Теңге • 24 Шілде, 2025
Дорбамызды доллармен толтырсақ
Кейінгі аптада еліміздегі айырбастау пункттерінде доллар бағамы 540 теңгеден асып кетті. Бұл күтпеген өсім көпшілік көңілін алаңдатып отыр. Мұндай күрт құбылысқа не себеп болды? Долларды қазірден сатып алу керек пе, әлде күткен дұрыс па? Осы және өзге де доллар туралы долбарымызға экономист, қаржы сарапшысы Бекнұр Қисықов жауап берді.
Өндіріс • 24 Шілде, 2025
Солтүстік Қазақстанда бие сүтін өндіретін зауыт іске қосылады
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты Кутузовка ауылында құрылысы аяқталуға жақын қалған жаңа зауыт тамыз айында іске қосылады. Бұл құрғақ бие сүтін өндіретін өңірдегі алғашқы өндіріс орны болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада • 24 Шілде, 2025
Жас математиктер әлемдік олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
Еліміздің оқушылары Австралияда өтіп жатқан беделді халықаралық математикалық олимпиадада (IMO-2025 – International Mathematical Olympiad) жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Жалпыкомандалық есепте оқушыларымыз 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 24 Шілде, 2025
Ресей қазақстандық мұнай экспортына уақытша шектеу қойды
Қара теңіз арқылы қазақстандық мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Новороссийск портына жеткізіліп жүрген шикізат экспортын Ресей жағы уақытша тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Шілде, 2025
Чикунгунья вирусының індетке айналу қаупі бар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) чикунгунья вирусының індетке айналу қаупі жоғары екенін мәлімдеді. Аталған ауру маса шағуы арқылы таралады және қазіргі уақытта әлемнің 119 елінде 5,6 миллиардқа жуық адам қауіп аймағында өмір сүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 24 Шілде, 2025
Астаналық оқушының эссесі The New York Times басылымында жарияланды
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Фариза Фазыл беделді халықаралық шығармашылық байқауда үздіктер қатарынан көрінді. Ол The New York Times басылымы ұйымдастырған Open Letter Contest байқауында әлем бойынша үздік он қатысушының қатарына еніп, оның жазған ашық хаты аталған америкалық басылым бетінде жариялануға мүмкіндік алды, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 24 Шілде, 2025
Жетісу облысында 3,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық деректер орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 24 Шілде, 2025
Еуроодақ АҚШ өнімдеріне 30% баж салығын енгізеді
Еуропалық Одақ АҚШ енгізуі мүмкін 30%-дық тарифтерге жауап ретінде америкалық өнімдерге дәл сондай көлемде кедендік баж салығын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 24 Шілде, 2025
Биыл білім гранттары 19 мыңға қысқарады
Келесі оқу жылында Қазақстанда жоғары оқу орындарына 93 мың білім гранты бөлінеді. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 19 мыңға аз. 2024 жылы 112 мың грант ұсынылған еді. Бұл туралы вице-премьер Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 24 Шілде, 2025
Балаларға медициналық көмек көрсету жүйесі жаңарды
Елімізде бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) деңгейінде балаларға қызмет көрсету жүйесі түбегейлі жаңартылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталығының директоры Айгүл Қасымова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.