Ғалам ғажаптары • 25 Қараша, 2025
Қазақ баласын ең әуелі ғарышқа самғатқан – Тазша бала. Әйгілі қырық өтірігінің бірінде ол жеті жылқысын жоғалтып алады.
Руханият • 24 Қараша, 2025
Шығармашылық зертхана: Лев Толстойдың жас жазушыларға кеңесі
«Нағыз сұмдық – біздің жұмыс һәм мұны бізден өңге ешкім білмейді». Бұл ақыл-ой арыстаны Лев Толстойдың Афанасий Фетке айтқан сыры болатын. Жазушы еңбегіне қатысты мұндай дәл анықтама табыла қоймас. Орыс хакімінің артында қалған тоқсан том еңбегі – әлем әдебиетіне қосылған орасан олжа. Қаламгердің шығармашылық мұрасын қаттаған Борис Эйхенбаум Толстойдың мұқым еңбегі әлемдегі ең көлемді Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігінен де зор екенін жазады. «Мұны баспа табағына шақсақ, шамамен үш мың табақ болады! Ал бетпен есептесек – елу мыңнан астам парақ шығады! Ал мұның бәрін қолжазба күйінде көрсеңіз, әсері әсем-ақ. Ал редактор үшін бұл – қиямет-қайым». Енді осы орайда сұрақ туады. Лев Толстой неге мұнша көп жазды? Ондағы жазушылық мұраты не? Жазу барысында нендей кезеңдерді бастан өткерді? Мұның бәріне Толстойдың шығармашылық зертханасынан жауап табамыз.
Теңге • 14 Қараша, 2025
Пілдің сүйегі немесе алғашқы ақша қалай пайда болды?
Адамзат ақыл-ойының жарқын жаңалығы – айырбас жүйесі. Бір сөзбен айтсақ, ақшаның пайда болуы. Экономиканың барлық тетігі осыған басыбайлы байланған. Дәл осы «шытырлақтардың» алақан қышытатын қасиеті қазір ғана емес, қадым заманнан бері бар. Сондықтан тарихы тым әріде жатқан ақша феноменің әлеуметтік мәнін зерделеп көрдік.
Әдебиет • 12 Қараша, 2025
Шығармашылық зертхана: Әзілхан әлемі
Шығармашылық әлем – күрделі де қызық құбылыс. Әр қаламгердің шығармасы қандай ерекше болса, оны жазу үдерісі де сондай ерекше. Айталық, Бальзак пен Достаевский түнде жазса, Толстой таңғы уақытты құп көрген. Хемингуэй шығармашылық жұмыспен тізе бүкпей, түрегеп тұрып айналысса, біздің ақын Ғалым Жайлыбай өлеңдерін етпетінен жатып жазғанды ұнатады. Мұндай ерекшелік жазушы Әзілхан Нұршайықовта жетерлік. Үшбу мақаламызда қаламгердің хаттары мен естеліктеріне сүйеніп, оның көркемдік кеңістігіне ұмтылдық. «Оның қаламгер болуына не әсер етті?», «кейіпкерлердің образын қайдан алды?», «оларды қандай жағдайда қағазға түсірді?» деген сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Әдебиет • 11 Қараша, 2025
Букер-2025: Давид Салайдың «Тән» романы туралы не білеміз?
2025 жылғы Букер сыйлығының лауреаты британ-венгр жазушысы Давид Салай атанды. Жазушы беделді марапатқа «Тән» яки «Flesh» романы үшін ие болды. Қазылар алқасы «айрықша құбылыс» деп бағалаған туындыны біз де зерделеп көрдік, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 07 Қараша, 2025
Шығармашылық зертхана: Тынымбай Нұрмағамбетов немесе қазақ не нәрсеге күледі?
Түсіндірме сөздік былай дейді: «Күлкі – ауыздың ашық күйінде шығатын, қысқа әрі қатты дем шығаратын қозғалыс яки ерекше үзік-үзік дыбыстармен қатар жүретін әрекет». Тұп-тура анықтама. «Бірақ күлкі тынысты кеңк-кеңк шығару механизмі ғана болса, онымен картадан жасалған үйшіктерді ғана құлатуға болар еді. Ол ешқашан эстетикалық мәнге ие болмас еді». Өнертанушы Юрий Боревтің сөзінің жаны бар. Расында, күлкі – күштілердің қаруы. Өйткені ешқандай нәрсе кемшілікті күлкі сияқты абыржытпайды. А. Герцен айтады: «күлкі – ең қуатты қиратушы құрал» деп. Онысы шындық. Жылап-сықтаған Руссоға қарағанда, күлкіге көмген Вольтердің «бұзып жойғаны» көп. Ал Чарли Чаплин біздің дәуірімізде юморды өшпенділік пен қорқынышқа қарсы дәрі деп санаған. Күлкі – күдік пен үрейдің бұлтын сейілтіп, әлемге жарық түсіретін күш деп есептеген. Ал қазақ күлкі ұғымына мүлде басқаша қарағаны анық.
Мәдениет • 06 Қараша, 2025
Ұлы тұлғалар жастық шағын қалай өткізді?
Талант табиғатының тамыры – еңбек. Әдебиет пен мәдениет саласындағы ұлы тұлғалар еңбекке ерте жастан етін үйреткен. Ұлы туындыларды ақ семсер кезінде жазып қалдыруға тырысқан. Уақыт пен күштің мол шағын барынша тиімді пайдалануға барын салған. Назарларыңызға тарихи тұлғалардың жастықтың жалқын қуатымен жасаған еңбектерін ұсынамыз.
Мәдениет • 06 Қараша, 2025
Жер аяғы кеңіп, судың тартылғандығы туралы қуанышты хабарды Нұх пайғамбардың кемесіне көгершін жеткізген көрінеді. Біздің де кемедей еліміз жаңа астана іздеп тарих толқынында қайраңдаған кезінде өзінің алғашқы көгершіндерін жіберді. Олардың ішінде қазіргі Елордамыздың мәдениетін көтеруге ерекше еңбек еткен өнерпаздар бар еді. Олар – күйші Анар Мұздаханова мен қобызшы Жанар Жүсіпова.
Тарих • 05 Қараша, 2025
Жошы ұлысы туралы бүгінгі ғалымдар не дейді?
Мармара университетінде «Алтын ордадағы ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Форумға Қазақстан, Ресей Федерациясы (Татарстан Республикасы) және Түркияның Алтын орда тарихын, мәдениеті мен рухани мұрасын зерттеп жүрген көрнекті ғалымдар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Қараша, 2025
Ақтоғай топырағында дүниеге келген дүлдүлдер мен бұлбұлдардың санында есеп жоқ. Әсет Найманбайұлынан басталған өнер керуені Күләш Байсейітова, Манарбек Ержановтармен жалғасып, «Тоқырауын толқындарына» ұласты. Шығармашылық ұжымның сахнада жүргеніне биыл – елу жыл. Соған орай халықтық ән-би ансамблі Астана көрерменіне есеп беру концертін берді.