Архив • 24 Қазан, 2025
Шерхан Мұртазаның «Егеменде» сақталған мұрасы
Халық «намыс найзағайы» деп бекер айтпаса керек. Екі көзін Ақсу-Жабағылының барысындай қадап, тарғыл мұртын тікірейтіп, қақпақ жауырынын күжірейтіп, шамырқана шатынай, қыранша саңқылдай сөйлегенде қазақ баласы дүрілдете қол соғар еді. Ал жазғанда халқының арын арлап, жоғын жоқтаған көсемсөзі оқырманның көкірегіне қона кетіп, сай-сүйегін сырқырататын-ды. Бірақ бір сәт ойланайық. Ол бұл биікке қалай жетті? Әлбетте, оңай жеткен жоқ. Кемелдікке жетер жолдың шырғалаң һәм шытырман, қиыр да қиын соқпағынан өтті. Қаламгердің осынау бейнетті бел-белесінің бедері қойындәптері мен түрлі жазбасында сақталған.
Поэзия • 23 Қазан, 2025
«Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық мүшәйра өтеді
Астана қаласының Мәдениет басқармасы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық мүшәйра жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Қазан, 2025
Республика күні қарсаңында Ұлттық ұланда жаңа казарма ашылды
Көкшетау қаласында Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінде жаңа заманауи казарма пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 23 Қазан, 2025
«Мерейлі отбасы-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Елордада отбасы құндылықтарын дәріптейтін дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өз мәресіне жетті. Бұл – жыл сайын елдің түкпір-түкпіріндегі өнегелі әулеттерді біріктіретін, татулық пен сүйіспеншілікті насихаттайтын рухани мереке, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қазан, 2025
Елордада «Елім дегендер» байқауы өтті
Астанадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Республика күні қарсаңында өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Қазан, 2025
Алматыда қуыршақ өнерінің шымылдығы түрілген айтулы оқиға – III Халықаралық «Almaty Puppet Festival – 2025» өз мәресіне жетті. Мәдени мереке Алматы қаласы әкімдігінің қолдауы және Мемлекеттік қуыршақ театрының ұйымдастыруымен өткізілді, деп жазады Egemen.kz,
Жасанды интеллект • 22 Қазан, 2025
Адамзат тарихын алгоритм жаза ма
Жасанды интеллектінің кернеуі күн сайын күшейіп келеді. Адамзат ақпаратты сандыққа емес, сандық алгоритмге жүктеп, жеке деректерін жасанды интеллектіге аманаттай бастады. Бұл үрдістің қаншалықты қауіпті иә қауіпсіз екенін цифрлық коммуникациялар саласының зерттеушісі Айгүл Ахметовадан сұрап білдік.
Таным • 18 Қазан, 2025
Өнер иелері табиғатынан шығармашылық зертханасын көрсетуге әуес болмайды. Ақын-жазушылар шығармасын қалай дүниеге әкелгенін, оны жаратуда қандай көркем әдістерді қолданғанын айта бермейді. Бұл қасиет күйшілерде де бар.
Ғалам ғажаптары • 18 Қазан, 2025
Өзіңді танысаң, әлемді танисың. Аңдап қарасақ, ақиқат – алақанымызда екен. Ел аузындағы айқындықты айтқанда, «бес саусақтай білу», «алақанға салғандай» деуі де ежелгі түсініктен шықса керек.
Ғалам ғажаптары • 18 Қазан, 2025
Ғалымдар «Ер Төстікті» ғұн дәуірінен келе жатқан ертегіге жатқызады. Себебі онда ежелгі түркі мифологиясына тән ұғымдар мол сақталған. Ал Шойынқұлақ, Мыстан кемпір, Кенжекей сынды кейіпкер есімдері – бабаларымыздың ертеден кен игеріп, темір илегенінің мысалы.