Сурет ашық дереккөзден алынды
Аталған кітап – «Хәрри Поттер» сериясының 7-томы, яғни ең соңғы бөлігі. Демек, оқиғаның қалай аяқталары осы кітапта жазылды. Сол себепті оқырман бұл сәтті асыға күтті. Кітап шыға салысымен дүкенге жұрт жапа-тармағай жиналды. Ұзын-сонар кезектің шегі жоқтай көрінді. Осылайша, бір кітаптың сатылымы жай сауда емес, тұтас бір мәдени оқиғаға айналды.