Қоғам • 13 Наурыз, 2026
Астанада автобус апаты неге жиіледі?
Астанада қоғамдық көліктер қала өмірінің маңызды бөлігіне жатады. Таксимен қатынауды қалтасы көтере бермейтін қарапайым халық үшін мыңдаған адамды діттеген жеріне жеткізетін автобустардың уақытылы жүріп тұруы ауадай қажет. Дегенмен соңғы жылдары жолақысы қолжетімді қоғамдық көліктегі қауіпсіздіктің сақталмауы елордалықтарды алаңдатып отыр. Бір жылда бірнеше рет тіркелген автобус апаттарының салдарынан зардап шегіп жатқан жолаушылар да жоқ емес. Автобус апатының жиілеу себебі неде? Egemen.kz тілшісі талдап көрді.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Астанадағы қылмыс: Сәнияның туыстары тергеудің әділдігіне сенбейді
Астанада бұрынғы жігітінің қолынан қаза тапқан 31 жастағы Сәнияның қазасына байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Жақындары істің әділ тергелетініне сенбейді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Наурыз, 2026
Президенттің айтуынша, қазіргі халықаралық ахуалды сипаттауда «турбуленттілік» ұғымы жиі қолданылады. Әдетте бұл сөз ұшақ турбулентті аймаққа кірген кезде жолаушыларды сабырға шақыратын ұшқыштардың түсіндірмесінде кездесетін. Алайда бүгінде саясаткерлер мен сарапшылар дәл осы терминді жаһандық жағдайды бейнелеу үшін пайдаланып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Наурыз, 2026
Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ: Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына не деді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел игілігі үшін еңбек ететін азаматтар нағыз депутат деген атқа лайық екенін, осындай азаматтар міндетті түрде халықтың сенімі мен құрметіне ие болатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 12 Наурыз, 2026
Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды
Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің павильонында қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына орай бюст ашылды. Бұл – ұлт көсеміне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Наурыз, 2026
Тегін стоматологиялық қызметтер кімдерге қолжетімді?
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде стоматологиялық қызметтерге кімдер қол жеткізе алатыны белгілі болды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Теміртауда майнинг арқылы 185 млн теңге табыс тапқан азамат сотталды
Қарағанды облысының тұрғыны Ресейден әкелінген майнинг жабдықтары арқылы 185 млн теңге табыс тапқан, алайда заңсыз әрекеті үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Жаңа форматтағы жарыс: Астанада жазда «Болашақ ойындары» өтеді
2026 жылғы 29 шілде-9 тамыз аралығында Астанада «Болашақ ойындары» спорттық фестивалі ұйымдастырылады. Шараға 50 елден 900-ден астам спортшы қатысып, жалпы 4,75 млн доллар сыйлық қоры үшін бақ сынайды. Ойындар елорданың бес спорттық аренасында өтеді. Шараға 100 000-нан астам көрермен қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Наурыз, 2026
Saudi Aramco басшысы Амин Х.Нассер әлемдік мұнай нарығында Ормұз бұғазы арқылы тасымалдың бұзылуы апаттық салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 12 Наурыз, 2026
Каспий теңізі арқылы электр желісі тартылады
Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан жаңа «жасыл» энергетикалық дәліз құруға бағытталған стратегиялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.