Бокс • 16 Қаңтар, 2026

Бокстан бұрынғы бас бапкер Қайрат Сәтжановқа көлік пен пәтер кілті табысталды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың тамыз айынан бастап бокстан Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарған Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты лауазымын босатуды шешкен еді. Бүгін Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтар табыстады, деп жазады Egemen.kz.

Бокстан бұрынғы бас бапкер Қайрат Сәтжановқа көлік пен пәтер кілті табысталды

Фото: ҚБФ

Бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, федерацияның бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

Федерация бұған дейін ерлер құрамасы Қайрат Тұрсынханұлының жетекшілігімен көптеген халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетіп, әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болғанын атап өткен.

Айта кетейік Қазақстан боксшыларының қатысуымен өтетін 2026 жылғы жарыстар кестесі жарияланды. 

Бүгінде ел боксшылары Азия чемпионатына дайындықты бастап кетті.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35