Оның айтуынша, Манас қаласының атауын өзгерту мәселесі күн тәртібінде қаралмаған және алдағы уақытта да қарастырылмайды. Қала қазіргі Манас атауын сақтап қалады.
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Еске салсақ, Жалал-Абад қаласын Манас деп қайта атау бастамасын сол кездегі шаһар мэрі Эрнисбек Ормоков көтерген еді. Оның айтуынша, бұл ұсыныс тұрғындар мен ақсақалдар тарапынан түскен.
Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
2025 жылғы 3 қыркүйекте Жалал-Абад қалалық кеңесінің депутаттары қаланың атауын өзгерту жөніндегі бастаманы қолдады. Ал 10 қыркүйекте Жогорку Кенеш қаланы Жалал-Абадтан Манас деп қайта атау туралы заң жобасын үш оқылымда бірауыздан мақұлдады.
Кейін 17 қыркүйекте құжатқа Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қол қойып, заң 27 қыркүйекте ресми түрде күшіне енді.