Талбесік • 27 Қараша, 2024
Есіңізде ме, ертегідегі Ер Төстіктің бала күнгі ерлігі құс аулаудан басталатыны? Құстың аты – тарғақ. Жақында ертегіні қайыра парақтап отырып, бұрын аңдамай аттап өткен құс жайына қайта үңілдім. Көбіміз мұны ертегіде ғана кездесетін мифтік құс деп ұғыппыз. Оның себебі – тарғақтардың көзден бұл-бұл ұшуы екен...
Қоғам • 26 Қараша, 2024
Жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі
Жылыту кезіндегі орын алатын жазатайым оқиға азаймай тұр. Қазіргідей озық технологияның заманында, айдың күннің аманында талай отбасы отқа оранып, бір-ақ күнде қайғыға батып қалып жатқаны жанға батады.
Таным • 23 Қараша, 2024
Ғалам ғажаптары: Ең көне көпір
Грекиядағы Аркадико көпірі – әлемдегі ең көне көпірлердің бірі. Тарихшылардың пайымдауынша, оның 3300 жылдық тарихы бар.
Ауыл • 22 Қараша, 2024
Болашағы жоқ ауылдар... Елімізде жыл сайын ондаған елді мекен жабылады
Тәуелсіздіктің қиын жылдарында ауылдардың күйі кетіп, қалаға жаппай көшу басталды. Мал санымен қоса адам саны да азайып, тіпті кейбір елді мекендерде бір-екі үй ғана қалды. Ел ішін жұмыссыздық жайлады, еңбеккерлер көк темірді құшақтап, жүген ұстап қалды. Бар мүлік-мүкәмал талан-таражға түсті. Алмағайып кезеңде әркім өз басын күйттеп, қозғалысы көп жерлерге үдере көшті. Кейінде заман өзгерді, ауылдарға жан кірді. Қазір де көптеп көңіл бөлініп жатыр. Соған қарамастан жыл сайын жабылып жатқан ауылдардың саны азаймай отырғаны алаңдатады.
Экономика • 15 Қараша, 2024
Қазақстан мен Өзбекстан арасында «Jibek joly» атты жаңа теміржол туры іске қосылады. «Алматы – Түркістан – Ташкент – Алматы» бағытындағы алғашқы рейс ертең, 16 қараша күні жолға шығады.
Талбесік • 14 Қараша, 2024
Табиғат жанашырлары табысқа жетті
Еліміздегі экожүйені қорғауға арналған «Алтын дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығының «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» аталымында жеңіске жетті. Марапат еліміздегі киіктердің санын қалпына келтіру, ерекше қорғалатын аймақтарды кеңейтудегі елеулі жетістіктер үшін берілді.
Ең қысқа әңгіме • 07 Қараша, 2024
Қалада қарашаның қара жаңбыры сібірлеп тұрған. Ұлым Жансүгір екеуміз есік алдында оны-мұны сөз етісіп, бүрісіп тұр едік. Дәл редакция орналасқан ғимараттың төбесінен топ-топ қайтқан құстың тізбегі молданың тәспісіндей сап түзеп, оңтүстікке қарай маңып бара жатты.
Ұлттық спорт • 29 Қазан, 2024
Бұрынғылар «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деуші еді. Қазір асық атып, абыройға бөленіп, доп қуалап, дүниені допша үйіріп жүргендер көп. Соның бір айқын куәсі – «Respublica» партиясы Мерекеге орай «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде асық атудан алғаш рет ашық турнир ұйымдастырды. Турнирдің финалдық кезеңіне 17 облыс, 3 мегаполистегі іріктеу жарысының қорытындысына сай, 21 жастан асқан 2 мыңға жуық қатысушының арасынан 1-2 орын алған 40 спортшы ғана жолдама алды.
Спорт • 29 Қазан, 2024
Бұрындары Астана күнінде өтетін, көпшіліктің көзайымына айналған «Қазақстан барысы» ұлттық жобасы биыл алғаш рет егемен еліміздегі аса маңызды дата – Республика күніне орай ұйымдастырылды. Бұл өзгешелік жарыстың дәрежесін көтерсе, жарыс мерекенің мерейін арттырды.
Қоғам • 29 Қазан, 2024
«Elorda Aqparat»-тың дәстүрлі турнирі
Республика күніне орай, мәслихаттардың 30 жылдығы аясында «Elorda Aqparat» медиахолдингінің ұйымдастыруымен өткен журналистер мен жазушылар арасындағы бильярд жарысы өз мәресіне жетті.