Аймақтар • 31 Қазан, 2025
Үш жылда – 65 жаңа медицина нысаны
Бүгінде ауылдық жерлерде де денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді. Абай өңірінде 2023–2025 жылдары 65 жаңа алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынып, пайдалануға беріледі.
Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Семей десе, алдымен ойға оралатыны – Алаш тарихы мен әдебиет алыптары. Әйткенмен, бұл жердің руханияты қалай өркендесе, индустриясы да солай қарыштаған еді. Цемент зауыты, ет комбинаты, тері өңдеу өнеркәсібі ерте дамыды. Ал қоғам нарыққа кіргелі бұл өндіріс орындарының да шаруасы шатқаяқтады. Халқымыздың атакәсібі, күнкөрісі, тұрмыс-тіршілігі малмен тығыз байланысты болған соң әр қазақ баласы тері өңдеудің қыр-сырын жете білген.
Қоғам • 17 Қазан, 2025
Баспананы жекешелендіру мәселесі заң аясында шешіледі
Аягөз қаласындағы 267 тұрғын үй әлеуметтік аз қамтылған, мүгедек жандар мен көпбалалы, толық емес отбасыларға берілген. Дегенмен биыл аталған үйлерді жекешелендіруге байланысты бірқатар қиындық туындады.
Аймақтар • 16 Қазан, 2025
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс орталығының әкімі сайланды. 12 қазанда семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасады.
Аймақтар • 15 Қазан, 2025
85 ірі агрожоба іске асырылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, өңірдегі шаруашылық жетекшілері, кәсіпорын басшылары қатысты.
Ұлттық спорт • 14 Қазан, 2025
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дәстүрлі «Бүркітшілер тойы» аясында ІІІ Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде қазақ елінің құсбегілік спортының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.
Аймақтар • 11 Қазан, 2025
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс орталығының әкімі Семейде сайланбақ. Яғни 12 қазан күні семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасайды.
Шаруашылық • 11 Қазан, 2025
Жеңілдетілген несие көлемі ұлғайды
Мемлекет басшысы Жолдауда «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет кейінгі жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлініп, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған», деген еді. Расында, мемлекеттің қолдауы Абай облысында күзгі жиын-терім кезінде де байқалып отыр.
Білім • 10 Қазан, 2025
Мұны кішкентай жүректен шыққан үлкен игілік деп атауға болатын шығар. Семей қаласында қазақтың екі қаршадай қызы көзі нашар көретін жандарға арналған мобильді қосымша әзірлеп, талайдың жүрегін еріксіз тебірентті.
«Таза Қазақстан» • 04 Қазан, 2025
«Семей – Астана» тасжолы тазаланды
Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында полиция департаменті, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жас белсенділер бірігіп, қала шетіндегі «Семей – Астана» тасжолы бойын қоқыстан тазартты.