Құқық • Бүгін, 14:42

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Былтыр ел экономикасының көлемі 300 млрд долларға жетті. Осы кезеңде әкімшілік айыппұлдардан түскен қаржы да айтарлықтай өсті. Алайда жол-көлік апаттарынан келген адам шығыны бұл көрсеткіштерге басқа қырынан қарауды талап етеді, деп жазады Egemen.kz.

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?

Адам өмірінің құнын ақшаға шақтау – ауыр әрі даулы тақырып. Дегенмен экономикалық салдарды бағалау үшін шартты есепке жүгінуге тура келеді. Елімізде жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) – шамамен 15 мың доллар. Орташа еңбек ету мерзімін 40 жыл деп алсақ, бір адамның экономикалық әлеуеті 600 мың доллар шамасында.

45 жол апаты тіркелді: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

2025 жылы жол апатынан 2 330 адам көз жұмды. Осы деректің өзінен-ақ тек өлім-жітім салдарынан келген экономикалық шығын 1,4 млрд доллардан асады. Бұл – айыппұл арқылы жиналған қаражаттан бірнеше есе көп сома.

Тәуелсіз сарапшы Ерлан Кәрімов соңғы он жылдағы ахуалды «Сергек» жүйесінің қайшылығы ретінде сипаттайды.

«2015 жылдан 2025 жылға дейін айыппұл көлемі 56,8 млрд теңгеден 315,6 млрд теңгеге дейін өсті, яғни 5,5 есе артты. Ал осы аралықта жол-көлік оқиғаларының саны 18 917-ден 36 146-ға дейін көбейді», дейді ол.

Такси қызметі: Салық кодексі жүргізушілерге қалай әсер етеді?

Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының мәліметі де ойландырмай қоймайды. Соңғы он жылда тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 17,6 млн-ға жеткен. Бұл – төрт есе өсім.

«Нәтижесінде елдегі әр адамға, тіпті сәбилерді қоса есептегенде, орта есеппен бір құқық бұзушылықтан келеді. Құқық бұзушылық жаппай құбылысқа айналған жерде айыппұл тәрбиелеу тетігі болудан қалады», деп атап өтті сарапшы.

Мәселенің түп-төркіні жазалаудың өзінде емес, алдын алудың әлсіздігінде жатыр. Ерлан Каримовтің пікірінше, Қазақстан жол қауіпсіздігін жақсартуды көздесе, тек айыппұлға сүйенген тәсілден бас тартып, Vision Zero – жолдағы өлімді нөлге жеткізу қағидатына бет бұруы керек. Камералар тәртіп бұзғанды анықтайды, бірақ апатты болдырмайды.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу: Дрондар иесіз жайылған малды анықтайды

Сондықтан сарапшы нақты шешім ұсынады. Оның айтуынша, айыппұлдан жиналатын 315 млрд теңгені елдегі негізгі трассаларда қарсы бағыттағы көлік ағындарын бетон немесе металл тосқауылдармен бөлуге бағыттау қажет.

«Мұндай қоршаулар маңдайдан соқтығысатын апаттарды жояды. Ал дәл осы апаттар жолдағы өлім-жітімнің негізгі себебі болып отыр», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар