Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Агрокешен ғылыми шешімдерге зәру
Еліміз алдағы 10 жыл ішінде астықты терең өңдейтін әрі одан алынған өнімді экспорттау бойынша әлемдегі он ірі елдің қатарына қосылуы керек. Бұл – Мемлекет басшысы жүктеген міндет. Қостанайда өткен «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атты көшпелі отырыста осы мәселе сөз болды.
Жәдігер • 26 Қыркүйек, 2025
Торғайдағы музейлер кешенінде кезінде Міржақып Дулатұлының отбасы тұтынған, алаш ардақтысының өзі ұстаған бірсыпыра бұйымдар, 1914 жылы Қазан қаласынан екінші рет басылып шыққан «Бақытсыз Жамал» романының, 1913 жылы Орынборда жарық көрген «Азамат» жинағының түпнұсқасы, өзге де көптеген құнды дүние сақтаулы.
Тағзым • 23 Қыркүйек, 2025
Ел рухын асқақтатқан Міржақып тойы
Қостанай облысында Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған дүбірлі той өтті. Қостанайда, қайраткердің кіндік қаны тамған Қызбел, Бидайық, Торғай төрінде екі күнге созылған танымдық-тағылымдық мәні зор мерекелік іс-шаралар ел рухын асқақтатып, ұлт мерейін көтеріп тастағаны анық.
Мәдениет • 20 Қыркүйек, 2025
Көрерменді тәнті еткен қойылым
Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында «Астана Балет» театрының гастрольдік көрсетілімі өтті. Қостанай тұрғындары екі кеш қатарынан әлемдік классика жауһарларын, заманауи қойылымдар мен ұлттық хореография өнерінің ғажайып туындыларын тамашалады.
Жансарай • 16 Қыркүйек, 2025
Қостанайда қарт майдангер, ардагер журналист Қасымхан Алдабергеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Ардагермен кездесу кешінде мерейтой иесінің жауынгерлік ерлігі, өмір жолы, жыршылық өнері, ақындық шығармашылығы жөнінде тағылымды әңгіме айтылды.
Жәдігер • 16 Қыркүйек, 2025
Әулиекөл ауданында мұнай қоры мол екені жиі айтылып жүр. Қостанайдағы геологиялық мұражайда кезінде осы өңірдің мұнайын барлау жұмыстары кезінде алынған үш құты «қара алтын», сондай-ақ мұнай кені аумағында орнатылған барлау ұңғысының макеті сақтаулы тұр.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2025
Өндірісті өркендету жайы пысықталды
Облыс әкімдігінде Президент Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланған кеңес өтті. Жиында өңір экономикасын ілгерілетудегі жасанды интеллектінің орны, инвестиция тарту, оқушылар мен мұғалімдердің ІТ құзыретін дамыту, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту тәрізді маңызды мәселелер қаралды.
Музей • 12 Қыркүйек, 2025
Әуежай музейі Алаш мұрасын дәріптейді
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайында ұлт ұстазына арналған жаңа мұражай ашылды. Музей екінші қабаттағы жолаушылар демалатын кең залда орналасқан.
Инвестиция • 09 Қыркүйек, 2025
Бүгінде цифрлық технологиялар экономиканың барлық саласында белсенді енгізіліп жатыр. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында цифрландырудың ел дамуындағы рөліне айрықша тоқталды. Осы ретте, ауыл шаруашылығында жасанды интеллектінің енгізілуі дәстүрлі егіншіліктен зияткерлік агроөнеркәсіпке көшуге мүмкіндік береді. Қостанай облысында өсімдік шаруашылығында «Мetos» компаниясының озық технологиялары енгізіліп жатыр. Олар 35+ дақылдардағы аурудың 85-тен астам түрін ерте анықтау үшін, сондай-ақ ауа райының сағаттық болжамын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2025
«Кітап оқитын ұлт» жобасы жалғасады
Қанатқақты жоба өскелең ұрпақты бала кезінен кітап оқуға дағдыландыру, халық арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, түптеп келгенде, бүтін ел болып әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына ену сияқты биік мақсат қойып отыр.