е
Қоғам • 18 Қараша, 2025
18 қарашадан бастап алаяқтардың SIM-карталары бұғатталады
Байланыс операторлары шағым түскеннен кейін, сондай-ақ Ұлттық банктің антифрод орталығымен интеграцияланған антифрод жүйелері арқылы алаяқтық белгілері анықталған жағдайда – 2 жұмыс күні ішінде бұғаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Қараша, 2025
Алматының медициналық мекемелері неге күшейтілген режимге көшті?
Дәл осы күндері мегаполисте ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр. Мұндайда азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек қалай ұйымдастырылады деген мәселе күн тәртібіне шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Өзбекстаннан Қазақстанға көшу қарқыны жиіледі
Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанға басқа елдерден тұрақты тұру үшін 16,2 мың адам келсе, оның 8,3 мыңы, яғни 51%-ы бұрын Өзбекстанда тұрғандар екен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректері көрсетіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Шорт-тректен 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанаға жұмыс сапарымен келген Халықаралық конькишілер одағының (ISU) конькимен жүгіру спорты жөніндегі директоры Хуго Херрнхофпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Бір миллионнан астам ата-ана педагогикалық қолдау орталықтарының көмегіне жүгінген
Педагогикалық қолдау орталықтарында ата-аналарға арналған 3.0 бағдарламасы жалғасып жатыр. Саналы ата-ана болу дағдыларын дамыту және мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуды мақсат еткен бағдарлама аясында оқу жылының басынан бері педагогикалық қолдау орталықтары 30 мыңнан астам сабақ өткізіп, оған 1 миллионнан астам ата-ана қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Қараша, 2025
Бір палаталы Парламентке көшуді ел халқының көпшілігі қолдады
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері парламенттік реформаны қоғамның жоғары деңгейде қолдайтынын көрсетіп отыр. Еске салайық, реформаның негізгі элементтері – бір палаталы Парламентке көшу және заң шығару органын тек партиялық тізімдер арқылы қалыптастыру екені мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 18 Қараша, 2025
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қордай ауданына қарасты Қақпатас ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қараша, 2025
Түркістандағы 12 адамның қазасы: Өрттен аман қалғандардың жағдайы белгілі болды
Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдегі өрттің салдарынан екі ересек және бір бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Көкшетауда үш бала суға батып кете жаздады
Көкшетауда 2016 және 2017 жылы туған үш бала абайсызда суға батып кете жаздады. Қылшақты өзенінің жағасында ойнап жүрген балалар табан астындағы сәбидің еңбегіндей былқылдаған мұздың қалай ойылып кеткенін аңғармай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды
Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Вьетнамдық компания Қазақстанда электр таксиді іске қосқысы келеді
«Kazakh invest» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Вьетнамның VinGroup SNG холдингінің делегациясымен кездесті. Делегация құрамына холдингтің еншілес Green and Smart Mobility (GSM) компаниясының бас директоры Нгуен Ван Тхань бастаған өкілдер енген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 18 Қараша, 2025
7 гектар жер алды: Қытайлық компания Жамбыл облысында ерекше жобаны бастады
Аталған облыстың Жамбыл ауданына қарасты Әулиекөл ауылында қуаты 50 МВт болатын жаңа бу-газ электр станциясының (БГЭС) құрылысын бастауға арналған капсула салу салтанатты рәсімі «Жамбыл Invest: жаңа жобалар – жаңа жұмыс орындары» атты республикалық баспасөз туры аясында өтіп, оған облыс әкімі Ербол Қарашүкеев, инвесторлар өкілдері, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілі Жандос Рүстембаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 18 Қараша, 2025
Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған «JULDYZ» көрмесі ашылды
Димаш Құдайбергеннің Еуропадағы жеке концерттерімен қатар, 12-17 қараша аралығында «JULDYZ» көрмесі өтті. Экспозицияда суретші Punktgeläut әншінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін туындыларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Қараша, 2025
Президент Түркістан облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 18 Қараша, 2025
