ем
Экономика • 22 Қазан, 2025
2026 жылғы бюджеттен негізгі салаларға қанша қаржы бөлінетіні анықталды
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстарының негізгі параметрлерін қарау кезінде Үкімет азаматтардың өмір сүру сапасы мен экономиканың орнықты дамуына басымдық бере отырып, әлеуметтік бағдарланған бағытты жалғастыратынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
Биыл 274 мыңнан астам тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алған
Бұл – биылғы 1 қазандағы жағдай. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болғандай, биыл бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 51 мың отбасындағы 274,4 мың адамға 24,6 млрд теңге сомасында тағайындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 22 Қазан, 2025
Биыл ардагерлерге 12,6 млрд теңге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді
2025 жылғы 1 қазандағы деректер бойынша елімізде 79 313 ардагер тұрады. Мемлекет бұл азаматтарға ерекше қамқорлық көрсетіп, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төлеуді жалғастырып отыр. Биыл осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 17 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 21 Қазан, 2025
Алматыда Жедел жәрдем автопаркі жаңартылды
Республика күні қарсаңында Алматының Жедел медициналық жәрдем қызметі жаңарып, 50 арнайы көліктің кілтін қала әкімі Дархан Сатыбалдының өзі табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қазан, 2025
Қазақстан мен Әзербайжан бірлескен мәлімдеме қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қазан, 2025
Жапонияда алғаш рет әйел премьер-министр болып сайланды
Жапонияның негізгі төменгі палатасының депутаттары Либерал-демократиялық партияның (ЛДП) төрайымы Санаэ Такаитиді елдің 104-премьер-министрі етіп сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қазан, 2025
Бүгін бокстан Қазақстан чемпиондары анықталады
Қазақстан бокс федерациясы Семейде өтіп жатқан ел біріншілігінің финалистер тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Қазан, 2025
«Қайрат» пен «Пафос» ойынын қайдан көруге болады
21 қазан күні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында Алматының орталық стадионында қазақстандық «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары кездеседі. Ойын сағат 21:45-те басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 20 Қазан, 2025
Құқық үстемдігі – тәуелсіздіктің сара жолы: Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы
Биыл Қазақстан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын атап өтуде. Дәлірек айтсақ, бүгінгі таңда әлемге танылып отырған еліміздің мемлекет болып қалыптасуы тап осы кезеңнен бастау алды. Декларация республикамыздың ішкі және сыртқы саясатын өз бетінше айқындау, ресурстарға иелік ету, билік органдары мен заңнамалық жүйені қалыптастыру құқығын алғаш рет заңды түрде бекітіп берді.
Қоғам • 19 Қазан, 2025
Қазан айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?
2022 жылдан бастап Қазақстанда 25 қазанда аталып өтетін Республика күні қайтадан мемлекеттік мереке және демалыс күні болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 18 Қазан, 2025
Семейде мешіт құрылысы басталды
Семей қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан жаңа «Semey Smart City» ықшам ауданында бес мың адамға арналған мешіттің құрылысы басталды. Ғибадат орны қоғамдық қордың қаражаты есебінен салынатын болды. Құрылысы 2028 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушы • 18 Қазан, 2025
Өмірді оттан арашалаған командир
19 қазан елімізде Құтқарушылар күні аталып өтеді. Бұл ел тыныштығын күзетіп, от пен судың ортасында жүрген жандардың еңбегіне тағзым етер күн. Олар күн сайын өз өмірін қауіпке тігіп, өзгенің өмірін арашалап қалады. Осындай ерлердің бірі – Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Руслан Рүстемұлы Көбетаев. Күні кеше ол Рақымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 17 Қазан, 2025
Франкфуртта "Егемен Қазақстан" тілшісінің кітабы таныстырылды
Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық кітап көрмесінде ақын, “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі Дүйсенәлі Әлімақынның “Америка ашқан қазақтар” атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Қазан, 2025
Анарбеков пен Сәтбаев «Қайрат» құрамына қайта оралды
Алматылық «Қайрат» Петропавлдық «Қызылжарға» қарсы ойынына арналған бастапқы құрамын жариялады. Команда сапында жарақатынан айыққан Темірлан Анарбеков пен Дастан Сәтбаев бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 17 Қазан, 2025
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына 1 миллионнан астам билет сатылған
Келер жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына қызығушылық ерекше жоғары. Халықаралық футбол жанкүйерлері турнир басталмай жатып-ақ 1 миллионнан астам билет сатып алған, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Әлем • 17 Қазан, 2025
Әлемде 700 миллион адам өте кедей тұрады
Дүниежүзілік банк деректеріне сүйенсек, бүгінде дүниежүзінде шамамен 700 миллионға жуық адам, яғни жер шарындағы халықтың 8,5 пайызы, күніне небәрі 2,15 доллардан аз қаражатқа күнелтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu-ға сілтеме жасап.
