Одан кейін жуан жұдырықты жігіттеріміз 3 ақпанда Пиреней түбегінің Ла-Нунсиясында шымылдығы түрілетін халықаралық турнирге қатысады.
Бұл жарыста Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров (50 кг), Махмұд Сабырхан, Бексұлтан Боранбек (55 кг), Серік Теміржанов, Дәулет Молдашев (60 кг), Санатәлі Төлтаев (65 кг), Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мұрсал (70 кг), Тимур Нұрсейітов, Аман Қонысбеков (75 кг), Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас (80 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг), Сағындық Тоғамбай, Оңталап Рахманов (90 кг), Айбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан (+90 кг) сынды саңлақтар күш сынасады.