Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24557 материал табылды

Саясат • 31 Шілде, 2025

Әуе кемелері паркі жаңартылады

29 шілде күні Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Airbus»-тың Еуропа аймағындағы президенті Жоан Пелисьемен кездесу өткізді.

Қоғам • 31 Шілде, 2025

Қазақстанның қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістігі жоғары бағаланды

Қазақстан инфекциялық емес аурулардан (ИНА) болатын ерте өлімді 25%-ға қысқарту бойынша 2025 жылғы жаһандық мониторинг жүйесінің өніміне жеткен тоғыз елдің қатарына қосылып, Орталық Азиядағы бұл көрсеткішке қол жеткізген алғашқы мемлекет болды. Бұл –Еуропалық өңірлік Бюро​ (ЕӨБ) ДДҰ-ның «Preventable Mortality, Risk Factors and NCD Strategies – using data for results» атты жаңа есебінде егжей-тегжейлі баяндалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика • 31 Шілде, 2025

Қазақстан инвесторлар мен өз болашағы үшін жаңа ережелер енгізеді

Орталық Азиядағы негізгі энергия өндірушілердің бірі Қазақстан газ бағасын ұзақ жылдар бойы терең субсидиялау саясатынан бас тартуға бағытталған күрделі, бірақ стратегиялық тұрғыдан қажет реформаларды бастап жатыр. Бұған басты себеп – ондаған жылдар бойы Қазақстан жанармайды ең арзан бағамен ұсынатын әлемдегі үш елдің қатарында болып келгенімен, бұл модельдің ел экономикасына теріс әсері мен жүйелі тәуекелдері шектен шығып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 31 Шілде, 2025

Жүйелі қолдау нәтижесі

2019 жылдан бері Астана қаласы әкімдігі жанында еліміздегі алғашқы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс жасап келеді. Байыпты құрылым өзге өңірлерде осындай үлгіні одан әрі тарату үшін модельдік алаңға айналды. Орталық тәжірибесінің арқасында еліміз көлемінде отбасын қолдайтын осындай 116 мекеме ашылды.

Отбасы • 31 Шілде, 2025

Дәстүрдің алтын қазығы

Ұлы даланың Анақарыстан Абайға дейінгі даналарын ақ бесікте тербетіп, кіршік­сіз мейіріміне шомылдырған парасатты аналарымыз бен әжелеріміздің таби­ғатпен, тарихпен үйлескен тәлім-тәрбиесіне тең келер дүние жоқ. Мұны әже бауырында еркелеп өскен әрбір азамат жақсы біледі.

Тұлға • 31 Шілде, 2025

Ғалымдығы мен азаматтығы тең тұлға

Раушанбек Әбсаттаров – айтулы қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-саясаттанушы, әлеуметтанушы, академик. 40 шақты монография, кітап, оқу құралын және 600-ден астам ғылыми мақала жариялаған, есімі елімізде ғана емес, шет­елдерге де белгілі ғалым.

Қоғам • 31 Шілде, 2025

Ұлттың жаңа болмысы: Бірегейліктің бүгінгі бейнесі мен болашағы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдан бері жүргізіп келе жатқан саясаты терең әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістерге негіз болды. Барлық салада қайта қалпына келтіру, санаға өзгеріс енгізу арқылы жаңа саяси шынайылық қалыптасты. Солардың басында ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру туралы бастамасын айтуға болады.

Тұлға • 31 Шілде, 2025

Тұла бойы тұнған күй

Бұл – 2002 жылғы 20 желтоқсанда болған оқиға. Алматыдағы Ықылас Дүкенұлы атындағы мұражайда шертпе күйдің сұңғыласы атанған Сүгір Әліұлының туғанына 120 жыл толуына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Міне, осы сапарға шалғайдағы Созақ ауданынан Ергентай Борсабаев шақырылады. Конференциядан соң, яғни 21 желтоқсан күні Қазақ радиосының «Күй құдіреті» бағдарламасын жүргізетін белгілі композитор, күйші Қалқаман Жүнісбекұлы теріскейден ат терлетіп келген Ергентайдан сұхбат алады. Ерекең сұхбат бере отырып, Ықыластың үш күйін, Сүгірдің сегіз күйін таспаға жаздыртады.

Спорт • 30 Шілде, 2025

«Самұрық-Қазына» қолдауымен алғаш рет Астанада жүзуден Әлем кубогі өтеді

Қазақстан су спорты саласындағы ірі жетістікке қол жеткізді – жүзуден Silk Road-2026 Әлем кубогінің финалдық кезеңі алғаш рет елімізде өтеді. Дүбірлі доданы бас қала – Астана қабылдайды. Бұл туралы Сингапурде өткен World Aquatics конгресінде белгілі болды. Биыл су спорты түрлерінен World Aquatics Championships 2025 чемпионаты Азияның осы елінде өтіп жатыр. Оған 200 елден 1000-нан астам спортшы қатысып, оның ішінде отандастарымыз да бақ сынауда. 

Аймақтар • 30 Шілде, 2025

Газ құбырының құрылысы жедел жүріп жатыр

«Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев «Талдықорған – Үшарал» магистралдық газ құбырын салу бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Бүгінде құбырдың магистралдық бөлігі толық­тай аяқталды. Технологиялық құбырлар мен жабдықтарға беріктік пен герметикалық төзімділігіне қатысты гидра­вли­калық сынақтар сәтті жүргізілді.

Яндекс.Метрика