Туризм • Бүгін, 10:52

Вьетнам шетелдіктер үшін елге кіру рәсімін жеңілдетті

1 мин
оқу үшін

Вьетнам шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету мақсатында Pre-arrival Information (PAI) атты алдын ала ақпарат ұсыну жүйесін пилоттық режимде іске қосты. Жаңа жүйе шетелдік азаматтарға елге сапар алдында қажетті мәліметтерді онлайн форматта алдын ала жіберуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вьетнам шетелдіктер үшін елге кіру рәсімін жеңілдетті

Фото: istockphoto.com

Бұл шешім шекаралық бақылаудан өту уақытын қысқартып, халықаралық әуежайлардағы жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыруға бағытталып отыр.

Қазіргі уақытта PAI жүйесі Таншоннят халықаралық әуежайында сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта оны Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында, сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы өзге де өткізу бекеттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Ресейге баратын шетелдіктер үшін ереже өзгерді: Жаңа талап қандай?

Сыртқы істер министрлігі PAI жүйесі Вьетнамға кірудің міндетті талабы емес екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл жүйе виза рәсімдеу қызметін атқармайды. Ол тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынуға арналған.

Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі

Еске сала кетейік, бұған дейін Шенген аймағына кіретін 29 елде арнайы автоматтандырылған EES (EntryExit System) кіру-шығу жүйесі іске қосылған болатын. Жаңа жүйе паспорттарға мөр басу рәсімін алмастырады.

Соңғы жаңалықтар

Халық неге несиеге тәуелді?

Қоғам • Бүгін, 17:18