ай
Ауа райы • 30 Желтоқсан, 2025
2025 жылдың соңғы күнінде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
30 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде мұздақ жаңбыр, көктайғақ және қатты жел тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2025
Ерболат Омаров Атырау облысының басқармасына екінші рет басшы болды
Атырау облысы әкімінің өкімімен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына Ерболат Омаров кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысының жедел қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Қостанай облысын бір-ақ күн ішінде басып қалған қалың қар жол қатынасын қиындатып, жұртты әбігерге салып қойды. Полиция, жол қызметі, ТЖД құтқарушылары күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2025
Шығармашылық зертхана: Айт-ман не айтқысы келеді?
Көркем шығарманы түсініп оқу – оны жазуға кеткен еңбекпен пара-пар үдеріс. Автор бейнелеп отырған өмір өзінің де санасында жаңғырып, өзі де сол өмірдің бөлшегіне айналуы үшін оқырман да санасына салмақ түсіруі қажет. «Мені қызықтыр», «не айтқың келгеніңді түсіндір» дейтін адамдар Гогольдің сиқыршы кейіпкері Пацюктің тамақ ішкенін еске түсіреді. Ол бұған келгенде мүлде қиналмайтын. Оның алдында бір тәрелке вареник пен қаймақ тұратын. Әлгі варениктер сиқырдың күшімен өзі көтеріліп, қаймаққа күмп етіп алып Пацюктің аузына қарай ағыла беретін. Бірақ оқу процесі Пацюктің түскі асына түк те ұқсамайтын құбылыс. Мұнда ешқандай сиқыр идеяны қара сөздің қаймағына матырып асқазаныңа жөнелтпейді. Шығарманы оқу нәтижелі болуы үшін оқырман өзі еңбек етуі керек, әрі ешқандай ғажайып оны бұл жұмыстан босата алмайды. Мәтіндегі күрделі сөздерді түсінуден бөлек, ондағы мәнді қабылдай алу үшін оқырман да шығармашылық еңбекке араласу қажет.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда жолдардың жабылуына байланысты қосымша пойыздар іске қосылды
Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше тасжолда қозғалыс шектелді. Осыған орай «Жолаушылар тасымалы» компаниясы азаматтардың діттеген жеріне аман-есен жетуі үшін 13 қала маңындағы пойызды ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Астана әуежайында ауа райы салдарынан 11 рейс кешігіп қонды
Ауа райының күрделі жағдайы сақталып, мұз қататын жаңбыр салдарынан бірқатар рейс кешігіп орындалып жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
КТК теңіз терминалы мұнай қабылдауды тоқтатты
Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалы резервуарлар паркінің толуына байланысты мұнай қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Жапония Абай облысына 7 млн доллардан астам қаражат бөледі
Жапония үкіметі Семей медицина университетінің госпиталіне заманауи медициналық құрылғылар сатып алу үшін 7 миллион доллардан астам грант бөлді. Бұл көмек ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы жыл басынан бері 95 заң мен 388 жарлыққа қол қойды
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл атқарған нормативтік-құқықтық жұмыстарының қорытындысын жариялады. Мемлекет басшысы стратегиялық маңызы бар кодекстермен қатар, жаңа қалалардың мәртебесін айқындайтын құжаттарды бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Желтоқсан, 2025
Өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы 500-ге жуық қызметкерге жоғары марапаттар табысталды
Президент Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы кәсіптік білім беру саласын реформалаумен және қарапайым еңбек адамдарын дәріптеумен есте қалды. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында атқарылған істерді Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда үш жаңа әуежай салынады
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының елімізді ірі транзит хабына айналдыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2025
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана – Қарағанды тасжолы шұғыл жабылды
30 желтоқсан күні сағат 08:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана – Қарағанды бағытындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Желтоқсан, 2025
Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Астанада 30 желтоқсан күні түнгі уақытта жауын-шашын жауып, арты көктайғаққа айналды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Көктайғаққа байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бүгін таңертеңнен ауа райының нашарлап, жолдардың көктайғақ болуына байланысты 5 облыста көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынып отыр. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жол жайына қатысты толық ақпаратты 1403 байланыс орталығынан білуге болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Желтоқсан, 2025
Ауа райы бұзылып, екі облыста жол жабылды
ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Инфрақұрылым • 29 Желтоқсан, 2025
Жолдағы мұзды кетіру үшін қолданылып келген тұздан бас тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның бірқатар қаласында ХҚО-лардың мекенжайлары өзгереді
2026 жылдың алғашқы күндерінде Қазақстанның бірнеше қаласында кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лардың мекенжайлары өзгереді. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Telegram-арнасында хабарланды.
Мәдениет • 29 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мәртебесін иеленді. Өнерпаз бұл байқауда өзінің екі бірдей туындысымен бақ сынаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Желтоқсан, 2025
Мереке күндері ауа райы 15 градусқа дейін жылынады
«Қазгидромет» синоптиктері еліміздегі суық антициклонды оңтүстіктен келетін жылы циклон ығыстыратынын хабарлады. Болжам бойынша, мереке күндері оңтүстік өңірлерде күн күрт жылынса, орталық аймақтарда жауын-шашын қарға ұласады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» Анарбековты сата ма? Клубтың соңғы шешімі белгілі болды
Алматылық «Қайрат» футбол клубының басшылығы маусым қаһарманы, қақпашы Темірлан Анарбековке қатысты түбегейлі шешім қабылдады. Клуб 22 жастағы дарынды ойыншыны осы қыста ешбір командаға бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Желтоқсан, 2025
Тайвань айналасы қоршауға алынады: Қытай ертең әскери дайындықты бастайды
Қытай Тайвань аралының айналысында бес бірдей аймақты қоршап, ауқымды әскери дайындығын бастайтынын жариялады. 30 желтоқсанға жоспарланған бұл шараға құрлық, теңіз, әуе және зымыран әскерлерінің бөлімшелері қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Желтоқсан, 2025
Бүгін бірқатар облыста қар жауып, боран соғады
Синоптиктердің болжауынша 29 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Астана әуежайында жұмыс режимі күшейтілді
Жаңа жыл мерекесіне байланысты Астана халықаралық әуежайы күшейтілген жұмыс режиміне өтті. Елдің басты әуе айлағында жолаушылардың қауіпсіздігі мен әуежайдың штаттық жұмысын қамтамасыз ететін бірнеше қызмет бір мезетте қарқынды атқарылады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Желтоқсан, 2025
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді. 28 желтоқсан күні таңертең басталған боран мен көріну деңгейінің төмендеуі жол қозғалысына қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
АҚШ-та қарлы боран салдарынан 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді
АҚШ-та ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді. Елдің солтүстік-шығыс өңірін қалың қар басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан 5 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды
Тайвань мен Перу жағалауларында бір мезгілде қуатты жер сілкіністері тіркелді. Тайвань билігі алдағы апта бойы магнитудасы 5 балдан асатын афтершоктар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Желтоқсан, 2025
28 желтоқсанда еліміздің екі облысында жолдар жабылады
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның екі облысында жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның екі өңірінде республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Желтоқсан, 2025
Малайзиядағы ең ірі жемқорлық жанжалы: экс-премьер 15 жылға сотталды
Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разак мемлекеттік инвестициялық 1Malaysia Development Berhad (1MDB) қорының қаражатын жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.