Қостанайда бір аптада мас күйінде көлік жүргізген 49 адам ұсталды
Қостанай облысында соңғы екі күннің ішінде 3061 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Полиция 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін анықтап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 17 Қараша, 2025
Есірткі сатқан дәріханаларға 150 миллион теңге айыппұл салынды
Қазақстанда ІІМ қызметкерлері құрамында есірткі бар және күшті әсер ететін 100 мыңнан астам дәрілік заттың айналымын бақылауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 17 Қараша, 2025
Елімізде маусымдық тұмау белсенді тарап жатыр. Мұның себебін инфекционист Мадияр Ермекұлы тарқатып түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Қараша, 2025
Қарағандылық балуан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Жапония астанасы Токиода есту қабілеті зақымданған спортшылардың төрт жылда бір өтетін XXV жазғы Сурдлимпиадасы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Қараша, 2025
Еуро-2027 іріктеу турнирі: 90-минутта соғылған гол Қазақстанды жеңістен айырды
Қазақстан жастар құрамасы (U21) Молдоваға қарсы Еуро-2027 іріктеу ойынында тең түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 17 Қараша, 2025
Ұлттық академиялық кітапханада эстон әдебиеті бұрышы ашылды
Ұлттық академиялық кітапханада Эстония Президенті Алар Каристің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында эстон әдебиеті бұрышының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 17 Қараша, 2025
Келесі жылы әлеуметтік төлемдер алуға мемлекет бюджетінен қанша қаржы бөлінеді?
Елімізде 2026 жылға арналған бюджет қалыптасып жатыр. Жобаға сәйкес, Қаржы министрлігі кірістерді 22,8 трлн теңге, ал шығыстарды 27,2 трлн теңге көлемінде болжайды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 17 Қараша, 2025
«Түрік ғажаптары» Ақтауға келді
Ақтауда Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының гранттық тапсырысымен Түркия мемлекетінде бір айға жуық шығармашылық сапарда болған суретшілердің арт-экспедициясы аясында «Түрік ғажаптары» атты сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қараша, 2025
Әйгілі әуе компаниясы бортта гаджет пайдалануға тыйым салды
Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшу кезінде сыртқы аккумуляторларды (power bank) пайдалануға толық тыйым салынатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қараша, 2025
Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 17 Қараша, 2025
Алматыда студенттер күні қалай өтті?
Ел жастарының елеулі бөлігі тұрып жатқан Алматыда Халықаралық студенттер күні аталып өтті. Мереке аясында қалада студенттердің белсенді өмірі мен жастар әлеуетін дамытуға арналған ALMATY STUDENT’S WEEK 2025 апталығы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 17 Қараша, 2025
Қазақстан мен Эстония басшылары келіссөз жүргізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қараша, 2025
АҚШ виза беру тәртібін қатаңдатты: Созылмалы аурулары бар өтініш берушілерге талап күшейді
Өткен аптада АҚШ-та шетелдіктерге тұрақты тұруға мүмкіндік беретін визаларды беру тәртібіне өзгерістер енгізілді. NDTV мәліметінше, жаңа ережелерге сай егер өтініш беруші созылмалы дерттермен ауыратын болса, мәселен, семіздік немесе диабет сияқты жағдайлар анықталса, бұл виза беруден бас тартуға себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қараша, 2025
Фаина Мейрманова Сурдлимпиада рекордын орнатып, чемпион атанды
Бүгін Сурдлимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан ұлттық құрама спортшылары ұзындыққа, биіктікке секіру және әртүрлі дистанцияға жүгіруден сынға түсіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қараша, 2025
Бестеректегі 4 баланың өліміне себеп болған жол апатына қатысты іс сотқа жіберілді
Абай облысының Үржар ауданында төрт бірдей баланың қазасымен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс сот қарауына жолданды. Процесс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша ашық түрде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Қараша, 2025
Жоқ оқушыға миллиондар төленген: Үкімет жекеменшік мектептердегі заңсыз схемаларды әшкереледі
Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік қолдау жүйесін және жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде жекеменшік мектептер қызметін реттеудің жаңа тетігін жетілдіру бойынша кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.