Анықталған заңбұзушылықтар бойынша кемшіліктерді тез арада жою жөнінде жауапты мекемелерге 410 нұсқама берілді.
Сонымен қатар автомобиль жолдарын талапқа сай күтіп-ұстамаған 66 заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Қыс мезгілінде жолдарды тазалауға, көктайғақтың алдын алу шараларын іске асыру мен жол тазалайтын техниканың сақадай сай болуына ерекше назар аударылады. Қабылданып жатқан шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. Алдағы уақытта жол учаскелерін тексеру жұмыстары жалғаса береді», дейді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Өтеген.