы басталды. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қаңтар, 2026
Әлімханұлының В допинг-сынамасы нәтижесіне қатысты федерация түсініктеме берді
Кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының В допинг-сынамасын ашу рәсіміне қатысты Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 11 Қаңтар, 2026
Атырау маңында жоғалған отбасы оқиғасы: іздеу жұмысы қалай жүріп жатыр
Жангелдин ауылының жоғалған тұрғындарының ісі бойынша күдікті бұрын тұрған Геолог ықшамауданында іздеу және тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2026
Ұлтқа қызмет – марапаттан басталады
Қоғамда көзге көрінбей еңбек етіп жүрген, бірақ ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан азаматтар аз емес. Солардың еңбегін елге таныту, қоғам алдында бағалау – үлкен жауапкершілік. Осы бағытта соңғы жылдары жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқандардың бірі – Динара Бердімұрат.