Қоғам • Бүгін, 13:42

Көктемгі каникул: Оқушылар неше күн демалады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу жылындағы ең ұзақ ІІІ тоқсан 19 наурызда аяқталады. Оқу-ағарту министрлігі тоқсанның аяқталуына байланысты оқушыларға 11 күндік демалыс берілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Көктемгі каникул: Оқушылар неше күн демалады?

Фото: Qazaqstan TV

Көктемгі каникул 29 наурызды қоса алғанда 11 күнтізбелік күнге созылады. Сонымен қатар Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз жексінбі күніне тұспа-тұс келуіне байланысты оқушылар 9 наурыз күні де демалады.

Абай облысында 6-сынып оқушысы смарт-сөмке ойлап тапты

Айта кетейік, 2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні – 10 наурыз, сейсенбіге сәйкес келеді.

8 наурыздағы демалыс кестесі:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз – қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз − жұмыс күні;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз – жұмыс күні, 8 және 9 наурыз – демалыс күндері, 10 наурыз – жұмыс күні.

Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды

Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер:

  • 21 наурыз – сенбі;
  • 22 наурыз – жексенбі;
  • 23 наурыз – дүйсенбі.

Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды

Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.

Соңғы жаңалықтар