Соңғы жаңалықтар
Саясат • 30 Қаңтар, 2026
Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар ел үкіметі мен OPEC халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектор операцияларын ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялады. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметін, қару-жарақ саудасы мен тұрғын үй төлемдерін жақсартуға бағытталған заң мақұлданды.
Жасанды интеллект • 30 Қаңтар, 2026
Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?
Қазіргі кезде жасанды интеллект көптеген салада жүйені автоматтандыра бастады. Дегенмен алдағы жылдары ол кеңінен қолданылса, заң, медицина, қаржы сияқты жоғары білім мен тәжірибені талап ететін салаларда да елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Ал өндіріс пен логистикада автоматтандыру үдерісінің қарқыны байқалады. Қазірдің өзінде-ақ қайталанатын қол еңбегі, қойма жұмысы, жүк тасымалы роботтардың қолына өтіп үлгерген.
Жастар • 30 Қаңтар, 2026
Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба
Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда креативті индустриядағы жастардың күш-қуаты мен ынта-жігерін жоғары бағалап, оларға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетілетінін де атап өтті. Ұлттық болмысты заманауи өнермен ұштастырған буын елімізді жаһанға қалай танытып келеді?
Футбол • 30 Қаңтар, 2026
Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды
Еліміздің премьер-лигасындағы командалар маусымаралық үзілісті барынша тиімді пайдаланып, құрамдарын күшейтуге кірісті. Селекциялық жұмыста, әсіресе, ел чемпионы «Қайрат» пен биік мақсаттарды көздеген «Ақтөбе» клубы ерекше белсенділік танытып отыр.
Жастар • 30 Қаңтар, 2026
Жақсылық жасау – жауапкершілік
Қоғамда еріктілердің атқарып жүрген еңбегі орасан. Солардың бірі – Жанел Айыпова есімді жас ерікті үнемі ізгілікті істің басы-қасында жүреді. «Ерікті қызметім – еріккеннен емес, жастық жігеріммен жан-жағыма үлесімді қосқым келгенінен», дейді жас жанашыр. Жақсылық жасауды жауапкершілік деп қарайтын қаршадай ғана қыздың қажыр-қайратына жан-жағындағылар да таңырқай қарайды.
Теңге • 30 Қаңтар, 2026
2026 жылды теңге салыстырмалы түрде мықты позициямен бастады. 2025 жылғы желтоқсан қорытындысы бойынша ұлттық валюта 1,3%-ға нығайып, доллар бағамы 505,73 теңгеге дейін түсті. Теңге доллар дәлізіндегі бүгінгі бағам 1 доллар – 505,71 теңгеге тоқтап, бір күнде -0.99 көрсеткішке өзгерді. Бір айдағы өзгеріс – 4,47.
Digital • 30 Қаңтар, 2026
Оқытуды жеңілдеткен платформалар
Қазір үй тапсырмасын жасанды интеллектіге орындататын оқушылар көбейді. «Мұндай жеңіл жол балалардың өз бетімен іздену дағдысын, сыни ойлау қабілетін әлсіретіп жібермей ме?» деген заңды сұрақ туындайды. Сондықтан мәселе – жасанды интеллектіге тыйым салуда емес, оны дұрыс бағытта қолдануда. Осы тұста білім мен технологияны ұштастырған «EdTech» стартаптардың маңызы алдыңғы қатарға шығады. Бұл бағыттағы платформалар мен құралдар мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушының шынайы білім алуын бақылайды. Ендеше, еліміздегі «EdTech» жобалардың аяқ алысына шолу жасап көрейік.
Спорт • 30 Қаңтар, 2026
6–8 ақпан аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында жабық ғимараттағы ХІІ Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Дүбірлі додада еліміздің туы астында 25 спортшы өнер көрсетеді.
