• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 16:49

Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады

20 маусымнан бастап Алматыдағы Саин көшесінің бір бөлігінде қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ пилоттық режимде жұмыс істей бастайды. Жаңа жоба автобустар қозғалысын жеделдетіп, жол қозғалысын реттеу мен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, 20 маусымнан бастап Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ пилоттық режимде іске қосылады.

Жобаны жүзеге асыру аясында жол қызметкерлері сары түсті арнайы таңбалар сызып, қажетті жол белгілерін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық дайындық шараларын 19 маусымға дейін аяқтау жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, арнайы жолақ қоғамдық көліктің қозғалысын тұрақты әрі болжамды етуге, автобустардың кешігуін азайтуға және бағыттардың уақытылы жүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл бастама Алматыдағы ең қарқынды көлік дәліздерінің біріндегі қозғалысты реттеп, жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Пилоттық кезең жаңа қозғалыс сызбасының тиімділігін бағалауға және жүргізушілердің өзгерістерге біртіндеп бейімделуіне мүмкіндік береді. Осыған байланысты қала тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне жол белгілері мен таңбаларға мұқият назар аудару ұсынылды.

Айта кетейік, Алматыда әйел автобус ішінде жасөспірімді аяусыз соққыға жықты.

Соңғы жаңалықтар