Мереке • 04 Мамыр, 2026
Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі
Мамыр айындағы мерекелік кезеңде жолаушылар сұранысының артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыз құрамдарын іске қосады. 6-11 мамыр аралығында негізгі бағыттар бойынша вагондар саны көбейтіліп, жолаушыларға қосымша орындар ұсынылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Атлант мұхитында 3 адам сирек кездесетін вирустан көз жұмды
Атлант мұхитындағы «MV Hondius» лайнерінде хантавирустан үш адам қаза тапқан соң, Кабо-Верде билігі кемедегі адамдарды эвакуациялаудан бас тартты. Оқшауда қалған жолаушылардың жағдайы күрделі, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Ақтөбе облысында көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды
Ақтөбе облысының Хромтау қаласында ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 3 мамыр күні көпқабатты үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Инфляция • 04 Мамыр, 2026
Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 10,6%-ға дейін баяулады
2026 жылғы сәуір айында Қазақстанда айлық инфляция 0,8% деңгейінде қалыптасты. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 0,7%, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бағасы 0,9%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Мамыр, 2026
Эпидемиологтар қызылшаның таралуына не әсер еткенін түсіндірді
Қазақстанда 2026 жылы қызылша ауруының қайта өсуі тіркеліп отыр. Жыл басынан бері 5 мыңнан астам жағдай анықталған. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесінде инфекцияның таралуын тежеуге және халықты қорғауға бағытталған профилактикалық әрі эпидемияға қарсы шаралар күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Мамыр, 2026
Бадминтон Федерациясы ЖИ негізіндегі цифрлық рейтинг жүйесін іске қосты
Қазақстан Бадминтон Федерациясы кәсіби спортшыларға арналған ұлттық цифрлық рейтинг жүйесін іске қосты. Жаңа платформа заманауи деректерді өңдеу технологиялары мен жасанды интеллект элементтерін пайдалану арқылы әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 04 Мамыр, 2026
Әлемді дүр сілкіндірген қылмыскерлер бостандыққа шыға ма? АҚШ-та даулы заң жобасы қаралып жатыр
АҚШ-тың Нью-Йорк штатында ауыр қылмыс жасаған кейбір сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға мүмкіндік беретін екі жаңа заң жобасы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Қарағандыда теміржолшыны пойыз қағып кетті
Қарағандыдағы «Жаңа Қарағанды» станциясында қайғылы жағдай болды. 3 мамыр күні сағат 02:03 шамасында жол жөндеу жұмысшысын пойыз қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Мамыр, 2026
Дональд Трамп Ормұз бұғазында бөгеліп қалған кемелерді шығару мақсатында «Бостандық» атты жаңа жобаның басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Желіде тараған видеодағы жігіт әскерге өз еркімен бара жатқанын айтты
Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының Чапаевка шағын ауданында болған оқиға түсірілген видео тарады. Алдын ала мәліметке сәйкес, жергілікті әкімдік өкілдері әскери жасқа толған азаматтарды есепке алу мақсатында жоспарлы рейд жүргізген. Сол сәтте жас жігіт жағдайды дұрыс түсінбей, дүрбелеңге түсіп, қашпақ болған. Қатты қобалжыған ол құлап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.