Ауа райы • Кеше

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

10 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

3 наурызда Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Алматыда 3 наурызда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп болжанады. Қонаевта 3 наурызда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болып, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Атырау облысының батысында көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Атырауда 3 наурыз түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні секундына 15-18 метр.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Қарағандыда 3 наурызда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Ақтауда 3 наурызда түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Астанада 3 наурызда түнде және күндіз аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні секундына 15-18 метр.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, шығысында да қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде кей уақыттарда қалың қар жауады, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Таразда 3 наурызда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метр.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың тау аслуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Шымкентте 3 наурызда түннің бірінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Түркістанда 3 наурызда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Өскеменде 3 наурызда қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Абай облысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Семейде 3 наурызда қар жауып, бұрқасын жүреді деп болжанады. 

Түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, ал облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз Қостанайда 3 наурызда көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Оралда 3 наурызда күндіз көктайғақ, тұман болады деп болжанады.

Түнде Ақмола облысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Талдықорғанда 3 наурызда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар