Медицина • 28 Қараша, 2024
Медициналық көмектің көлемі қомақты
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры келер жылы көрсетілетін медициналық қызметтерге өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.
Медицина • 23 Қараша, 2024
Face-ID медициналық қызмет сапасын жақсартады
Кейінгі бірнеше жылда медициналық көмектің сапасына қатысты көп сын айтылды. Оның бірсыпырасы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген соң қайта өзекті бола бастады. Саладағы кемшіліктерді жақсы білетін Денсаулық сақтау министрлігі Президент Жолдауынан кейін медициналық ұйымдардағы жұмысты жандандыруға көп көңіл бөліп отыр. Астана қаласындағы №8 қалалық емханаға барғанымызда сол жаңашылдықтарға назар аудардық.
Медицина • 23 Қараша, 2024
МӘМС жүйесінің мүмкіндігі жоғары
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндігі барлық тұтынушыға бірдей тимейді. Кім де болса бас ауырып, балтыр сыздағанда апталап кезек күтпей, бірер күнде сапалы медициналық көмекке жүгінгісі келеді. Осы ретте Астанадағы №2 қалалық емхананың басшылығы жұмысты ширатып, МӘМС-тің артықшылығына қатысты түсіндіру жұмысын жүйелі жүргізіп отырады.
Жемқорлық • 19 Қараша, 2024
Жиын құқық бұзушылықты жүгендей ала ма?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар туралы кеңес өткізді.
Жұмыс • 15 Қараша, 2024
Электронды еңбек биржасындағы ақпаратқа көз жүгіртсек, қазан айында жұмыс берушілер 123,7 мың бос жұмыс орнын ұсынған. Сондай-ақ 106 мың жұмыс іздеуші өзінің түйіндемесін орналастырыпты. Осы деректерді алдыңғы аймен салыстырғанда іздеу, жалдау белсенділігі төмендегені байқалады. Нақтырақ айтсақ, бос жұмыс орындарының саны 9%-ға (13 мың), түйіндеме 13%-ға (16,5 мың) азайған.
Қоғам • 12 Қараша, 2024
Биыл жыл басынан бері 97,5 мың азамат, оның ішінде 47,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн курстан өткен. Осы платформада ұзын-саны 483,9 мың адам бар болса, оның 122,5 мыңы биыл тіркеліпті.
Қоғам • 08 Қараша, 2024
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі қанатқақты жобаны қолға алған еді. Мүгедектігі бар, жарым көңіл жандарды қолдауға арналған қайырымдылық шарасы қалың бұқара тарапынан оң бағаланып отыр.
Денсаулық • 05 Қараша, 2024
Онкологияны емдеудің тың әдісі
Ел медицинасында ядролық медицинаның қатерлі ісікті емдеуге арналған тағы бір тың технологиясы енгізіледі. Осы мақсатта Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы Ядролық физика институтымен күш біріктіріп отыр.
Медицина • 29 Қазан, 2024
Егемендік алған кезеңнен бері денсаулық сақтау саласында түрлі бағдарламалар, жобалар іске асты. Бір бағдарламада ескерілмегенді екіншісі толықтырып отырды. Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету барысында инфрақұрылымға, құрал-жабдықтарды жетілдіруге, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінді. Қазірде медициналық көмекке қолжетімділікті жақсарту мақсатында цифрландыру мәселесі жолға қойылып жатыр. Ауыл медицинасының әлеуетін арттыруға да басымдық беріліп келеді. Осыған қарап медицина бір бағытта емес, жан-жақты дамып келе жатқанын аңғару қиын емес.
Жұмыс • 18 Қазан, 2024
Қыркүйекте еңбек нарығында жұмыс іздеушілердің азайғанына байланысты бос жұмыс орындары көбейген. Жұмыс динамикасы мен түйіндемедегі айырмашылықтар елдегі экономикалық белсенділіктің барлық аймақта біркелкі еместігін көрсетеді. Соған қарамастан, сұраныс пен ұсыныстың біліктілік құрылымында тепе-теңдік байқалады.