Әлем • 16 Қазан, 2025
Қытай мемлекеттік қызметке қабылдау жасын ұлғайтты
Қытай Халық Республикасы мемлекеттік қызметке қабылдау жасына қатысты шектеуді өзгертті. Жаңартылған тәртіп бойынша мемлекеттік қызметке үміткерлер үшін жоғарғы жас шегі 35 жастан 38 жасқа дейін көтерілді. Ал магистрлік не докторлық дәрежесі бар азаматтар үшін бұл меже 40 жастан 43 жасқа дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Egemen.kz China Daily-ге сілтеме жасап.
Спорт • 16 Қазан, 2025
Еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатындар анықталды
20-27 қазан аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қазан, 2025
Қазақстанға Әзербайжан Президенті мемлекеттік сапармен келеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қазан, 2025
Астанада шорт-тректен Әлем кубогінің бірінші-екінші кезеңдері өтеді
Турнирге Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Канада, АҚШ, Нидерланд, Польша және тағы басқа 27 елден 150-ден астам спортшы қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қазан, 2025
Биыл көпбалалы отбасылар мен аналарға 450 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленді
Биыл жыл басынан бері орта есеппен көп балалы отбасыларға, сондай-ақ күміс, алтын алқалы аналарға берілетін жәрдемақы 847,7 мың отбасыны қамтыды. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар – шамамен 604,5 мың, ал награда алған аналар – 243,2 мың адам. Жалпы төлем сомасы 449,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қазан, 2025
Давид Дегтярев үш дүркін әлем чемпионы атанды
Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Давид Дегтярев 14 қазанда 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қосындысы бойынша 567 кг зілтемірді көтеріп, әлем чемпионы атанды. Ол үшінші талпынысында 191 кг көтеріп, Азия рекордын орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 15 Қазан, 2025
Жұмысынан айырылған 240,5 мың адамға алғаш рет төлем тағайындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы көлемі артып отыр. 2025 жылғы 1 қазанға дейін МӘСҚ есебінен 285,2 мың адам жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алған. Оның ішінде 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Барлық төлемдердің жиынтық мөлшері 95 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz,
Денсаулық • 14 Қазан, 2025
Ерейментауда 7 адам уланып қалды
Ақмола облысының Ерейментау ауданында жаппай улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Қазан, 2025
Әлемде жыл сайын 1,2 миллион адам жолда қаза табады
Жол-көлік оқиғалары әлем бойынша өлім-жітімнің сегізінші себебі болып саналады және бес жастан асқан балалар мен жасөспірімдер арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі болып отыр, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар қызметі.
Спорт • 14 Қазан, 2025
75 жасында Азия чемпионы атанды
Ирактың Эрбиль қаласында шахмат сайысынан өткен Азия чемпионатында 75 жастағы жерлесіміз Марат Пріметов чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қазан, 2025
Семей қаласының әкімі сайланды
12 қазанда өткен Абай облысына қарасты Семей қаласының әкімін сайлау қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қазан, 2025
Президент e-Parlament құралын қолдану мүмкіндіктері туралы пікір білдірді
Бүгін Президент Қ.Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 14 Қазан, 2025
Бюджет қаражатына бақылау күшейтілді
Бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік сатып алу кезінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қазан, 2025
Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірісі 17,3 трлн теңгені құрады
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспардың 102 пайызын құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.