Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
544 материал табылды

Өнер • 04 Желтоқсан, 2024

Ажары ашылған «Айсұлу»

Биыл композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдық мерейтойы. Атаулы датаға орай «Астана Опера» ұжымы сыршыл сазгердің «Айсұлу» комедиялық операсын қайта жаңғыртты. Араға 60 жыл салып жаңаша түрленген туынды сахналық тосын шешімдерімен көрерменін елең еткізді.

Кино • 30 Қараша, 2024

Қазақша сөйлеген «Моана»

Балаларға арналған сапалы туынды жасау, әсіресе елімізде кезек күттірмей­тін өзекті мәселелердің қатарында тұр. Күн арылтпай жарыққа шығып жатқан көп комедияның ішінен кейде көңіл серпілтіп, сәби көңіліне қуаныш ұяла­татын қызықты фильмдер көруге деген аңсар мен құлшыныстың да көп ті­легіне айналғаны қашан. Алайда балаларға келгенде баяулап қалатын отан­дық киноөндірістің өрісін кейінгі кезде «Disney» кеңейтіп жүр. Әйгілі голли­вудтық студия ұсынған анимациялық туындылардың қазақша үн қатуы кішкентай көрермендердің сол сұранысына аз да болса жауап беріп жатқаны қуантады.

Өнер • 27 Қараша, 2024

Абай рухымен сырласқан әнші

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темір­қа­зы­ғы­на айналуы қажет», деген тұжырымы, шын мәнін­де, ойлы оқыр­манның қай-қайсысының да санасына сәуле құяры хақ. Соның айқын айғағы болса керек, «Астана Опера» теат­рында өткен Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбіловтің қазақтың бас ақыны Абай Құнан­байұлының шығармашылығына арналған «Толық адам. Ой толғау. Хәкім Абай» монооперасы зор табыспен өтті.

Өнер • 23 Қараша, 2024

Ширек ғасыр белесіндегі «Наз»

«Тұрақты еңбек – өнердің де, өмірдің де заңы» деген О.Бальзактың әйгілі сөзі дәл осы «Наз» мемлекеттік би театрына қаратылып айтылғандай. Осыдан ширек ғасыр бұрын Астана қалалық филармониясының жанынан 4 биші қыздан шағын ансамбль ретінде құрылған айтулы өнер ордасы тынымсыз еңбек пен үздіксіз ізденістің арқасында бүгінде 130-дан аса қызметкері бар қазақ театр тарихындағы тұңғыш әрі өз кәсіби қолтаңбасы қалыптасқан ұлттық би театрына айналып отыр.

Өнер • 21 Қараша, 2024

Балет өнерінің белесі

Қазақ ұлттық хореография академиясында «Temps lié» III кәсіби хореографиялық оқу орындарының халықаралық фестивалі өтті. Айтулы мәдени оқиға халықаралық аренада балет өнерін дамытуға және ілгерілетуге, сондай-ақ әртүрлі елдердің хореографиялық мектептері арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Руханият • 06 Қараша, 2024

Сахна шеберлерінің мерекесі

Төр қаланы думанға бөлеген «Театр аll» III халықаралық театр­ фестивалі өз мәресіне жетті. Астана қаласы әкімдігі және Мәдениет басқармасының қолдауымен биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан дәстүрлі өнер мерекесі Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанованың драматургия­сына арналды.

Сұхбат • 05 Қараша, 2024

Жангелді БИМОЛДИН, Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры: Мұрағаты түгел ел мұратына жетеді

– Жангелді Бержанұлы, бір ғұлама: «Өткен тарихты білмеген адам нәресте күйінде қалады» деген екен. «Архивсіз тарих жоқ, тарихсыз халық жоқ» деген қағида тағы бар. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?

Руханият • 02 Қараша, 2024

Жазушының шығармашылық зертханасы

Мұндай ғажап та тарихи сәтті қолына қалам ұстаған кез келген қаламгер армандайтын шығар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бір аптаға созылған суреткер шығармашылығын зерделеуге арналған мазмұнды шараның барлығы да жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Франц Кафка медалінің иегері, профессор Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Өнер • 29 Қазан, 2024

«Салтанаттың» салтанаты

Елорда төріндегі Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің Республика күніне арналған «Күн дидарлы Қазақстан» атты концерті көрерменнің қошеметіне бөленді. Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен өткен өнер кеші көркемдік деңгейінің жоғарылығымен де көңілге құрмет орнықтырды.

Өнер • 16 Қазан, 2024

Майраның әні

«Майра Мұхамедқызы. Сахнада 30 жыл». «Астана Опера» театры сахнасында дәл осындай атаумен өткен керемет концерт тыңдарман үшін атағы жаһанға жеткен әншінің сахнадағы ширек ғасырдан астам өмірінің өнер өрімдерін көрсеткен тамаша тарту болды.

Яндекс.Метрика