Мектеп • Бүгін, 17:43

Мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары талқыланды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында биыл жаңадан ашылған №47 орта мектебінде «Адалдық алаңы: заң және тәртіп» айлығы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру және тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру.

Мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары талқыланды

Фото: Мектеп

Айлық барысында түрлі мазмұндағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Мамандықтар марафоны», «Еңбегі адал жас өрен» атты республикалық жоба аясында мектебіміздің өнерлі ұстаздары мен  9-11 сынып оқушылары арасында конкурс өтті. Конкурс барысында қатысушылар өздері таңдаған мамандықтары бойынша шығармашылық жұмыстарын таныстырып, ұстаздарының жетекшілігімен түрлі бағытта шеберліктерін көрсетті. Оқушылар мамандықтың қыр-сырын зерттеп, оның қоғамдағы маңызын дәлелдейтін жобалар қорғады.

Павлодарда алғаш рет көздің қасаң қабығы трансплантацияланды

«Мирас» жобасы аясында «Тәртіпке бағынған-елге қызмет етеді» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, оқушыларға заң талаптары мен жасөспірімдердің жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Мектеп жарғысы - білім беру ұйымындағы тәртіптің негізі», «Заң және тәртіп», «Құқықтық мәдениет – заман талабы» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Оқушылар арасында жасөспірімдер ортасындағы нашақорлықпен күрес бойынша плакаттар және буклеттер байқаулары өткізіліп, «Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында челлендждер ұйымдастырылды. Белсенді қатысқан білім алушылар арнайы марапаттарға ие болды.

мектеп

Павлодар: энергетика қуаты артып келеді

Бұл іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Айлық аясында мектепішілік түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ішкі тәртіп ережелері тағы бір мәрте таныстырылды. Оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны туралы нақты мысалдар келтіріліп, сенім жәшігі мен сенім телефондары туралы ақпарат берілді.

Қорытындылай айтсақ, «Адалдық алаңы: заң және тәртіп» айлығы жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруға, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама болды. Заңға құрмет - бұл әр азаматтың міндеті. Адалдық пен тәртіп салтанат құрған білім ордасында ғана әділетті қоғам қалыптасады.

 

Гүлмира ӘБДІМБЕТОВА,

№47 орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

Павлодар қаласы

Соңғы жаңалықтар