Ли
Спорт • 15 Желтоқсан, 2025
Абзал Әжіғалиев өз мансабындағы төртінші Олимпиадасына аттанады
Шорт-тректен ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Абзал Әжіғалиев Milano Cortina – 2026 Қысқы Олимпиадасына аттанады. Тәжірибелі спортшы төртінші Олимпиадасына бар күш-жігерін салуға ниетті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Желтоқсан, 2025
«Мерт болғандар бар»: Австралия жағажайында атыс болды
Австралияның Сидней қаласындағы Бонди жағажайында белгісіз біреулер оқ атты. Мәліметтер бойынша онға дейін адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы екі күдіктіні ұстаған, арнайы операция жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 12 Желтоқсан, 2025
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Жаңа туған нәрестелерді сатпақ болған: министрлік адам саудасына қатысты 39 фактіні анықтады
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері «STOP-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында адам саудасына байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолын кесті. Барлығы 39 факт тіркелді, соның алтауы – кәмелетке толмағандарға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 12 Желтоқсан, 2025
Шорт-тректен Олимпиадаға жолдама алған спортшылардың есімдері белгілі болды
Олимпиада лицензияларын жеңіп алған спортшылар 2025 жылғы 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен Әлемдік тур қорытындылары бойынша анықталды. Сол нәтижелер бойынша Қазақстан құрамасы 9 лицензияға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында полиэтилен зауытының құрылысы жүріп жатыр
«Силлено» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ірі габаритті бағаналарды дайындау үшін жергілікті зауытпен келісімшарт жасалған. Қазір «АтырауМұнайМаш» ЖШС-нің қызметкерлері техникалық күрделілігі жоғары ірі габаритті екі бағананы құрастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Абай облысында 46 млн теңгеден астам сомада ұрлық жасаған топ әшкереленді
Бородулиха ауданында орналасқан ЖШС-нің 46 560 000 теңгеден астам сомадағы мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Астанада жеке сот орындаушы алимент төлемеген әкеден 196 млн теңге өндіріп алды
Астаналық жеке сот орындаушы Мейрам Әбдіков 10 жыл бойына алимент төлемеген азаматтан 196 млн теңгеден астам қаржыны қайтарып, рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Бюджет • 10 Желтоқсан, 2025
2026 жылы республикалық бюджетті небәрі үш өңір ғана толтырады
2026 жылға арналған болжам бойынша Алматы, Астана және Атырау облысы республикалық бюджетке өз үлесін қосып қана қоймай, қалған өңірлерге де қаржылай көмек көрсетеді. Ал қалған аймақтар субвенцияға тәуелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Ұлытау облысында өрт кезінде балаларды құтқарған полиция қызметкерлері марапатталды
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Ұлытау облысында өрт кезінде үш баланы құтқарған патрульдік қызмет взводының инспекторы Әсет Әбдуақитов және Ұлытау облысы ПД-ның Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің патрульдік қызмет взводының инспекторы Нұрболат Нұрғабыл «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 10 Желтоқсан, 2025
Елорда полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті
Астанада қолайсыз ауа райына байланысты полиция департаменті қызметін күшейтті. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтарға жедел көмек көрсету жұмыстарын тоқтатпай жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Желтоқсан, 2025
Аустралияда 16 жасқа толмағандар енді әлеуметтік желілерге кіре алмайды
Әлемде алғаш рет Аустралия билігі кәмелеттік жасқа толмаған балалардың TikTok, YouTube, Instagram және Facebook сияқты ірі әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 09 Желтоқсан, 2025
«Қайраттың» жастары «Олимпиакосты» қапы қалдырды
UEFA Жастар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы турда «Қайрат U19» командасы өз алаңында гректің «Олимпиакосын» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир тарихындағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
«Қарапайым халықты Қытайға қарсы қоюға болмайды»: Берік Уәли өңірдегі ахуалға қатысты пікір білдірді
Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесуде Аягөз ауданында жұмыс істеп жатқан шет елдік азаматтарға қатысты пікір білдірді. Олардың заң аясында еңбек етіп жүргенін, облыс экономикасына үлес қосып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Әскери оқытушы Қазақстанның үздік инженері атанды
Ұлттық инженерлік академия өткізген X мерейтойлық республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери радиотехника және электроника негіздері кафедрасы бастығының орынбасары подполковник Нұржан Зікірияев «Қазақстанның үздік инженері – 2025» атағына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчын қайдан көруге болады?
Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының 6-туры аясында алматылық «Қайрат» Грекияның «Олимпиакос» футбол клубымен кездеседі. Ойын сағат 20:20-да басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Астанада таңертеңнен бері 100-ге жуық жол апаты тіркелді
Бүгін елордада қалың қар жауып, жолдардың тайғақ болуы салдарынан 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Желтоқсан, 2025
Қазақстандағы 662 стоматологиялық клиникаға тексеріс жүргізіледі
Елімізде балалардың бір сәтте бірнеше тісін жалпы наркозбен емдеу жағдайлары бойынша шағымдар жиілеп кеткен соң, Денсаулық сақтау министрлігі стоматалогиялық клиникаларға тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
Республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Астанада қараша айының 25-29 күндері ауылдық мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Ақтөбе облысында автобус апатынан бес шетелдік қаза тапты
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 7 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 8:40-та Самара – Шымкент тас жолында болған. 49 жолаушысы бар автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған. Салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды
7 желтоқсан күні шамамен түнгі 23:10-да Алматы қаласының Әуезов ауданында Škoda көлігі Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Салдарынан көлік тоқтап тұрған жолаушылар автобусына, содан кейін инерция салдарынан Volvo көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысындағы жол апатынан 3 адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсанда Шемонаиха-Усть-Таловка тасжолында болған. Салдарынан бір жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Желтоқсан, 2025
Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті ресми сапармен келеді
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі • 08 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде нашақорлар жиналатын бірнеше притон әшкереленді
Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көпқабатты үйлердің қабырғаларына жазылған 44 есірткі жарнамасы анықталып, осы іс бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ маскүнемдер мен нашақорлардың бірігіп, есірткі қабылдап, ішімдік ішуіне үй-жайларын берген екі пәтер иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару кезінде полицей қаза тапты
Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторы Асанәлі Әскербековтің қызмет бабында қаза болуына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Римде 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Енді патрулдік полиция жүргізушінің жеке деректерін тексере алмайды
Елімізде енді полиция қызметкерлері планшет арқылы жүргізушілердің жеке деректерін көре алмайды. Сақшылар үшін сенсорлық құрылғы тек хаттама толтыруға жарайды, деп хабарлайды Egemen.kz Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 05 Желтоқсан, 2025
Израиль Ливан аумағына соққы жасады
Израиль Ливанның оңтүстік бөлігін нысанаға алып, соққы жасады. Әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Израиль тарапы бұл әрекетті «Хезболла» қозғалысына қарсы қауіптің алдын алу деп түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Сәтбаевта балаға буллинг жасаған балабақша қызметкері жұмыстан қуылды
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының тұрғыны мемлекеттік балабақшада балалардың қызына буллинг жасайтынын айтып, шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Қазақстан полицейі әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Жаһандық жарыс Ресейдің Саратов қаласында әмбебап жекпе-жектен өтті. Қарашаның 25-30 күндері өткен додаға 32 елдің спортшысы қатысты. Олар кедергілер жолағынан өту, пышақ лақтыру, пневматикалық қарудан ату, қоян-қолтық ұрыс бойынша сайысты, деп жазады Egemen.kz.