Теңіз
Экономика • 28 Қаңтар, 2026
Теңіз кенішіндегі өрт: Министр өндіріс қашан қайта жанданатынын айтты
Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кен орны – Теңізде мұнай өндіру алдағы бір апта ішінде толық қалпына келтіріледі. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Қаңтар, 2026
«Теңіз» кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды
Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнынан мұнай өндіру қайта жалғасты. «Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі бұл деректі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Мұнай өндірісі тоқтап тұр: Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында тексеру жүргізіп жатыр
Қазақстан Энергетика министрлігінің арнайы комиссиясы Теңіздегі мұнай өндірісінің тоқтатылуына байланысты тексеруді бастады. Комиссия электр станциясындағы газтурбиналық қондырғылардың ажырауына себеп болған жағдайларға техникалық талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Теңіз кен орнында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
Теңіз кен орнында өрт шығуына байланысты электрмен жабдықтауда іркіліс болып, мұнай өндіру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 13 Қаңтар, 2026
Майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды
Ақтау қаласында 99 жасқа толған соғыс ардагері Василий Салазкинге Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Әскери-теңіз күштерінің қызметкерлері министрдің атынан құттықтау хатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Қаңтар, 2026
«Теңізшевройл» қазақ экономикасына қандай үлес қосты?
Соңғы он жылда еліміздің республикалық және жергілікті бюджеттеріне түскен жиынтық салық түсімдері (Ұлттық қорға түсетін түсімдерді есептемегенде) шамамен төрт есеге өсіп, 5,4 трлн теңгеден 21,6 трлн теңгеге жетті. Өсімнің негізгі серпіні 2020 жылдан кейінгі кезеңге тиесілі болып отыр. Бұл өсім экономиканың қалпына келуі, шикізат бағасының көтерілуі мен салық базасының кеңеюімен байланысты тіркеліп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 01 Қаңтар, 2026
«Мерт болған адамдар бар»: АҚШ Кариб теңізінде 2 кемеге соққы берді
31 желтоқсанда АҚШ әскерилері Кариб теңізінде 2 кеме нысанын соққыға ұшыратты. Қаза тапқандар саны – 5 адам. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік командасы әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2025
Құрық портында теңіз табаны 5 метрге тереңдетіледі
ERSAI индустриялық порты Құрық портында акватория мен кірме арнаның түбін тереңдету жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыруға кірісті. Жоба бойынша теңіз түбінің тереңдігін 5 метрге дейін ұлғайту және жыл бойы үздіксіз навигацияны қамтамасыз ету көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 04 Желтоқсан, 2025
Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың шабақтары жіберілді
Маңғыстау облысында теңіз аквашаруашылығы саласының жаңа кезеңі басталды. Қарақия ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан «Organic fish» ЖШС-нің теңіз фермерлігі жобасы аясында Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың алғашқы партиясы – салмағы 200 грамм болатын 2 000 кг (9 890 дана) шабақ жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Ақтауда жаңа теңіз порты салынады
Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті нығайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Маңғыстау облысында жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 12 Қараша, 2025
Жас экологтар Каспий итбалығын қорғауға атсалысып жүр
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Эколидер» еріктілер клубының бастамасымен маңызды экологиялық кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
Ақтау теңіз солтүстік терминалы экспорт қарқынын күшейтті
2025 жылдың он айында Ақтау теңіз солтүстік терминалының жұмыс қарқынын арттырғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 04 Қараша, 2025
«Ақтау теңіз портына» 25 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы өңір экономикасының тұрақты дамуына серпін беріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Мереке қарсаңында Каспий теңізіне жаңа кеме түсірілді
Республика күні мерекесіне орай Ақтаудағы 20-кемелер айлағында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қарасты Жағалау күзеті бірінші дивизионының «Семей» кіші күзет кемесіне теңіз дәстүріне сай ту көтеру салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Тамыз, 2025
Ақтауда климаттық өзгерістердің Каспий экожүйесіне ықпалы талқыланды
Ақтау қаласында Каспий күніне орай ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ғаламдық климаттық өзгерістер жағдайындағы Каспий теңізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникациялар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Тамыз, 2025
Үкімет Каспий теңізі институтына 305 млн теңге бөлді
Бұл қаржы Мемлекет басшысының Каспий теңізі проблемаларын кешенді зерттеу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа Үкімет резервінен бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Тамыз, 2025
Каспий теңізінде 3,2 балдық жер сілкінісі болды
12 тамызда күндіз Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Каспий теңізінде мұнай дақтары пайда болды
«Каспийдегі ашық әлем» жобасының мамандары спутник арқылы түсірілген суреттерді қарап, теңіздің Ресей мен Қазақстан жағында мұнаймен ластану белгілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Шілде, 2025
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмология қызметі орталығының мәліметінше, 29 шілде күні Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Шілде, 2025
Министр Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты
8 шілдеде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда облысына барған жұмыс сапары барысында Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан орман – мелиорация жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 17 Маусым, 2025
Ақтауда «Каспий самалы-2025» әскери жаттығуы басталды
Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Маусым, 2025
Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынай бастайды
2025 жылдың соңына қарай Каспий теңізінде Ақтаудан Махачкалаға дейін круиздік лайнер қатынасы қолға алынады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Ақтау теңіз портының басшысы ұсталды
Ақтауда «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 28 Мамыр, 2025
Арал теңізінің құрғаған түбін көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Елемесов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Мамыр, 2025
Ақтау гарнизонында сүңгуірлердің дайындығы аяқталды
Ақтау гарнизонында сүңгуірлік даярлық бойынша оқу-әдістемелік жиналыс табысты аяқталды. Бұл шараға барлығы 15 адам қатысты, оның ішінде кеменің штаттан тыс сүңгуірлері де болды, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 26 Мамыр, 2025
Теңіз үні ме, жүректің сыбыры ма
Жаздың шуақты күндері жақындап келеді. Демалыс, теңіз, құм... Балалықтың тәтті естеліктері қайта жаңғырып, жағалаудағы ескі бір сәттер еске түседі. Құлаққа тақалған ұлу қабығынан естілетін жұмбақ дыбыс — шын мәнінде нені білдіреді?
Театр • 22 Мамыр, 2025
«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – Жезқазғанда
Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрында ұлы жазушы Ш.Айтматов повесі желісімен жазылған «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» спектаклінің алдын ала көрсетілімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 23 Сәуір, 2025
Қазақстан ғалымдарының келтірген деректеріне қарағанда, Каспий теңізі деңгейі төмендеп келе жатыр. 2050 жылға қарай бұл төмендеу 33 метрге дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Маңғыстау көлік-логистикасының даму барысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды рөлге ие басты логистикалық хабтың бірі – Ақтау халықаралық теңіз портына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 18 Наурыз, 2025
Каспийде Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті
Каспий теңізінің акваториясында генерал-майор Серік Борамбаевтың басшылығымен Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті. Оның белсенді кезеңін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қадағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.