е
Қоғам • Бүгін, 16:47
Ескі 10 мың теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімі ұзартылды
Ұлттық банк номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін 2027 жылғы маусымға дейін ұзартты. Бұл шешім қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысын ескере отырып қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • Бүгін, 16:03
28 наурызда онкологиялық орталықтар келушілерді тегін қабылдайды
28 наурыз күні еліміздің барлық өңірлік, қалалық және облыстық онкологиялық орталығында бірыңғай ашық есік күні өтеді. Бұл күні медициналық мекемелер келушілерді тегін тексереді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • Бүгін, 15:57
Қазақстан QS 2026 пәндік рейтингіндегі позициясын нығайтты
Отандық жоғары оқу орындары әлемнің үздік университеттерін айқындайтын QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингінде өз орнын нығайта түсті. Бұл – елдің білім беру жүйесінің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсететін маңызды көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 15:42
Ішінде жүкті әйел болған: Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылды
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылды. Оқиға қаладағы Сәңкібай батыр даңғылы бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 15:31
164 млн теңге шығын: Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚКО-ның қызметкерлері сотталды
Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты. Алматы қаласы прокуратурасының мәлімдеуінше, олар жүк көліктерін жалған құжаттар арқылы заңсыз тіркеп, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 14:29
Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрімен не туралы сөйлесті?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банк • Бүгін, 14:12
Қазақстанда жаңа шетелдік банк пайда болады
Қазақстанда «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» еншілес банкі ашылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Abu Dhabi Commercial Bank PJSC-ке елімізде еншілес банк құруға рұқсат берді. Бұл қадам Мемлекет басшысының банк секторында бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 13:42
Алматыда жолдан өтпек болған әйелді көлік қағып кетті
Алматы қаласында тағы бір қайғылы жол апаты болды. Әл-Фараби даңғылында жолдан өтпек болған әйел көліктің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • Бүгін, 13:20
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series турнирінің алғашқы кездесуінде Намибияны жеңді. «Астана Арена» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 12:55
Президент: Мемлекет паралимпиада қозғалысын қолдауға айрықша мән береді
Қасым-Жомарт Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан құрылып жатқаны туралы ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • Бүгін, 12:40
Ербол Хамитовқа III дәрежелі «Барыс» ордені табысталды
Мемлекет басшысы ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарындағы (Италия) жоғары спорттық жетістіктері үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады
Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:16
«Таза Қазақстан»: Астанада 483 жүк көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде полицейлер қоршаған ортаны қорғауға бағытталған рейдтік іс-шараларды күшейтіп, ондаған мың құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • Бүгін, 12:07
Шекарадан заңсыз өтпек болған 18 шетелдік ұсталды
Биыл наурыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қон, контрабанда және есірткі заттарының таралуына қарсы бірқатар шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • Бүгін, 11:55
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
Чехияның Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Жаһан біріншілігінде ел намысын Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев қорғайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:47
Ақтөбе облысында бір жылда 100-ге жуық жасөспірім қыз жүкті болып қалған
2025 жылы Актөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болды (2024 жылы бұл көрсеткіш 107 болған). Олардың көбі 17-18 жастағы колледж студенттері және кейбір мектеп оқушылары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:01
Степногорскте 1500 гектардан астам жер мемлекет меншігіне өтті
Степногорск қаласының прокуратурасы 1 500 гектардан астам жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Прокурорлық тексеру нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 52 млн теңге болатын бұл жерлер заңсыз пайдаланылып келгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Бүгін, 10:51
Енді шетелдегі отандастар төлқұжатты 40 күнде ала алады
Қазір құжаттарды ресімдеу 90 күнге дейін созылса, жаңа ереже қабылданса, бұл мерзім 40 жұмыс күніне дейін қысқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 10:13
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • Бүгін, 10:01
Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді
Беделді Goal спорт басылымы жыл сайынғы NXGN 2026 рейтингін жариялады. Аталған тізімге әлемдегі ең талантты 50 жас футболшы енген, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады
Қазақстанда 26 наурыз күні ауа райы күрт құбылып, кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • Бүгін, 09:45
Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалына шықты
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Жартылай финалда ол тағы да Арина Соболенкомен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • Бүгін, 09:35
Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?
30 наурыз-10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатырда World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан бокс федерациясы дүбірлі додада ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 09:16
Шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тартқандар жазаланды
Солтүстік Қазақстан облысында 17-20 наурыз аралығында өткен көші-қон қызметінің «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы төрт күн ішінде шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 14 дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • Кеше
Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп пен энергетика, көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • Кеше
Елордада республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Астанада 9-11 (12) сынып оқушылары арасында физика және биология пәндері бойынша өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталып, үздіктерге құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жеңімпаздарға алтын медаль табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • Кеше
Жамбылда 105 жас педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды
Жамбыл облысында білім беру саласын білікті кадрлармен толықтыруға бағытталған жаңа бастама нәтижесін беріп отыр. Жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерді конкурссыз жұмысқа қабылдау тәжірибесі арқылы жас мамандар мектептерге тікелей орналастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Ақтөбеде полицей шетелдік азаматқа көмек көрсетті
Ақтөбе облысында көлігі бұзылып, жолда қалған Қытай азаматына полицей дер кезінде көмек көрсетіп, оның сапарын жалғастыруына жағдай жасады. Шетелдік азамат көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • Кеше
Қарағандылық майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды
Қарағанды қаласында екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Александр Ильич Балабас ғасырлық мерейтойын атап өтті. Құрметті датаға орай әскери қызметшілер ардагерді арнайы құттықтап, Қорғаныс министрінің хатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • Кеше
Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды
Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.