Taza.kz
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1321 материал табылды

Қоғам • 27 Қаңтар, 2026

Бейтаныс адамның ақшасын аудару несімен қауіпті?

Соңғы кездері ел тұрғындары алаяқтардың арбауына жиі түсіп, қылмыстық схемалардың құралына айналып отыр. Бөгде біреудің ақшасын жай ғана аудару, қабылдау немесе қолма-қол ақшаға айналдыру – бұл жай ғана транзакция емес, заң алдында ауыр қылмыс болып саналады. Өкінішке қарай, азаматтар мұндай әрекеттердің артында қандай қауіп тұрғанын толық сезінбейді, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 27 Қаңтар, 2026

Овербукинг: Қарағандылық тұрғын әуекомпаниясынан өтемақы өндіріп алды

Қарағанды қаласының тұрғыны «Астана − Фукуок − Астана» бағыты бойынша жалпы құны 420 мың теңгеге төрт әуе билетін сатып алған. Алайда ұшуға бір тәулік қалғанда әуе тасымалдаушы оған рейстің тоқтатылғанын хабарлаған. Овербукинг үшін сапарға ұша алмай қалған жолаушы әуе компаниясынан келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әлем • 27 Қаңтар, 2026

АҚШ-та дауыл салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты

АҚШ-та ел аумағын шарпыған қысқы дауылдың салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты. Құрбандар арасында қар тазалап жүрген егде жастағы адамдар мен көлікке шана байлап сырғанауды ермек қылған жасөспірімдер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 27 Қаңтар, 2026

Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін

Жетісу облысы Жаркент қаласында баласын байлап қойып, аяусыз ұрған 28 жастағы әйелге қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі (азаптау) бойынша жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясы 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу кезеңінде күдікті сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы • 27 Қаңтар, 2026

Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

Қазгидромет 27-29 қаңтар аралығында күтілетін ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері оңтүстік циклон шығысқа қарай жылжып, еліміздің басым бөлігін қамтиды. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы • 27 Қаңтар, 2026

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райына байланысты тасжолдардағы жағдайды мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Реформа • 26 Қаңтар, 2026

Елнұр Бейсенбаев: Конституциялық реформа саяси партиялардың институционалдық рөлін арттырады

Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Комиссия жұмысы қоғамның заманауи сұраныстарына жауап беретін Ата заңды дайындауға бағытталғанын атап өтті. Ол «AMANAT» партиясы реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып отырғанын және Президент бастамаларын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 26 Қаңтар, 2026

Семейде ер адам полицияның қызметтік көліктерін өртеп жіберді

2026 жылғы 25 қаңтарда кешкі сағат 18:10 шамасында учаскелік полиция пунктінің алдында құқық қорғау органдарына тиесілі екі қызметтік көлік лаулап өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 26 Қаңтар, 2026

Елордада тариф бағасын негізсіз көтерген кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл төледі

Елордалық «Astana Recycling Plant» ЖШС-ға тариф бағасын негізсіз көтергені үшін 54 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 26 Қаңтар, 2026

Енді елімізде шетелдіктердің жүріс-тұрысы қатаң бақыланады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада өткен жиын барысында көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыруды өте өзекті мәселе ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика