Шахмат • Кеше

Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында 2026 жылғы Қазақстан Республикасының шахмат чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр

Спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық шахматшы классикалық шахмат, рапид және блиц түрлерінен сынға түсті. Оның 11-і Ұлытау облысының ойыншылары.

Дүбірлі дода 22 ақпанға дейін жалғасады. Чемпионаттың классикалық түрінде топ жарған ұлдар және қыздар арасындағы жеңімпаздар 2026 жылғы Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер арасындағы чемпионатының финалында өнер көрсетуге жолдама алады. Сонымен қатар, чемпиондар ел намысын FIDE World Junior U20 Championships 2026 турнирінде қорғайды. Әлем біріншілігі қыркүйек айында Перу астанасы Lima қаласында өтеді. Ал екінші орын иегерлері Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Биылғы біріншіліктің жалпы жүлде қоры – 2 миллион 400 мың теңге. Классикалық шахматта І орынға – 270 000 теңге, ІІ орынға – 210 000 теңге, ІІІ орынға – 120 000 теңге табысталады. Рапид және блиц сайыстарында жүлделі орындарға сәйкесінше 150 000, 100 000 және 50 000 теңге қарастырылған.

Чемпионат тоғыз турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған. 16–20 ақпан аралығында 60+30 уақыт бақылауымен классикалық партиялар өтеді (әр ойыншыға 60 минут және әр жүрістен кейін 30 секунд қосылады). 21 ақпанда – рапид (10+5),  22 ақпанда – блиц (3+2) ойындары ойнатылады.

Саясат Нұрбек: Әр бала мектеп кезінен шахматты жетік меңгеруі тиіс

Ұлытау облысының әкімі былтырғы Қазақстан Республикасы чемпионатында алтын медаль жеңіп алған ұлытаулық шахматшы Мақсат Байсалбековке естелік ретінде қаламсап табыс етіп, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Түркістандағы Келешек мектебінде арнайы шахмат сыныбы ашылды

Соңғы жаңалықтар