Экономика • 30 Қаңтар, 2026
Балық шаруашылығына серпін береді
Биылдан бастап бағалы балық өсіретін шағын фермалар субсидия ала бастайды. Мемлекет бұған дейін жылына, кем дегенде, 45 тонна өнім шығаратын шаруашылықтарды ғана қаржылай демеп келген. Биыл инвестициялық субсидия алу шегі 25 тоннаға дейін төмендетілді. Аквамәдениет саласындағы шағын бизнес өкілдері мемлекеттік қолдау аясының кеңеюі өңірде балық шаруашылығының дамуына едәуір серпін береді дейді.
Экономика • 30 Қаңтар, 2026
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 150-ден астам өтініш келіп түскен. Қорғалған бизнес құқығы шамамен 120 млн теңгені құрайды.
Жекпе-жек • 30 Қаңтар, 2026
Келер айда Әліби Ыдырыс аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді промоушен – UFC-дегі тұсаукесер кездесуін өткізуге даярланып жатыр.
Футбол • 30 Қаңтар, 2026
«Тараз» премьер-лигаға қашан оралады?
«Тараз» футбол клубының жанкүйерлері бүгінде «Даңқың қайда төске өрлеген?» деп күмілжіп жүр. Күмілжитін жөні де бар. Кезінде дүрілдеген Жамбыл футболы туралы әңгіме қазір күбірлеп айтылады. Өйткені кейінгі бірнеше жылдың бедерінде талай талантты түлеткен «Тараз» футбол клубы ілініп-салынып бірінші лигада жүр...
Таным • 30 Қаңтар, 2026
Нағыз баукеспе Жалпы, ұрлық дегеннің қай түрі болса да сүйкімсіз екені рас. Біреу білер, біреу білмес, кітапқа құмар ортаның арасында «библиоклептомания» деген бір ауру бар.
Әдебиет • 30 Қаңтар, 2026
Кешегі аязда күнестеп отырған бір топ кептерді телефоныма «басып» қалдым. Кәдімгі қалалық кептерлер. Далада жүре ме олар, білмеймін. Суретке тартқандағы себебім, сөз өліп барады. Қазір күнестеп отыр деп ешкім айта қоймайды, арагідік ел арасында болмаса. Төл әдебиетіміз тұрғанда, біржола ұмытылып кетпесі де анық қой. Жыраулар поэзиясынан бері қайырғанда, ескі авторлардың шығармасында ғана кездеседі. Негізгі табан тіреген нәрсеміз бұл сөз де емес-ау. Сөз өлгені сол тақілеттес сезім, қимыл құрдымға кеткенмен бір.
Әдебиет • 30 Қаңтар, 2026
Белгілі қаламгер Дәурен Қуаттың «Мысық пен Маруся» атты шағын әңгімесі бар. Бала-шағасы қарамай тастап кеткен орыс кемпірдің аянышты тағдырын өзек еткен осы бір туынды бір кездері туған жерінен тамырын үзіп, жат өлкеге «ту тіккендердің» ішкі шерін толғайды.
Таным • 30 Қаңтар, 2026
Биыл – Уфадағы «Ғалия» медресесінің 120 жылдығы. Бұл медресе ХХ ғасырдың басындағы түркі әлемінің ең озық оқу орнының бірі болды. Оқу орны жәдитшілдік білім беру жүйесін заман талабына сай қалыптастырды. Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Нұғыман Манаев, Жиенғали Тілепбергенұлы, Ахмет Мамытұлы, т.б. қазақтың 200-ге жуық жігіті осы оқу орнынан түлеп ұшты. «Ғалияны» бітіргендер қазақ қоғамына пайдасын тигізіп, ұлттың ұпайын түгендеді.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2026
Аңшылық – ата-бабамыздың байырғы кәсібі ғана емес, кең дала төсіндегі көшпелі өмірінің ажырамас бөлігі. Аңшылықтың бір тармағы саналатын қақпаншылық өнер де ата жолымен жалғасып, ұрпақ санасына сіңірілген. Алайда бүгінде жортқан аңның жолын межелеп, қақпан құрудың қағидасын жіліктеп түсіндіретіндер азайып барады.
Мирас • 30 Қаңтар, 2026
Қазақ құсбегілері қыран бүркіттің сыртқы бөгенайы мен түр-түсіне, үлкен-кішілігі мен табиғат сыйлаған жаратылыс пошымына қарап, оның қандай жердің құсы екенін дәп басып айтып бере алады.
Тарих • 30 Қаңтар, 2026
Бұл ауылдың тарихы тым әріде жатыр. Қазіргі Қоғалы ауылы бұрын Сталин атындағы ұжымшар болатын. Аталған шаруашылық іргелес Молотов атындағы ұжымшармен қосылып, Бәйтен көпірі тұсынан орын теуіп, кейіннен «Ортақшыл», «Октябрь», Жамбыл атауларын иеленді. Ақыр соңында тарихи Қоғалы атау қайтарылды.
Медицина • 30 Қаңтар, 2026
Павлодарда донорлық ағзаларды ажыратып алуға қатысты бірегей операция жасалды. Сөйтіп, 39 жастағы әйелдің ағза мүшелері 4 адамның өмірін сақтап қалуға себепші болды.
Жәдігер • 30 Қаңтар, 2026
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында жүзге жуық көне тиын сақталған. Олардың ішіндегі ең ежелгісі Алтын Орда мемлекетінің билеушісі Тоқты ханның (1291–1312) тұсында, яғни хижраның 710 жылында Сарай әл-Махруса шаһарында соғылған екен.
Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026
Саид Рашед Әл-Мхейри есімді балақай 4 жасында мейірім туралы балалар кітабын шығарды. Сол еңбегі үшін ол рекордтар кітабына «Ең жас автор» ретінде енді.
Тұлға • 30 Қаңтар, 2026
Университет табалдырығын журналистика факультетінің студенті болып аттағанымда ең алғашқы дәріс Алматының Киров көшесіндегі бас корпусында, 148-аудиторияда өткен еді. Дәріс – әдебиет теориясы, дәріс беруші – профессор Зейнолла Қабдолов!
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен салынған нысан «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің аумағында бой көтерді.
Көрме • 30 Қаңтар, 2026
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы аясында Алматы қаласында оның өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылды.
Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында әлемдегі ең алып мұрал бар. «Guinness World Records» дерегінше, порт аумағындағы өндірістік нысандардың сыртына салынған бұл суреттің жалпы көлемі – 23 688,7 шаршы метр.
Жансарай • 30 Қаңтар, 2026
Айтқали Жайымов, Қазақстанның халық әртісі: Халықтың шынайы ықыласынан артық құрмет жоқ
Есімі елге танымал болса да Айтқали аға – өте қарапайым. Болмысы бекзат. Ешқашан асып-таспайды. Алайда айтулы тұлғаның ұлттық өнердің дамуына қосқан үлесі мол. Бірнеше өнер ұжымын басқарды. Тамаша музыкалық туындылар жазды. Біз бүгін дирижер, композитор, профессор Айтқали Тілепқалиұлымен өмір жолы мен ұлттық музыка өнері туралы әңгіме өрбіттік.
Digital • 30 Қаңтар, 2026
Стартап олжасы – 80 миллион доллар
Инженер Ерзат Дулат негізін қалаған «Higgsfield» жасанды интеллект стартабы инвесторлардан 80 миллион доллар көлемінде инвестиция тартты. Осылайша, компанияның бағалануы 1,3 миллиард доллардан асып, ресми түрде «юникорн» санатына енді. Бейне контент өндіру саласына жаңа серпін әкелген жобаның соңғы инвестициялық айналымына «Accel», «GFT Ventures», «Menlo Ventures» секілді жетекші венчурлық қорлар қатысты.
Футбол • 30 Қаңтар, 2026
Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойынын аяқтады. Сегіз матч өткізген ел чемпиондары 1 ұпайды місе тұтты.
Таным • 30 Қаңтар, 2026
Берлин қаласында орналасқан Еуропа мәдениеттері музейінің қорында қазақ тарихына қатысты бірталай жәдігер бар. Соның арасында қазақтар бейнеленген бірнеше картина сақталған. Бұл картиналарды 1844 жылы Бөкей ордасында болған Вильгельм Кизеветтер деген неміс суретшісі салған.