Жолаушылар тасымалы АҚ хабарлауынша, жаңа тәртіп 40 вагон-мейрамханада қолданылады. Олар күн сайын таңғы 8:00-ден түнгі 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен бірге ораза ұстаушылар үшін сәресі уақытында, яғни сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін ашық болады. Бұл аралықта жолаушылар ауыз бекітер алдында таңғы ас іше алады.
Президент Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Рамазан айында вагон-мейрамханаларда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады. Ал ауызашар кезінде жолаушыларға су мен құрма тегін таратылады. Қасиетті айдың талаптарына сай, осы кезеңде пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.
Компания ұжымы барша мұсылман қауымды Рамазан айының басталуымен құттықтап, рухани кемелдену мен ізгі тілектерін жеткізді.