Taza.kz
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
350 материал табылды

Ауа райы • 28 Қараша, 2025

Ерте қамданған қапы қалмайды

Ауа райын болжаушылар Ертіс-Баян өңірінде келесі жылдың ақпан, наурыз айлары әдеттегіден 2 градусқа жылы болады деп болжап отыр. Бұл жазғытұрым қардың күрт еруіне әкеліп, су тасқыны мезгілін күрделендіре түсуі ықтимал.

Аймақтар • 27 Қараша, 2025

Мәшһүр Жүсіп ауылындағы оң тірлік

Ауыл әкімі – ауылдың дамуындағы негізгі қозғаушы күш. Баянауылдың шеткі елді мекендерінің бірі Мәшһүр Жүсіп ауылы кейінгі жылдары түрленіп, келбетінің арта түсуін жергілікті жұрт ауыл әкімі Сәбит Кенжалиннің іскерлігімен байланыстырады. Жас әрі әлеуеті мол басшы биыл көптің қолдауымен екінші мерзімге сайланды.

Білім • 27 Қараша, 2025

Он үш жасар оқушының өнертабысы

Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі­нің 7-сынып оқушысы Қайсар Жұмабек ұстазының жетекшілігімен су са­па­­сын тексеретін тестері бар дронның прототипін жасап шығарды. Ол бо­­ла­­шақта су және ауыл шаруашылығы нысандары үшін ауадай қажет болуы мүмкін.

Қоғам • 27 Қараша, 2025

«Ertis» арнасына – 60 жыл

Ертіс-Баян өңірінің ақпарат мінберіне айналған облыстық «Ertis» телеарнасына 60 жыл толды. Аймақтың басты арнасы осы уақыт ішінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаушы, қоғам өмірінің айнасы бола білді.

Руханият • 27 Қараша, 2025

Құсбегілер бәсекесі

Баянауылда әйгілі құсбегі Мәуия Әбікейұлының 125 жылдығына арналған республикалық құсбегілер сайысы өтті. Еліміздің әр өңірінен қыран құс пен тазы баптаған саятшылар қатысып, бабадан қалған өнердің биік рухын көрсетті.

Экономика • 26 Қараша, 2025

Май зауыты салынып жатыр

Ертіс-Баян өңірі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ісіне сырттан инвесторларды тартуды жалғастырып жатыр. Жақын уақытта мұнда май экстракциясы зауытының құрылысы аяқталып, жылына 90 мың тонна шикізатты өңдеу көзделіп отыр.

Экономика • 25 Қараша, 2025

Өндірісті өңірдің өрісті кәсіпорны

Екібастұзда әлемдегі ең ірі ферросилиций зауыты іске қосылды. Аталған жоба – индустрияландыру аясын­дағы кезекті нысан ғана емес, жоғары тех­нологияларға, экс­портқа және өңірлер­дің тұрақты дамуына негізделген еліміз­дің жаңа экономика­лық дәуірінің рәмізіне айналуға тиіс.

Экономика • 25 Қараша, 2025

Биыл рекордтық астық жиналды

Биыл Ертіс-Баян өңірінің фермерлері 900 мың тоннаға жуық картоп жинады. Бүгінде өнімнің 10%-ы сыртқы елдерге экспортталған.

Қоғам • 22 Қараша, 2025

Фотосуретшінің музей-үйі жөндеуге зәру

Павлодардағы Дмитрий Багаевтың музей-үйі XIX ғасыр­да тұрғызылған көне үйде орналасқан. Бұл үйде фото­сурет­ші заманында әулие Мәшһүр Жүсіпті суретке түсіріп алған екен.

Қоғам • 21 Қараша, 2025

Тау-кен саласындағы маңызды бастама

Ертіс-Баян өңірінде ха­лықаралық стан­дарт­тарға сай кәсіби білік­тілікті тану орта­лығы ашылды. Бұл – тау-кен саласында еліміз кө­ле­мінде алғаш рет жү­зеге асып отырған кәсіп­тік жоба.

Яндекс.Метрика