Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24558 материал табылды

Жәдігер • 22 Шілде, 2025

Қаламгердің көзілдірігі

Алматыдағы сөз зергері Ғ.Мүсірепов музей-үйінің қорында жазушының өзі пайдаланған бұйымдары, кітаптары, қолжазбалары, қойын кітапшалары, көзілдіріктері, т.б. сақтаулы.

Мәдениет • 19 Шілде, 2025

Семей кітапханасы – ұлт арыстарының аманаты

Көптен толғандырған осы ойды Абайдың туғанына 180 жыл­ толғанда барша зиялылар мен абайтанушыларға, қазақ жұр­ты­на айту парызым деп санадым. Сондай-ақ жетпіс жыл бойы мені ел мен жердің тарихына қанықтырған, жер мен елді жетектеп жүріп таныстырған Қабыш Кәрімқұлов, Жұмакүлбай Базарбаев, Сирақбай Досмағамбетов, Қабден Есеғарин, Бекен Исабаев, Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев, Шәкір Әбенов, Ниязбек Алда­жаров, Серік Шабданов, Ғафиз Матаев, Мей­рам­бек­ Жанбо­латов, Бәтташ Сыдықов, Семей қаласының әр көшесі мен үйі­нің тари­хын «Есіңде болсын» деп аманаттап қойып, ұзақ күн­дер бойы аралатып, тарихын түсіндіріп, келер жолы тағы да қайталап пысықтайтын Қайым Мұхамедханов, Тәңірберген Әмі­ре­нов, Төкен Ибрагимовтердің тәлімі атадан қалған аманат сөз­дер­ді ойға оралтып, елдік борышты еске түсірді.

Заң • 19 Шілде, 2025

Той-томалаққа жиі ақша аударсақ, салық органдары назарына ілігеміз бе?

Заңгер Алмаз ОТАРОВТЫҢ жауабы: – Бүгінде цифрлық төлемдер – өмірдің ажырамас бөлігі. Әсіресе қазақ қоғамында той-томалақ, шілдехана, бесік той, сүндет той, құдалық, қонаққа бару сияқты дәс­түр­лі жиындарға байланысты ақша беру, аудару үйреншікті іс. Осындай кезде «Kaspi Gold» немесе басқа банк картасы арқылы туысқа, досқа ақша жіберіп жатамыз.

Тұлға • 19 Шілде, 2025

Жүректе әні қалған ақын

«Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарай өткені-ай...» деген Абайдың өлең-жоқтауымен сөз бас­таймыз деп кім ойлаған. Шынымен-ақ ниеті ақ, көңілі таза, ел дегенде емешегі үзіліп тұратын алып жүрек иесі, сыршыл ақын, халық жазушысы, драматург, сазгер Исраил Сапарбайдың жұмаға қараған түні дүние салғаны – қазақ руханиятының орны толмас өкініші. Осы жұмада ұлт өнерінің көгінен бір жұлдыз ағып түсті де, қалың елдің қабырғасы қайысып қала берді.

Әдебиет • 18 Шілде, 2025

Оқушылар сабақтың алдында 8 минут кітап оқиды

Біз күн сайын сабақ басталмас бұрын оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «8 минуттық көркем әдебиет оқу» жобасы аясында балалармен күнде кітап оқимыз. Осы ретте бұл жобаны өз деңгейінде іске асыру бойынша «Алматыкітап» баспасының «TopIQ.kz» платформасының мүмкіндіктерін үздіксіз пайдаланамыз.

Өнер • 18 Шілде, 2025

«Бейбарыс» – Мәскеу сахнасында

Алматының «Алатау» дәстүрлі өнер театры Мәскеу сахнасында ұлттық өнердің мерейін үстем етті. Аталған өнер театры А.П. Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестивалінде «Мәмлүк. Сұлтан Бейбарыс» қойы­лымын сәтті сахналады. Көрермендер спектакльді зор ықы­ласпен тамашалап, ұзақ қол соғып, қошемет көрсетті.

Тарих • 18 Шілде, 2025

Атамның аманаты орындалды

«Egemen Qazaqstan» газетін үзбей оқып жүргеніме тура 40 жылға жуық уақыт болыпты. Әлі күнге дейін әр санын мұқият оқып шығамын. Жеңістің 80 жылдығына орай жарияланған, Екінші дүниежүзілік соғысы жайлы жауынгер аталарымыздың ерлік-істері туралы мақалаларды оқып, атамды еске алып отырмын. Соғыстан оралмаған атам туралы терең білгім келіп, жылдар бойы ізденумен келемін.

Білім • 17 Шілде, 2025

Инженерлік сала және «Келешек мектептерінің» тәжірибесі

Қазіргі заман инженерлері – тек техниканы білетін мамандар ғана емес, олар – креативті ойлайтын, күрделі мәселелерді шешуге қабілет­ті, көпсалалы біліммен қару­лан­ған тұлғалар. Дәл осы жаңа буын инженерлерін тәр­биелеуді мақсат еткен елімізде жаңашыл бағыттағы «Келе­шек мектептері» жүйесі белсенді дамып келеді. Бұл оқу орын­дары оқушыларды ерте жастан инженерлік ой­лауға, заманауи технологиялармен жұмыс істеуге баулиды.

Бизнес • 17 Шілде, 2025

Меморандумға қол қойды

Елімізге саяхаттау Қытай турис­теріне бұрынғыдан да қол­жетімді болмақ. Туризм сала­сын­дағы ҚХР-дың жетекші digital-платформаларының бірі «Zowoyoo» Орталық Азиядағы ал­ғашқы кеңсесін Алматы қала­сында ашты. Бұл туралы «Цифр­лық Жібек жолы – 2025» халық­аралық форумында жарияланды.

Әдебиет • 16 Шілде, 2025

Тапқырлық

Жазушы Сәбит Мұқанов делегациямен шетелде сапарлап, қала аралап жүреді. Задында өмір құбылыстарын көруге, білуге жаны құмар жазушы алаңдарлық жай көп-ақ. Айналаңның бәрі тосын, тосынның бәрі таңсық.

Яндекс.Метрика