Бокс • 27 Сәуір, 2026
Бокстан Әлем кубогі: Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен толықты
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен Әлем кубогінің кезеңдік жарысы өз мәресіне жетті. Финалдық кешкі сессияда Қазақстан құрамасының үш боксшысы алтын жүлде үшін шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Сәуір, 2026
Трамп қатысқан кеште оқ жаудырған күдікті сот алдында жауап береді
АҚШ-тың Вашингтон қаласында журналистерге арналған қабылдау кешінде қарулы шабуыл жасаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. CNN дерегінше, оған бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Сәуір, 2026
Қазақстандық оқушы Сингапурда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде иеленді
Сингапурда өткен FIRST LEGO League Singapore 2026 халықаралық робототехника чемпионатында 5-сынып оқушысы Тұрман Аманжол Қазақстан намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 27 Сәуір, 2026
Грузияда есірткімен ұсталған Қазақстан азаматы өмір бойына сотталуы мүмкін
Имерети өңірлік полиция басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу күдігімен екі шетелдік азаматты ұстады. Күдіктілер – 2008 жылы туған Қазақстан және Украина азаматтары. Олар әртүрлі уақытта қолға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Сәуір, 2026
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізудің үш кезеңнен тұратын формуласын ұсынды
Иран билігі АҚШ-пен келіссөздерге қатысты үш кезеңнен тұратын ұсыныс жасады. Ұсыныс аймақтағы шиеленісті төмендетуге және ұзақмерзімді тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Сәуір, 2026
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионын жеңді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің үшінші айналымында сенімді ойын көрсетіп, Олимпиада чемпионы Чжэн Циньвэньді жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды: Екі адам қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында Алматы – Өскемен – Ресей шекарасы бағытындағы тасжолда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Қарағандыда автокөліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Оның денесінен пышақ жарақаттары анықталған. Оқиға Қарағанды қаласының Төлеpов көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Алматы қаласының полиция департаменті мектептердің бірінде болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды. Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілер арқылы белгісіз адамдардың ықпалында болған оқушы мектепке балта алып келуі мүмкін деген күдікпен тексерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 24 Сәуір, 2026
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Кендірлідегі жаңа әуежай 2027 жылы іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.